"Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының N 6 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2007 жылғы 15 желтоқсандағы N 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 24 қаңтарда N 13-1-111 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 2016 жылғы 18 қаңтардағы N 6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы мәслихатының 18.01.2016 N 6 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94-1 Заңының 97 бабына 2 тармағына сәйкес, Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Петропавл қалалық мәслихатының 2004 жылғы 14 шілдедегі кезектен тыс жетінші сессиясының "Аз қамтамасыз етілген азаматтарға пәтер үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелері туралы" N 6 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Аталған шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінде:
      тақырыбы төмендегідей мазмұндалсын:
      "Отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге төлеуге тұрғын үй көмегін ұсыну ережелерінің"
      5 тармақтағы:
      "барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар көшірмесін ұсынады" сөздері алынып тасталсын;
      6 тармағы төмендегідей мазмұндалсын:
      "6. Өтінішке қоса мынадай құжаттар қоса берілсін:
      1) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (жылына 1 рет);
      2) алдағы жүгіну тоқсаны үшін өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің табысы туралы мәлімет;
      3) соңғы жүгіну тоқсаны үшін жұмсалған шығындар және коммуналдық шығындар үшін нақты төлем туралы мәліметтер.
      Қабылдауда өзімен бірге мына құжаттар болуы керек:
      1) өтініш берушінің және оның барлық отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттар (оның ішінде балалардың тууы туралы куәліктер);
      2) пәтердің техникалық паспорты, келісімшарт (жекешелендіру, сату-сатып алу, ауысу, сыйлау) және мұрагерлік құқығы туралы куәлік, тіркеу куәлігі, пәтер ордері;
      3) зейнеткерлер мен мүгедектерге зейнеткерлік куәлігі және жинақ кітапшасы;
      4) азаматтарды тіркеу кітабы;
      5) салық төлеушінің тіркеу нөмірі (жылына 1 рет);
      6) некесі бұзылған тұлғалар неке бұзылғаны туралы куәлік (жылына 1 рет);
      Тұрғын үй көмегін тағайындауға қажетті құжаттардың көшірмесі мен түпнұсқасы салыстыру үшін бірге ұсынылады да, содан кейін өтініш берушіге түп нұсқасы қайтарылып беріледі.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өтініш беруші мен отбасы мүшелері өтініште көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауап береді.
      13 тармақ төмендегідей мазмұндалсын:
      "13. Бөлім тиісті органдардан меншігінде тұрғын болуын растайтын мәліметтер сұратады (екі жылда 1 рет).
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарыққа шыққан күннен бастап он күнтізбе өткен соң күшіне енеді.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
      Қалалық мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады