«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 2-тармағына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2008 жылға қосымша тізімі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына жүктелсін.
3. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған сәттен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Биболаев
Аудан әкімдігінің 2007 жылғы
11 желтоқсандағы № 326 қаулысына
қосымша
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғауға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдау үшін мақсатты топқа жататын тұлғалардың 2008 жылға қосымша тізімі
1. 24 жасқа дейінгі жастар.
2. 50 жастан жоғары тұлғалар.
3. Дәрігерлік кеңес беру комиссиясының анықтамасы бойынша шектеу еңбегі бар.
4. Ұзақ мерзімді жұмыс істемейтін тұлғалар.