"Павлодар қаласы мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидаларын" бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы N 31/2 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 26 қарашада N 97 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 130/7 шешімімен.

      Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 130/7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылы 24 қаңтардағы N 66 қаулысымен бекітілген, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесінің" 9 тармағына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. қосымшаға сәйкес, "Павлодар қаласы мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидалары" (бұдан әрі - қағида) бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық маслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                   В.Лебедь

      Сессия төрағасы                              И. Веретнов

    Павлодар қалалық мәслихатының    
2007 жылғы 22 қазандағы        
Павлодар қаласы мемлекеттік тұрғын үй 
қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру
қағидаларын бекіту туралы     
N 31/2 шешімімен бекiтiлдi     

Павлодар қаласы мемлекеттiк тұрғын үй қорының
тұрғын үй-жайларын жекешелендiру
ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 сәуiрдегi "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 24 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк тұрғын үй қорын жекешелендiру туралы Ережесiн бекiту туралы" N 66 қаулысына сәйкес әзiрлендi және Павлодар қаласы аумағында орналасқан мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендiру тәртiбiн анықтайды.
      2. Павлодар қаласы мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын меншiкке алуға осы тұрғын үй-жайларда тұрақты тұратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы«"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 85, 87-баптарымен қаралған жағдайларда уақытша болмаған азаматтардың құқығы бар.
      3.Мемлекеттік тұрғын үй қорының, сондай-ақ Павлодар қаласы қаржы бөлімінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) балансында бекітілген пәтерлер және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар құнының бағалануы оның тозу есебімен баланстық құнын ескере отырып жүргізіледі.
      Көрсетілген тұрғын үйлер құнының бағалануы қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте тұлғалармен жүзеге асырылады.<*>
      Ескерту: 3 тармақ өзгертілген - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 120/5 шешімімен.
      4, 5 тармақ.<*>
      Ескерту: 4, 5 тармақ жойылған - Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі N 120/5 шешімімен.
      6. Мемлекеттiк тұрғын үй-қорының пәтерлерін және жатақханалардағы бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайларды жекешелендiру тұрғын үйдi беру туралы шешiммен (мұрағаттық көшiрме) расталған ордер, немесе жалға алу келiсiм шарттың негiзiнде жүзеге асырылады.
      7. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының пәтерлерін және жатақханалардағы бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайларды жекешелендiру үшiн азаматтар уәкiлеттi органға осы қағидалардың қосымшасына сәйкес қажеттi құжаттардың қосымшасымен өтiнiш бередi.
      8. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының пәтерлерін және жатақханалардағы бөлмелiк үлгiдегi тұрғын үй-жайларды жекешелендiру туралы шешiмдi уәкiлеттi орган қабылдайды.
      9. Тұрғын үй-жайларды жекешелендiру уәкiлеттi орган шешiмiнiң негiзiнде уәкiлеттi орган және сатып алушы арасындағы жасалған сатып алу-сату келiсiм шартымен рәсiмделедi.
      10. Жақтар арасындағы сатып алу-сату келiсiм шарты жақтар арасындағы келiсiммен белгiленбеген жағдайда, сатып алушы тұрғын үйдiң толық құнын төлегеннен кейiн жасалады.
      11. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының өздерi тұратын тұрғын үй-жайларын меншiкке өтеусіз алуға құқығы бар азаматтар санатының тiзiмi қалалық мәслихаттың шешiмiмен белгiленедi.
      12. Жалдаушы немесе оның отбасы мүшелерiнiң жекешелендiру құқығынан бас тартуы нотариалды түрде расталған өтiнiшпен рәсiмделедi.
      13. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, егер олар мемлекеттiк қызметте немесе бюджеттiк ұйымдарда кемiнде он жыл жұмыс iстесе, сондай-ақ жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, егер Қазақстан Республикасының«"Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңымен қаралған негiздер бойынша еңбек қатынастары тоқтатылса өздерi тұратын тұрғын үй-жайларды жекешелендiре алады.
      14. Қызмет атқарған кезеңде қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берiлген әскери қызметшiлер он жыл әскери қызмет өтiлiнен кейiн, ал еңбек сiңiрген жылдары, науқастануы немесе штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босаған кезде қызмет мерзiмiне қарамастан оны жекешелендiруге құқылы.
      15. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалға алушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, соның iшiнде уақытша тұрмайтындарының бiрлескен ортақ меншiгiне көшедi.

Павлодар қалалық мәслихатының 
2007 жылғы 22 қазандағы    
N 31/2 шешімімен бекітілген, 
Павлодар қаласы мемлекеттік тұрғын
үй қорының тұрғын үй-жайларын 
жекешелендіру Қағидаларына  
қосымша            

өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттар
(ордердiң негiзiнде)
ТІЗІМІ:

1

Жеке куәлiктер, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәлiктерiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмелерi (отбасының әрбiр мүшелерiне);

2

Пәтерге құқығы тiркелмегендігі туралы және отбасының әрбiр мүшелерiнде тұрғын үйдiң болмауы туралы Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығы РМК-нан анықтама (10 күн iшiнде рас);

3

Отбасының әрбiр мүшелерiне, соның iшiнде уақытша болмағандарға оның болмауы туралы мекенжай бюросынан анықтама (1 ай iшiнде рас);

4

Мекенжай бойынша тұру туралы және бiрге тұратын отбасы мүшесiне отбасының құрамы туралы ПИКТ-нан анықтама (1 ай iшiнде рас);

5

Неке қию тiркеуiнiң болмауы және балаларының болмауы туралы нотариалды түрде расталған жазбаша өтiнiш (1 ай iшiнде рас);

6

Неке қию туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

7

Некенi бұзу туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

8

өлгенi туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

9

Жалға алу келiсiм шартына немесе ордерге қосылған кәмелет жасына толған барлық отбасы мүшелерiнiң жекешелендiруге келiсу немесе жекешелендiруге қатысудан бас тарту туралы нотариалды түрде расталған жазбаша өтiнiші;

10

Жалға алушының және оның отбасы мүшелерiнiң заңды қоныстануын растайтын тұрғын үй-жайға ордердiң  түпнұсқасы;

11

Еңбек кiтапшасының көшiрмесi (кадр бөлiмiмен, немесе нотариуспен расталған);

12

Тұрғын үйдi беру туралы мұрағаттық көшiрме;

13

Пәтер паспортының көшiрмесi;

14

Барлық коммуналдық төлемдер бойынша жекешелендiретiн пәтерге соңғы айға коммуналдық қызметтерді төлегені бойынша квитанциялар;

15

СТН көшiрмесi;

16

Өтеусіз жекешелендiруге құқығы бар санатының бар болғанында - санатты растайтын куәлiктiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

17

Бағалау актiсi

өтiнiшке қоса берiлетiн құжаттар
(жалға алу келiсiм шартының негiзiнде)
ТІЗІМІ:

1

Жеке куәлiктер, кәмелет жасына толмаған балалардың туу туралы куәлiктерiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмелерi (отбасының әрбiр мүшелерiне);

2

Пәтерге құқығы тiркелмегендігі туралы және отбасының әрбiр мүшелерiде тұрғын үйдiң болмауы туралы Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлiк орталығы РМК-нан анықтама (10 күш iшiнде рас);

3

Отбасының әрбiр мүшелерiне, соның iшiнде уақытша болмағандарға оның болмауы туралы мекенжай бюросынан анықтама (1 ай iшiнде рас);

4

Мекенжай бойынша тұру туралы және бiрге тұратын отбасы мүшесiне отбасының құрамы туралы ПИКТ-нан анықтама (1 ай iшiнде рас);

5

Неке қию тiркеуiнiң болмауы және кәмелет жасына толмаған балалардың болмауы туралы нотариалды түрде расталған жазбаша өтiнiш (1 ай iшiнде рас);

6

Неке қию туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

7

Некенi бұзу туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

8

өлгендiк туралы куәлiгiнiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

9

Жалға алу келiсiм шартына немесе ордерге қосылған кәмелет жасына толған барлық отбасы мүшелерiнiң жекешелендiруге келiсу немесе жекешелендiруде қатысудан бас тарту туралы нотариалды түрде расталған жазбаша өтiнiші;

10

Жалға алушының және оның отбасы мүшелерiнiң заңды қоныстануын растайтын мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй-жайды жалға алу келiсiм шартының түпнұсқасы;

11

Еңбек кiтапшасының көшiрмесi (кадр бөлiмi немесе нотариалды түрде расталған);

12

Пәтер паспортының көшiрмесi;

13

Барлық коммуналдық төлемдер бойынша жекешелендiретiн пәтерге соңғы айға коммуналдық қызметтерді төлегені бойынша квитанциялар;

14

СТН көшiрмесi;

15

Өтеусіз жекешелендiруге құқығы бар санатының бар болғанында-санатты растайтын куәлiктiң нотариалды түрде расталған көшiрмесi;

16

Бағалау актiсi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады