Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңы 11- бабының 4)тармақшасына, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртiбiн бекiту туралы" N 281 қаулысына, Качиры ауданының мәслихаты мен әкiмдiгiнiң 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 5/26, N 5/27 бiрлескен шешiмдерiне, облыстық ономастика комиссиясының 2007 жылғы 12 наурыздағы қорытындысына, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 28 қазандағы "Павлодар облысы Качиры ауданының, Качиры селолық округiнiң және Қашыр ауылының атауларын өзгерту туралы" N 246/8 қаулысына сәйкес және Качиры ауданы тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI және облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
1. Азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi комиссиясы Качиры ауданын Тереңкөл ауданы етiп қайта атау туралы мәселесiн қазақстан Республикасы үкiметiне жолдасын.