"Қоршаған ортаны ластағаны үшін 2007 жылға арналған төлем мөлшерлері туралы" облыстық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 27/6 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы тамызда N 32/2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті 2007 жылғы 2 қыркүйекте N 1652 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010 жылғы 18 маусымда N 26/15 Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2010.06.18 N 26/15 Шешімімен

      "Салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер туралы"»Қазақстан Республикасының Кодексінің 462-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңның 6-бабы 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТI:
      1. 2007 жылғы 19 қаңтарда Әділет департаментінде N 1638 нөмірімен тіркелген және 2007 жылғы 15 ақпанда "Солтүстік Қазақстан" газеті мен 2007 жылғы 19 ақпанда "Северный Казахстан" газетінде жарияланған "2007 жылға арналған қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем мөлшерлерi туралы" облыстық мәслихат сессиясының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы N 27/6 шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
      1 қосымшадағы 5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      табиғи ортада улы емес қалдықтарды үйгені үшін:
      ашылған таужыныстарды 1 тоннаға 6,4 теңге;
      5 тармақ келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      байыту қалдықтарын 1 текше метр үшін 11,0 теңге
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      O блыстық мәслихаттың                         Облыстық
      ХХХІІ  сессиясының төрағасы                мәлихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады