Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 27 маусымдағы N 161 қаулысы және Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 4 шілдедегі N 451-III шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 шілдеде N 2497 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабы 4-тармақшасына, облыстық ономастикалық комиссияның 2007 жылғы 8 маусымдағы қорытындысы, Құрманғазы ауданы әкімиятының 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 102 қаулысы мен аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 350-ХХХIХ "Приморье селолық округінің атауын өзгерту туралы" шешімі, Құрманғазы ауданы әкімиятының 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 101 қаулысы мен аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 349-ХХХІХ "Бірлік селолық округіне қарасты Богатый елді мекенінің атауын Амангелді деп өзгерту туралы" шешімі, Құрманғазы ауданы әкімиятының 2007 жылғы 10 сәуірдегі N 100 қаулысы мен аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 348 ХХХІХ "Көптоғай селолық округіне қарасты Рембаза елді мекенінің атауын Балықшы деп өзгерту туралы" шешімі, Құрманғазы ауданы әкімиятының 2007 жылғы 20 сәуірдегі N 114 қаулысы мен аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 353-ХХХІХ "Кудряшов селолық округіне қарасты ММС елді мекенінің атауын Арна деп өзгерту туралы" шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етті:
      1. Құрманғазы ауданы бойынша:
      Приморье ауылдық округі - Теңіз ауылдық округі;
      Бірлік ауылдық округінің Богатый елді мекені Амангелді елді мекені;
      Көптоғай ауылдық округінің Рембаза елді мекені Балықшы елді мекені;
      Кудряшов ауылдық округінің ММС елді мекені Арна елді мекені болып қайта аталсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Атырау облысы әкімінің 10.10.2014 № 315 және Атырау облыстық мәслихатының 10.10.2014 № 325-V бірлескен шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың                  Облыс әкімі
      ХХV сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады