Жылыой ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 қаңтардағы N 367-ІІІ шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 16 қаңтардағы N 13 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 ақпанда N 2482 тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы
туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 
Заңының  11-бабына сәйкес, Жылыой аудандық әкімиятының 2006 жылғы 4
желтоқсандағы N№419 қаулысы мен Жылыой аудандық мәслихатының 2006
жылғы 7 желтоқсандағы N№28-16 шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы
етеді және облыстық мәслихат шешім етті:

      1. Жылыой ауданының Сарықамыс кенті таратылсын.

      2. Осы қаулы мен шешім Атырау облысы бойынша әділет
департментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне
енеді.

      3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыстық мәслихаттың                   Облыс әкімі
      ХХІІІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады