Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2012.05.11 N 46-V шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N№148 Заңының 6 бабы 1 тармағының 2 тармақшасына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N№209 кодексінің 470
бабына және Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 14 бабына
сәйкес III сайланған облыстық мәслихат XXIII cессиясында шешім етті:
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны
үшін төлем ставкалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Орман пайдаланғаны үшін төлемдерден түскен қаржылар
жергілікті бюджет пайдасына жіберілсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың
бюджет, қаржы, экономика, кәсіпкерлікті дамыту, аграрлық мәселелер
және экология жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.Шырдабаев)
жүктелсін.
4. Осы шешім Атырау облысы бойынша Әділет департаментінде
мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он
күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат XXIII
сессиясының төрағасы
Облыстық мәслихат хатшысы
Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 31 қаңтардағы N 370-ІІІ
шешіміне қосымша
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман
пайдаланғаны үшін төлем ставкалары
Р/с |
Пайдалану түрлері |
Өлшем бірлігі |
Төлем ставкалары |
1 |
Шөп шабу |
теңге/га |
526 |
2 |
Мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттағы мақсаттар үшін |
теңге/га |
21040 |