Махамбет ауданының әкімшілік-аумақтық бірлігіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 37-ІV шешімі және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы N 277 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 17 қаңтарда N 2507 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N№4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"  Заңының  3, 11 баптарына сәйкес, Махамбет аудандық әкімияты мен аудандық мәслихатының 2006 жылғы 24 наурыздағы N№242 "Махамбет ауданының Ақжайық селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" бірлескен шешімі негізінде облыс әкімияты қаулы етеді және облыстық мәслихат шешім етеді:

      1. Махамбет ауданы Ақжайық селолық округінің Құмшығанақ ауылы Ақжайық селолық округінің Ақжайық селосының құрамына енгізілсін.

      2. Осы қаулы мен шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне еніп, алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың ІІІ           Облыс әкімі 
      сессиясының төрағасы                 Б.Рысқалиев
      Ж.Дүйсенғалиев

      Облыстық мәслихат хатшысы      Ж.Дүйсенғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады