"Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызметін көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық әкімдігінің 2007 жылғы 11 желтоқсандағы N 1980 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 13-1-100 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 17 шілдеде N 824 Қаулысымен

      Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2009.07.17 N 824 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" N 107 Заңының 1, 9-1, 15-1 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" N 558, 2007 жылғы 30 маусымдағы "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін бекіту туралы" N 561 қаулыларына сәйкес, қала әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесінің "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет көрсетуінің қоса берілген стандарты бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің бірінші орынбасары Ә.З. Сәрсембаевқа жүктелсін.

      3.  Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қала әкімі

Петропавл қаласы әкімдігінің   
2007 жылғы 11 желтоқсандағы     
N 1980 қаулысымен         
бекітілген            

  Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты
"Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық
емделуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу"

1. Негізгі ұғымдар

      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық  емделуге әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны - ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысының 2 тармағының (мемлекеттік тіркеу N 1578, 2005 жылғы 6 мамырдағы "Добрый вечер" газеті) Қала әкімдігінің 2005 жылғы 26 қазандағы Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық- курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 1342 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (мемлекеттік тіркеу N 13-1-28, 2006 жылғы 10 ақпандағы "Проспект СК" газетінің N 6), қала әкімдігінің 2007 жылғы 22 ақпандағы "Петропавл қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 23 наурыздағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" N 226 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (мемлекеттік тіркеу N 13-1-64, 2007 жылғы 30 наурыздағы "Проспект СК" газетінің N 13, 2007 жылғы 6 сәуірдегі "Қызылжар нұры" газетінің N 14), Петропавл қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 14 маусымдағы "Азаматтардың жекелеген санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек беру ережесін бекіту туралы" N 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" N 751 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен (мемлекеттік тіркеу N 13-1-78, 2007 жылғы 20 шілде, 2007 жылғы 3 тамыздағы "Проспект СК" газетінің N 31, 2007 жылғы 6 сәуірдегі "Қызылжар нұры" газетінің N 32) негізінде көрсетіледі.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар" мемлекеттік мекемесі алушылардың жеке есеп-шоттарына қаржыны аударумен әлеуметтік көмек тағайындауды қамтамасыз етсін"
      4. Мемлекеттік қызметті "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұсынады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны-хабарлама
      6. Мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына;
      Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне;
      соғысқа қатысушылардың жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері-күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты орналасқан орын:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда, 35 үй.
      10. Жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.00-ге дейін.
      11. Қызмет көрсетілетін орынның шарттары: мүмкіндіктері шектеулі адамдарға күту залы-пандус, отыруға орындықтар.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) өтініш;
      2) жеке куәлігінің көшірмесі;
      3) медициналық мекеменің санаторлық-курорттық емделу қажеттілігі туралы қорытындысы;
      4) атаулы санатқа жататынын айғақтайтын құжаттар көшірмесі;
      5) Зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық филиалынан арнайы мемлекеттік жәрдемақы алу дәрежесін растау туралы анықтама.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс және қабылдау кестесі: дүйсенбіден жұма аралығында (жұманы қоса) сағат 9.00.-ден 18.00.-ге дейін, үзіліс сағат 13.00.-ден 14.00.- ке дейін, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35, N 10, N 11, N 12 кабинеттер, телефондар: 34-45-70, 31-11-27.
       Ескерту. Өзгерту енгізілді - Петропавл қаласы әкімдігінің 2008.09.08  N 1516 қаулысымен
      13. барлық қажетті өтініштер бланкісі қабылдау бөлімінің маманында бар.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинет.
      15. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушыға қабылданған күні және орындалу мерзімі көрсетілген талон беріледі.
      16. Қызмет көрсету тәсілі- өзінің келуі.
      Қызмет көрсетудің соңғы нәтижесі мына мекенжайда беріледі: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 11, N 12 кабинеттер.
      17. Жалған мәліметтер және анық емес мәліметтер беру мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтату үшін  негіз болып табылады.

  3. Жұмыс қағидаттары

      18. Мемлекеттік органның қызмет көрсетуді тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
      жұмыссыз ретінде тіркелу және есепке алу тәртібі туралы толық және нақты ақпарат алу;
      мамандардың сыпайылығы, жауапкершілігі және кәсібилігі;
      белгіленген үлгідегі өтініштерді және оған қоса берілетін бланкілерді тегін алу;
      шешім қабылдағаны туралы хабарлама алу, қабыл алынбаған жағдайда хабарламада қабылдамаудың себептері көрсетіледі.

  4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшада көрсетілген сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

  5. Шағымдану тәртібі

      21. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін алуға болады: "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      22. Шағым беріледі:
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығына немесе орынбасарына, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24, N 28 кабинеттер, телефондары: 34-47-18, 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz;
      Жоғарыда тұрған ұйымға;
      сот.
      23. Шағымның қабылданғанын растайтын және берілген шағымға жауап алатын мерзім мен орынды қарастыратын құжат: өтініштерін қабылдау туралы талон, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналы. Шағымға жауап алатын орын- "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.

  6. Байланыс ақпараты

      24. "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 24 кабинет, телефоны: 34-47-18, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      "Петропавл қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары, мекенжайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Казахстанская правда көшесі, 35 үй, N 28 кабинет, телефоны: 34-08-01, электрондық почтаның адресі:gu pavl@mail.online.kz.
      25. Тұтынушы үшін қосымша қызметтер туралы ақпарат- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, соғысқа қатысушыларына жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалардың басқа да санаттарына санаторлық-курорттық емделуге әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады