Ленгір қаласы мен Төлеби ауданының кейбір ауылдық округтарының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 31 мамырдағы N 33/362-III шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2007 жылғы 11 маусымдағы N 198 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 28 маусымда N 1957 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  11-бабына  сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты мен әкімиятының ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ  және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімияты  ҚАУЛЫ ЕТТІ :

      1. Ленгір қаласының әкімшілік шекарасына Төлеби ауданының Аққұм ауыл округінен жалпы көлемі 258,8 гектар, Алатау ауыл округінен жалпы көлемі 271,2 гектар, Қазығұрт ауыл округінен жалпы көлемі 93,6 гектар, Зертас ауыл округінен жалпы көлемі 121,5 гектар, жалпы барлығы 745,1 гектар жер бөлігінің қосылуымен Ленгір қаласының және Аққұм, Алатау, Қазығұрт, Зертас ауыл округтерінің шекаралары өзгертілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

       Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы

      Облыс әкімі

      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады