Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облысының әкімдігі мен мәслихатының 2008 жылғы 14 қаңтардағы біріккен N 2, 53/3 қаулысы мен шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 24 қаңтарда N 3103 тіркелген.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6- бабы 1- тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11 бабының 3)тармақшасына, Баянауыл ауданы әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 1 қарашадағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 181/11-а қаулысына, Баянауыл ауданы мәслихатының (IV сайланған III сессиясы) 2007 жылғы 2 қарашадағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 18/3 шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2007 жылғы 7 желтоқсандағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 279/9 қаулысына сәйкес және Баянауыл селолық округi, Жаңажол селолық округi, Майқайын кентi тұрғындарының пiкiрлерiн ескере отырып, Павлодар облысының әкiмдiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI  және облыстық мәслихат  ШЕШIМ ЕТЕДI:

      1. Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Баянауыл селолық округiнiң құрамында Шонай ауылы, Жаңажол селолық округiнiң құрамында қарашоқы ауылы, Майқайын селолық округiнiң құрамында үшқұлын ауылы құрылсын.

      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      3. Осы шешiм ресми жарияланғаннан кейін он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Сессия төрағасы

      Облыс әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады