Исатай ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 36-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 276 қаулысы Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 17 қаңтарда N 2506 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  3, 11 баптарына сәйкес, Исатай аудандық әкімияты мен аудандық мәслихатының 2007 жылғы 19 қазандағы N№17-ІV "Исатай ауданы селолық округтерінің әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" бірлескен шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етеді:

      1. Исатай ауданы елді мекендерінің құрамдарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Аққыстау селолық округінің Шыныбек, Есіркеп ауылдары Аққыстау селолық округінің Аққыстау селосының құрамына;
      2) Жанбай селолық округінің Манаш ауылы Жанбай селолық округінің Жанбай селосының құрамына;
      3) Нарын селолық округінің Үштаған ауылы Нарын селолық округінің Мыңтөбе ауылының құрамына;
      4) Новобогат селолық округінің Ақкүтір ауылы Новобогат селолық округінің Х.Ерғалиев ауылының құрамына;
      5) Тұщықұдық селолық округінің Бегайдар ауылы Тұщықұдық селолық округінің Айбас ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыстық мәслихаттың ІІІ           Облыс әкімі 
      сессиясының төрағасы                 Б.Рысқалиев
      Ж.Дүйсенғалиев

      Облыстық мәслихат хатшысы      Ж.Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады