IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 60 "Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІІ сессиясының 2008 жылғы 14 қаңтардағы N 75 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 14 ақпанда N 768 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 180 шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 180 шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақының базалық және шекті ставкаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 28 желтоқсандағы N 1314 қаулысына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
 
      1. IV сайланған Алматы қаласы мәслихаты VІ сессиясының "Алматы қаласы бойынша 2008 жылға арналған қоршаған ортаны  ластағаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 60 шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің  мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 763 рет санымен 2007 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген, 2007 жылғы 29 желтоқсанда "Алматы ақшамы" газетінде N 156, 2007 жылғы 27 желтоқсанда "Вечерний Алматы" газетінде N 307 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы және 1 тармағы төмендегідей редакцияда берілсін:
      "Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкаларын бекіту туралы.
      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін 2008 жылға арналған төлемақы ставкалары бекітілсін";
      шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда берілсін.
      
      2. Осы шешімнің  орындалуын бақылау экология, денсаулық және төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ізмұхамбетов Т.Ә.) және Алматы қаласы бойынша салық комитетінің төрағасы Қ.Е.Баеділовке жүктелсін.
      
      3. Осы шешім  алғашқы  ресми жарияланған күннен кейінгі он  күнтізбелік  күннен кейін  күшіне  енеді.
 
      IV сайланған Алматы
      қаласы мәслихаты VІІ
      сессиясының төрағасы                       А. Маралов
 
 
      IV сайланған Алматы
      қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    Т.Мұқашев

ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты VIІ сессиясының
2008 жылғы 14 қаңтардағы
N 75 шешіміне қосымша

"ІV сайланған Алматы қаласы
мәслихаты VI сессиясының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
N 60 шешіміне қосымша

       Алматы қаласы бойынша қоршаған ортаға эмиссия үшін
2008 жылға арналған төлемақы ставкалары

N

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Төлемақы ставкалары

1

Тұрақты көздерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары (1)*

теңге/
шартты тонна

642

2

Жылжымалы көздердерден атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары:



Этилденбеген бензин үшін

теңге/тонна

890

дизель отыны үшін

теңге/тонна

1411

сұйылтылған газ үшін

теңге/тонна

800

сығындалған газ үшін

теңге/тонна

540

3

Ластаушы заттардың төгінділері:



- су көздеріне
  (2)*

теңге/
шартты тонна

15654

- жинақтауыштарға, сүзу алаңдарына, жер бедеріне

теңге/
шартты тонна

11844

4

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар
(3)*

теңге/тонна

770

5

Өнеркәсіптік қалдықтар



- өндіріс және тұтынудың қауіпті қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, рұқсат етілген үйінділерде және арнаулы орындарда орналастыру:

"қызыл" тізім

8332

"янтарь" тізім

4166

"жасыл"тізім

1041,5

біліктіліктел-мегендер

521

Бұдан басқа:



аршынды жыныстар (4)*

теңге/тонна

10,7

байыту шлактары, шламдары, қалдықтары (4)*

109,5

күл мен күлшлактар (4)*

1536

Ауыл  шаруашылығы  өндірісінің  қалдықтары

512

6

Радиоактивті қалдықтар:



трансуранды қалдықтар

теңге/Гига-
Беккерель

2054

альфа-радиактивті қалдықтар

теңге/Гига-
Беккерель

1027

бета-радиоактивті қалдықтар

теңге/Гига-
Беккерель

103

шынақты радиоактивті  көздер

теңге/Гига-
Беккерель

1027

   

      Ескертпе*:
      
      1) ISO 14001:2400 халықаралық стандарттарына сәйкес сертификатталған кәсіпорындары үшін қоршаған ортаға эмиссиялар  үшін төлем ставкаларына мына коэффициентер енгізіледі:
      1- 0,75 коэффициенті;
      4 - 0,75 коэффициенті;
      
      2) халыққа коммуналдық қызмет көрсететін табиғи монополиялар субьектілері болып табылатын кәсіпорындар үшін қоршаған ортаға  эмиссиялар үшін төлем ставкаларына мына коэффициентер енгізіледі:
      1 - 0,3 коэффициенті;
      2 - 0,43 коэффициенті;
      4 - 0,25 коэффициенті;
      
      3) коммуналдық  қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін халықтан құрылған тұрмыстық қатты қалдықтардың  көлемі үшін қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем ставкаларына  мына коэффициенттер енгізіледі:
      3- 0,2 коэффициенті;
      
      4) кәсіпорындар төлемінің ставкалары бір мезгілде  ескертпенің 1) және 2) тармақшаларына жатқызылған жағдайда  ескертпенің 2) тармақшасының коэффициенттерін қолданған жөн.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады