Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012.07.09 № 212 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулысына, Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
1. Қоса берілген Атырау облысы Білім беру департаментінің
мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары
Қ. Қайненовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Б. Рысқалиев
Облыс әкімиятының
2007 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 287 қаулысымен бекітілген
Атырау облысы Білім беру департаментінің "Балаларды патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген отбасынан өтініш қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсету стандарты
1. Негізгі ұғымдар
1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
Балаларды патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген отбасынан өтініш қабылдау - бұл азаматтардың баланы (жетім балаларды) тәрбиеге алу туралы шарт жасасуға өз еркімен ниет білдіруі.
2. Осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны автоматтандырылмаған.
3. Балаларды патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген отбасынан өтініш қабылдау Қазақстан Республикасының мынадай заңнамасы негізінде көрсетіледі:
1) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 "Білім туралы" Заңының 6-бабы 2-тармағының 18) тармақшасы;
2) Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 "Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы" Заңының 27-бабы 1, 2, 3-тармақтары;
3) Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы № 321 "Неке және отбасы туралы" Заңының 119, 120, 121-баптары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 қыркүйектегі № 1346 "Қазақстан Республикасының қорғаншылық және қамқоршылық органдары туралы және Патронат туралы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" қаулысы;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 306 "Патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап-бағуға арналған ақша қаражатын төлеу ережесін бекіту туралы" қаулысы.
4. Осы мемлекеттік қызметті Атырау қаласы, Әйтеке-би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімі ұсынады, сайты www.atyrauedu.kz
5. Осы мемлекеттік қызметтің нәтижесі жеке тұлға және баланы асырап-бағу, тәрбие және білім беру жөніндегі патронаттық тәрбиешілерге жүктелген міндеттерді орындауға бағылауды іске асыратын Атырау облысы Білім беру департаментінің арасындағы баланы балаларды) патронат тәрбиесіне беру туралы шарт болып табылады.
6. Осы мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға көрсетіледі.
7. Осы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) жеке тұлғалардың жазбаша өтініші тіркелген сәттен бастап осы мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері 15 күнтізбелік күн ішінде;
2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде (тіркеу, талон алу кезінде) кезекте тұрудың рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 40 минуттан артық емес;
3) осы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі ретінде, құжаттарды алуда кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты 40 минут.
8. Осы мемлекеттік қызмет тегін ұсынылады.
9. Осы мемлекеттік қызметті көрсету стандарты "Атырау", "Прикаспийская коммуна" газеттері беттерінде жарияланады, www.atyrauedu.kz сайтында орнастырылады.
10. Атырау облысы Білім беру департаментінің жұмыс кестесі: сенбі және жексенбіден басқа күн сайын 09.00-сағаттан 18.00-сағатқа дейін.
11. Қызмет көрсетілетін орын: Атырау қаласы, Әйтеке би
көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру департаменті, № 203 кабинет.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар:
1) тұлғаның патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдіргендігі туралы өтініші;
2) егер патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген тұлға некеде тұратын болса, жұбайының келісімі;
3) патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген тұлғаның денсаулық жағдайы туралы анықтама;
4) егер патронаттық тәрбиеші болуға тілек білдірген тұлға некеде тұратын болса, жұбайының денсаулығы жағдайы туралы анықтама;
5) баланы тәрбиелеуге үміткердің тұрмыс жағдайын тексеру актісі;
6) патронаттық тәрбиешіге берілетін баланың тұрмыс жағдайын тексеру актісі.
13. Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, № 203 кабинет мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімі баланы (балаларды)
тәрбиеленуге беру туралы шартты беру орны болып табылады.
Осы мемлекеттік қызмет бойынша бланкі қарастырылмайды.
14. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін Атырау қаласы,
Әйтеке би көшесі, 77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім
беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімі,
№ 203 кабинетке барлық қажетті құжаттарды тапсырады.
15. Тұтынушы барлық құжаттарды тапсырғаннан кейін тұтынушының
осы мемлекеттік қызметті алған күні көрсетілген талон алады.
16. Патронат Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77
мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру департаментінің
қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімі, № 203 кабинетте жеке
болған кезде, баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге беру туралы
шартты беру жүзеге асырылады.
17. Мемлекеттік қызмет ұсынуды тоқтата тұру немесе бас тарту
үшін негіздер тізбесі:
1) сотпен әрекет етуге қабілетсіз немесе шектеулі іс-әрекетке
қабілетті деп танылған тұлғаларға;
2) сотпен ата-аналар құқығынан айырылған немесе сотпен ата-аналар құқығы шектелген тұлғаларға;
3) қорғаншыға (қамқоршыға) заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін оның міндеттерінен босатылғандарға;
4) егер бала асырап алу асырап алушының кінәсі бойынша сотпен
бұзылған болса, бұрынғы бала асырап алушыларға;
5) денсаулық жағдайы бойынша бала тәрбиелеу жөнінде міндеттерді жүзеге асыра алмайтын тұлғаларға.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Атырау облысы Білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімінің бас мамандары осы мемлекеттік қызметті тұтынушыға қатысты мынадай жұмыс қағидаттарын басшылыққа алады:
1) сыпайылық және осы мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
2) ақпараттық сақталуын қамтамасыз ету;
3) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттық қорғалуын
және құпиялылығын қамтамасыз ету.
Егер жеке тұлға көрсетілген мемлекеттік қызмет туралы құжаттарды алуға өтініш жасамаған жағдайда, Атырау облысы Білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімі екі ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін акт бойынша белгіленген тәртіпте жойылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшаға сәйкес ("Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні" кестесі) сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін Атырау облысы Білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмысшы топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Атырау облысы Білім беру департаменті бас мамандарының әрекетіне (әрекетсіздігіне шағымдану тәртібін Атырау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары түсіндіреді, № 212 кабинет, байланыс телефоны: 27-09-36.
Мемлекеттік қызметтің осы түрі бойынша Атырау облысы Білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімінің шешімдеріне мүдделі жеке тұлғалар сот тәртібінде шағымдануы мүмкін.
22. Шағым Атырау облысы Білім беру департаменті директорының
атына беріледі, 210 кабинет, байланыс телефоны: 35-49-65.
23. Шағымның қабылдауын растайтын құжат Атырау облысы Білім
беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімінің
тіркеу журналында тіркелген талон болып табылады. Талонда берілген
шағымға жауаптың мерзімі мен алу орны көрсетілген 27-09-38 байланыс
телефоны бойынша шағымның қаралу барысы туралы білуге болады.
6. Байланыс ақпараты
24. Атырау облысы Білім беру департаментінің байланыс деректері: пошталық мекен-жайы: 060010, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, телефон: 35-49-65, факс: 35-49-67.
Атырау облысы Білім беру департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімі бас маманының телефоны: 27-09-38, № 203 кабинет.
Электрондық пошта мекен-жайы: uoatyrau@rambler.ru сайт
www.atyrauedu.kz.
Жұмыс кестесі: күн сайын сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13,00-ден 14.00-ге дейін үзіліс.
Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
Жеке тұлғаларды қабылдау кестесі:
Атырау облысы Білім беру департаментінің директоры - әр айдың сенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс;
Атырау облысы Білім беру департаменті директорының орынбасары
- әр айдың бейсенбі күні сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сағат
13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс.
Жоғары тұрған ұйымның байланыс деректері: Атырау облысы әкімі
аппаратының әлеуметтік-саяси бөлімі: Атырау қаласы, Әйтеке би
көшесі, 77, телефон: 35-45-32, факс:35-45-29.
25. Қосымша ақпарат алу үшін Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі,
77 мекен-жайында орналасқан Атырау облысы Білім беру
департаментінің қосымша білім беру және тәрбие жұмыс бөлімі, № 203
кабинет, 27-09-38 телефоны бойынша жолығу қажет.
Облыс әкімиятының
2007 жылғы 14 желтоқсан N 287
қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері |
Стандарт (көрсеткіштің нормативтік мәні) |
Келесі жылғы көрсеткіштің нысаналы мәні |
Есепті жылғы көрсеткіштің ағымдағы мәні |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
1. Уақтылығы |
||||
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет ұсыну жағдайларының % (үлесі) |
100% |
95% |
90% |
|
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
85% |
80% |
75% |
|
2. Сапасы |
||||
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі) |
100% |
95% |
90% |
|
3. Қол жетімділік |
||||
3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған жағдайлардың % (үлесі) |
80% |
75% |
70% |
|
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің ақпарат % (үлесі) |
50% |
45% |
40% |
|
4. Шағымдану үдерісі |
||||
4.1. Қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) |
0,5% |
0,3% |
0,2% |
|
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі) |
100% |
95% |
90% |
|
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |
|
5. Сыпайылық |
||||
5.1. Қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
90% |
85% |
80% |