Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2009.11.02 N 264 Қаулысымен
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2000 жылғы 27 қарашадағы 9-1-бабының, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 қаулысының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру" бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің қоса беріліп отырған үлгі стандарты бекітілсін.
2. "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің" бастығына осы қаулыны бөлімнің қызметкерлері оқып білсін және міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтікмәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
Аудан әкімі Н. Биболаев
Жамбыл ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 354 қаулысымен бекітілді
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі СТАНДАРТЫ 1. Жалпы ереже
1. Бұл үлгі стандарты жұмыссыз азаматтарға анықтама беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайды (ілгеріде – мемлекеттік қызмет).
2. Мемлекеттік қызметтің нысаны: жарым жартылай автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 8) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі көрсетеді, орналасқан жері Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат).
5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нышаны тұтынушы алатын анықтама болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар алуға құқылы.
7. Мемлекеттік қызмет келесі мерзімдерде көрсетіледі.
1) мемлекеттік қызметті тұтынушының қажетті құжаттарды тапсырған сәтінен: - 5 күн;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут;
3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге берілген уақыттың жоғары деңгейі: - 30 минут
8. Осы мемлекеттік қызмет ақысыз жүргізіледі.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпараттар, сонымен қатар оларды толтыру үлгілері «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің стендінде, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 үйде орналасқан (бірінші қабат).
10. Мемлекеттік қызметті аптасына бес рет дүйсенбіден-жұмаға дейін ұсынады, жергілікті уақытпен сағат 9 00-дан 1800-ге дейін, 1300-ден 1400-ге дейін түскі үзіліс. Қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады, алдын ала жазылмайды және жылдам қызмет көрсетілмейді.
11. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің ғимаратында күту залы, құжаттарды толтыратын орындар, қажетті құжаттардың тізбесі мен олардың толтырылған үлгілері бар стенд ұйымдастырылған, мүмкіндігі шектелген азаматтарға пандус, отыратын орындықтар бар.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беруші
1) жеке куәлігін (төлқұжат);
2) еңбек қызметін растайтын құжатын
3) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасында бір жерде тұратын белгі қағазын және ішкі істер органында теркелгені туралы белгісімен азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігін;
4) оралмандар халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органдарымен берілген оралман куәлігін ұсынады.
Құжаттарды растайтын қосымшаларымен салыстыру үшін құжаттардың түпнұсқасы және көшірмелері ұсынылады, кейіннен өтініш иесіне құжаттардың түпнұсқалары қайтарылады.
13. Бланкілер (өтініштер және т. б.) «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінде беріледі. Мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі 6 (бірінші қабат), № 7 кабинет.
14.Қажетті құжаттардың толық қоржыны «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне тапсырылады, мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат), № 7 кабинет.
15. Қажетті құжаттарды тапсырған өтініш иесіне қабылданған күні мен орындау мерзімі көрсетілген талон беріледі.
16. Хабар пошта арқылы жіберіледі немесе мына мекен-жайға: Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі Дружба көшесі № 6, № 7 кабинеттерде тұтынушының жеке өзінің қабылдауда болғанында ғана беріледі.
17. Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату немесе бас тарту үшін негіздер:
1) өтініш берушінің ұсынған мәліметтерінің дұрыс болмаған жағдайында;
2) ұсынған құжаттарының сәйкессіздігі;
3) толымсыз құжаттар тізбесін ұсынғанда.
Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыссыз ретінде тіркелмесе.
3. Жұмыс принціпі
18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің қызметі адамның конституциялық құқығын, мемлекеттік міндетін орындау заңдылығын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін сақтағанда және сыпайылық, жан- жақты толық ақпаратты ұсыну, оның сақталуын қамтамасыз ету, қорғау және құпиялылық принциптерінде жүзеге асады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижелері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген сапалылық пен қол жеткізушілік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің мемлекеттік қызметті ұсыныу сапасы бойынша орын алған дағуа әрекеттеріне шағымдану «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығына, «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасарына, «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығының атына ұсынылады.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісімен шешіледі.
22. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электронды пошта немесе қабылдау бөлмесі арқылы жұмыс күндері шабарман арқылы қабылданады.
23. Қабылданған шағым ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі. Шағым иесіне шағымын қабылдағандықтары туралы жыртпалы талон беріледі, онда қабылданған күні мен уақыты көрсетілген.
Қаралған шағымдарының нәтижелерін шағымданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпарат
24. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығы мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 1 кабинет, телефон 2-13-38 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.online.kz.
25. «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» Мемлекеттік мекемесінің бастығының орынбасары, мекен-жайы Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Пресновка селосы Дружба көшесі № 6 (бірінші қабат) № 4 кабинет, телефон 2-26-09 электрондық поштаның мекен-жайы: ro_gambl@mail.online.kz.
26. «Солтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Департаменті» Мемлекеттік мекемесінің бастығы, мекен-жайы: Солтүстік қазақстан облысы Петропавл қаласы Абай көшесі 64, телефон 46-56-48, № 213 кабинет, электрондық поштаның мекен-жайы: obl_dep@mail.online.kz
«Жұмыссыз азаматтарға анықтама беру»
бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі
стандартына қосымша
Таблица. Сапа мен қол жеткізушілік көрсеткіштерінің мағынасы
Сапа мен қол жеткізушілік |
Көрсеткіш- тердің нормативтік мағынасы |
Келесі жыл- дағы көрсет- кіштердің |
Есеп беру жылындағы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Дер кезділік |
|||
1.1. құжатты |
100 |
100 |
100 |
1.2. кезекте 40 минуттан астам қызмет көрсетуді пайдалануды күткен тұтынушылар % (үлесі) |
95 |
95 |
95 |
2. Сапа |
|||
2.1. қызмет |
90 |
90 |
90 |
2.2. лауазымды |
100 |
100 |
100 |
3. Қол жеткізушілік |
|||
3.1. қызмет көрсету- лер тәртібі туралы |
90 |
90 |
90 |
3.2. тұтынушылармен |
85 |
85 |
85 |
3.3. Интернет арқылы қол жеткізе алатын |
80 |
80 |
80 |
4. Шағымдану үрдісі |
|||
4.1. іс бойынша |
0,5 |
0,5 |
0,5 |
4.2. белгіленген мерзімде қаралып және қанағаттандырылып негізделген шағымдар % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
4.3. шағымданудың |
90 |
90 |
90 |
4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттан-ған тұтынушылар % |
90 |
90 |
90 |
5. Сыпайылық |
|||
5.1. персоналдық сыпайылығына қанағат- танған тұтынушылар % (үлесі) |
95 |
95 |
95 |