Атырау қаласының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңартылған

Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 7 мамырдағы N 131 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 18 мамырдағы N 439-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 22 маусымда N 2494 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, Атырау қаласы әкімиятының 2006 жылғы 1 желтоқсандағы N 338а қаулысы мен Атырау қалалық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы N 251 шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Ауданы 48 гектар құрайтын "Ближний подхоз" ауылы Атырау қаласы Ақсай ауылдық округінің құрамынан шығарылып, Атырау қаласы аумағының құрамына енгізілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                  Облыс әкімі
      ХХV сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады