Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық әкімиятының 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 335 қаулысы. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2008 жылғы 30 қаңтарда № 2516 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012 жылғы 9 шілдедегі № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық әкімиятының 2012.07.09 № 212 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" және Атырау облысы әкімиятының 2007 жылғы 10 қазандағы № 224 "Атырау облысында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламентін бекіту туралы" қаулыларын орындауда облыс әкімияты, қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ. Қайненовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі                               Б. Рысқалиев

Облыстық әкімияттың   
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 335 қаулысымен бекітілген

Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының "қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік беру"  мемлекеттік қызмет көрсету СТАНДАРТЫ
1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:
      Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті - қайтыс болу жағдайын куәландыратын медициналық құжаттаманы беру.
      Жоғары тұрған мемлекеттік орган - Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті.
      Тұтынушылар - Қазақстан Республикасының азаматтары, жақын және алыс шетел азаматтары, барлық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар мен кәсіпорындар.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 тамыздағы № 520 "Туу, қайтыс болу және перинаталдық өлім жағдайларын куәландыратын медициналық құжаттаманы енгізу туралы" бұйрығы негізінде беріледі.
      4. Осы қызметті Атырау қаласы, Владимирская көшесі, 2 үйде орналасқан, электрондық мекен-жайы: aopad@mail.ru Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - КМҚК) көрсетеді.
      5. Тұтынушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсетуді аяқтау нысаны (нәтижесі): қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік.
      6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, жақын және алыс шетел азаматтарына, барлық мемлекеттік және жекеменшік ұйымдар мен кәсіпорындарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
      1) Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті тексеру жүргізген күні оның нәтижелерін ескере отырып, тексеру жүргізген патолог-анатом ресімдейді;
      2) қажетті құжаттарды тапсырған кезде рұқсат берілген ең ұзақ уақыт - 45 минутке дейін;
      3) мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ретінде құжаттарды алған кезде кезек күтуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт, - 45 минутке дейін. Файлдың рұқсат берілген жоғары мөлшері - 3 бет.
      8. Мемлекеттік қызмет ақысыз көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қол жетімділігіне қойылатын талаптар туралы ақпарат көзі ретінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарты "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" КМҚК-нда ақпараттық стендттарда орналасады.
      10. Жұмыс кестесі: күн сайын, сағат: 09.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс, демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Жедел қызмет көрсетілмейді.
      11. Қызмет көрсетілетін орын: "Атырау облыстық патолого- анатомиялық бюросы" КМҚК-ның күту залы.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті алу үшін келесі құжаттардың тізімі тапсырылуы тиіс:
      1) қайтыс болған адамның жеке басын куәландыратын құжат;
      2) қайтыс болған адамның ауру тарихы
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін бланкілер толтырылмай (өтініш нысандары және т.с.с.) тиісті құжаттардың тізімі тапсырылады.
      14. Құжаттардың тізімі "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" КМҚК-ның патолог-анатомына тапсырылады.
      15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушының мемлекеттік қызметті алған күні бар барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік беруді тіркеу журналы мен қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлік түбіртегіндегі тұтынушының қолы растайды.
      16. Құжаттарды жеткізу тәсілі: жеке бару арқылы жеткізу кіреді.
      17. Жеке тұлғаның анықталмауы, тиісті құжаттардың толық еместігі, өлімнің күш қолданудан болған белгілерінің анықталуы жағдайында мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. Тұтынушыға көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беріледі, қызметкерлердің сыпайылығы мен ілтипаттығына кепілдік беріледі, сонымен қатар тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуы, қорғалуы және құпиялылығы қамтамасыз етіледі.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті мен "Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің«"Атырау облыстық паталого-анатомиялық бюросы" КМҚК-ның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштері жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.

5. Шағымдану тәртібі

      21. Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінде уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібіне түсінік алуға және шағым дайындауға көмек алуға болады. Байланысты телефоны: 35-45-71, электрондық мекен-жайы:  оblzdrav_atyrau@mail.ru
      22. Шағым Атырау облысы Денсаулық сақтау департаменті директорының атына беріледі, мекен-жайы: 060010; Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй,№ 310 кабинет.
      23. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштірін тіркеу журналы шағымның қабылданғанын растайды. Шағымның қаралу барысы туралы: 35-45-71 телефоны арқылы білуге болады.

6. Байланыс ақпараты

      24. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік мекеме мен жоғары тұрған ұйым басшыларының байланыс деректері:
      1) Атырау облысы Денсаулық сақтау департаментінің директоры - Құлбасов Мұрат Мағзомұлы, заңды мекен-жайы: Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77 үй, 310 кабинет, жұмыс телефоны: (8-7122)35-45-71, электрондық мекен-жайы: oblzdrav_atyrau@mail.ru, жұмыс кестесі: сағат 08.30-дан 18.00-ге дейін, сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін түскі үзіліс, демалыс күндері: сенбі және жексенбі; 
      2) "Атырау облыстық патолого-анатомиялық бюросы" КМҚК-ның бас дәрігері - Молдағалиев Исатай Шыңғысұлы, заңды мекен-жайы: Атырау қаласы, Владимирская көшесі, 2 үй, жұмыс телефоны: (8-7122)28-13-00, электрондық мекен-жайы: aopad@mail.ru, жұмыс кестесі: сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліс, демалыс күндері: сенбі және жексенбі.

Облыстық әкімияттың    
2007 жылғы 29»желтоқсандағы 
        N№335 қаулысымен бекітілген
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша    

Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік
мәні

Көрсеткіштің келесі жылдағынысаналы
мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

100

100

100

1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

85

90

95

2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90

100

100

2.2. Құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар және т.б.) % (үлесі)

100

100

100

3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған
тұтынушылардың % (үлесі)

90

98

98,8

3.2. Тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және
бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

80

85

90

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

50

60

70

4. Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,5

0,6

0,5

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған
негізделген шағымдардың % (үлесі)

100

100

100

4.3. шағымданудың
қолданыстағы тәртібіне
қанағаттанған   тұтынушылардың % (үлесі)

9

95

95

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған  тұтынушылардың % (үлесі)

90

95

95

5. Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған  тұтынушылардың % (үлесі)

90

90

90

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады