Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 01.04.2014 № 152/959 хаты негізінде.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес ІV шақырылған Атырау облыстық мәслихаты кезекті ІІІ сессиясында шешім етті:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 337-ІІІ "Атырау облысының елді-мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Атырау облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 15 қаңтарында № 2480 енгізілген, "Атырау" газетінің 2007 жылғы 1 ақпанында 13 нөмірінде жарияланған, (облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 18 мамырдағы № 442-ІІІ шешімімен өзгерістер енгізілген, Атырау облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 20 маусымында № 2493 енгізілген, "Атырау" газетінің 2007 жылдың 28 маусымында № 74 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Атырау облысының елді-мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесінің 9 тармағы алып тасталсын.
2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың
ІІІ сессиясының төрағасы,
мәслихат хатшысы Ж. Дүйсенғалиев