"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1972 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 13-1-96 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік ресімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы"  N 558 , 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің қоса берілген "Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімі

Петропавл қаласы әкімдігінің    
2007 жылғы 11 желтоқсандағы   
N 1972 қаулысымен бекітілген    

  Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу"

  1. Негізгі ұғымдар

      1.Жергілікті уәкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны-ішінара автоматтандырылған
      3. Мемлекеттік қызмет Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек көрсету Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 2 мамырдағы "Әлеуметтік көмек тағайындауды облыстың туберкулезге қарсы мекемелерімен айсайынғы берілетін тізімге сәйкес аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жүзеге асырады" N 89 қаулысымен бекітілген Ереженің 4 тармағы (мемлекеттік тіркеу 2006 жылғы 18 мамыр, N 1623) негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны-хабарлама
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі: Туберкулезге қарсы мекемеде диспансерлік есепте тұрған белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтар.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері-күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты орналасқан орын:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй.
      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін , түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары-мүмкіндіктері шектеулі адамдарға күту залы-пандус, отыруға орындықтар.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) туберкулезге қарсы мекемеден белсенді топта диспансерлік есепте тұрғаны туралы анықтама.
      Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі (қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі) баланың жеке басын куәландыратын құжаттармен және қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі дәрежесін растайтын құжаттармен ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі жүгінеді.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса)  сағат 9.00. -ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.
       Ескерту. 12 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08  N 1520 қаулысымен
      13. барлық қажетті өтініштер бланкісі қабылдау бөлімінің маманында бар.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, 11, 12 кабинет.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
      16. Қызмет көрсетудің тәсілі - жеке баруы. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін   ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі (қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі) баланың жеке басын куәландыратын құжаттармен және қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі дәрежесін растайтын құжаттармен ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі жүгінеді.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11, N 12 кабинеттер.
       Ескерту. 16 тармақшаға өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08  N 1520 қаулысымен
      17. Жалған мәліметтер және анық емес мәліметтер беру мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін  негіз болып табылады.

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
      қызметті көрсету тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
      мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі;
      белгіленген үлгідегі өтініштерді және оған қоса берілетін бланкілерді тегін алу;
      шешім қабылдағаны туралы хабарлама алу, қабыл алынбаған жағдайда хабарламада қабылдамаудың себептері көрсетіледі.

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшада көрсетілген сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      22. Шағым беріледі:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz;
      Жоғарыда тұрған ұйымға;
      сот.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды қарастыратын құжат: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алатын орын - "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

  6. Байланыс ақпараты

      24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат- белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады