Петропавл қаласы әкімдігінің "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы" 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1972 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 8 қыркүйектегі N 1520 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әділет басқармасында 2008 жылғы 9 қазандағы N 13-1-142 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 31 тамыздағы N 1825 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2012.08.2012 N 1825 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының»"Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы N 213-І Заңының  28-бабына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Петропавл қаласы әкімдігінің»"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің  "Белсенді туберкулезбен ауыратын азаматтарды қосымша тамақпен қамтамасыз ету үшін әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу"» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы"»2007 жылғы 11  желтоқсандағы N 1972  қаулысына (2008 жылғы 11 қаңтардағы мемлекеттік тізілімде тіркелген N 13-1-96,»"Проспект СК"»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5-6 сандарында,»"Қызылжар нұры»газетінің 2008 жылғы 1 ақпандағы N 5 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      12 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) тұрғылықты жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      4) туберкулезге қарсы мекемеден белсенді топта диспансерлік есепте тұрғаны туралы анықтама.
      Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі (қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі) баланың жеке басын куәландыратын құжаттармен және қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі дәрежесін растайтын құжаттармен ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі жүгінеді.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"»мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00. - ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.-ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,   Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.";
      16 тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
      "16. Қызмет көрсетудің тәсілі - жеке баруы. Балаларға әлеуметтік көмек тағайындау үшін ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі (қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі) баланың жеке басын куәландыратын құжаттармен және қамқоршысы, қорғаншысы, патронаттық тәрбиешісі дәрежесін растайтын құжаттармен ата-аналарының бірі немесе заңды өкілі жүгінеді.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжай бойынша беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 11, N 12 кабинеттер."

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімінің м.а.                Т. Құлжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады