Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы "Павлодар қаласы мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидаларын" бекіту туралы" № 31/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 4 сәуірдегі № 120/5 шешімі. Павлодар облысы Павлодар қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 сәуірде № 108 тіркелген. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 130/7 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Павлодар қалалық мәслихатының 2008 жылғы 19 маусымдағы N 130/7 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 24 қаңтардағы N 66 қаулысымен бекітілген, "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тұрғын үй қорын жекешелендіру туралы Ережесінің" 9 тармағына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар қалалық мәслихатының 2007 жылғы 22 қазандағы "Павлодар қаласы мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидаларын" бекіту туралы N 31/2 шешіміне (4 сайланған 2 сессия), (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 12-1-97 болып тіркелген, 2007 жылғы 8 желтоқсандағы N 142 "Сарыарқа самалы", 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 49 "Версия" газеттерінде жарияланған) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      Көрсетілген шешіммен бекітілген, Павлодар қаласы мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үй-жайларын жекешелендіру қағидаларындағы:

      3 тармақ төмендегідей редакцияда жазылсын:
      "Мемлекеттік тұрғын үй қорының, сондай-ақ Павлодар қаласы қаржы бөлімінің (бұдан әрі - уәкілетті орган) балансында бекітілген пәтерлер және жатақханалардағы бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар құнының бағалануы оның тозу есебімен баланстық құнын ескере отырып жүргізіледі.
      Көрсетілген тұрғын үйлер құнының бағалануы қолданыстағы заңнамамен бекітілген тәртіпте тұлғалармен жүзеге асырылады";
      4, 5 тармақтар жойылсын".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткеннен бастап қолданысқа енгізіледі

      Сессия төрағасы                            С. Тупицын

      қалалық мәслихаттың хатшысы                В. Лебедь

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады