Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 60 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 25 желтоқсанда N 763 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 160 шешімімен

      Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008.12.22 N 160 шешімімен .

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІ сессиясының 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 75 шешімімен .
 
      Қазақстан Республикасы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі)»462 бабына және Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 19 бабына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін.
      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда жазылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІ сессиясының 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 75 шешімімен .
 
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ізмұхамбетов Т.Ә.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
 
      3. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      IV сайланған Алматы
      қаласы мәслихатының
      VI сессиясының төрағасы

      IV сайланған Алматы
      қаласы мәслихатының
      хатшысы

ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты VI сессиясының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 60 шешіміне қосымша

Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін
2008 жылға арналған төлемақы ставкалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда жазылды - ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІ сессиясының 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 75 шешімімен .

N

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары

1

Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары (1)*

теңге/
шартты тонна

642

2

Жылжымалы көздердерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары:



Этилденбеген бензин үшін

теңге/тонна

890

дизель отыны үшін

теңге/тонна

1411

сұйылтылған газ үшін

теңге/тонна

800

сығындалған газ үшін

теңге/тонна

540

3

Ластаушы заттардың төгінділері:



- су көздеріне
  (2)*

теңге/
шартты тонна

15654

- жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне

теңге/
шартты тонна

11844

4

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар
(3)*

теңге/тонна

770

5

Өнеркәсіптік қалдықтар



- өндіріс және тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру:

"қызыл" тізім

8332

"янтарь" тізім

4166

"жасыл"тізім

1041,5

біліктіліктел-мегендер

521

Бұдан басқа:



аршынды жыныстар (4)*

теңге/тонна

10,7

байыту шлактары, шламдары, қалдықтары (4)*

109,5

күл мен күлшлактар (4)*

1536

Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  қалдықтары

512

6

Радиоактивті қалдықтар:



трансуранды қалдықтар

теңге/Гига-
Беккерель

2054

альфа-радиактивті қалдықтар

теңге/Гига-
Беккерель

1027

бета-радиоактивті қалдықтар

теңге/Гига-
Беккерель

103

шынақты радиоактивті  көздер

теңге/Гига-
Беккерель

1027

      Ескертпе*:
 
      1) ISO 14001:2400 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар  үшін төлем ставкаларына мына коэффициентер енгізіледі:
      1- 0,75 коэффициенті;
      4 - 0,75 коэффициенті;
 
      2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субьектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға  эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициентер енгізіледі:
      1 - 0,3 коэффициенті;
      2 - 0,43 коэффициенті;
      4 - 0,25 коэффициенті;
 
      3) коммуналдық  қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың  көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына  мына коэффициенттер енгізіледі:
      3- 0,2 коэффициенті;
 
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде  ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда  ескертпенің 2) тармақшасының коэффицие

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады