Түлкібас және Ордабасы аудандарының аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 340 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде 2007 жылы 30 қарашада N 1967 тіркелген. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң 2017 жылғы 10 шілдедегі № 182 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы әкімдігінің 10.07.2017 № 182 қаулысымен (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Өсімдіктер карантині туралы"" Қазақстан Республикасы Заңының 9-1 , 14-баптарына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2007 жылғы 12 қыркүйектегі № 4-14/950 ұсынысының негізінде, Түлкібас ауданында жұпсыз жібек көбелегі, калифорния қалқаншасы, шығыс жеміс жемірі, комсток құрты және Ордабасы ауданында калифорния қалқаншасы, шығыс жеміс жемірі карантиндік объектілерінің анықталуына байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түлкібас ауданының Мичурин,

      Т.Рысқұлов және Ордабасы ауданының Қажымұқан, Шұбар, Қараспан ауыл

      округтерінің ауыл шаруашылық алқаптарына карантиндік тәртіп енгізіле

      отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.

      2. Түлкібас және Ордабасы аудандарының әкімдері осы қаулының

      1-тармағына сәйкес өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге жәрдем көрсетсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 17.05.2013 № 108 қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Ә. Әбішовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі
      Облыс әкімінің бірінші орынбасары

  Облыс әкімдігінің
2007 жылғы 19 қарашадағы
N 340 қаулысына қосымша

Түлкібас, Ордабасы аудандарының аумақтарындағы карантиндік объектілердің ошақтарындағы карантиндік аймақ


Ауданның атауы

Ауыл округінің атауы

Карантиндік объект


Түлкібас

Мичурин а/о

Калифорния қалқаншасы

Шығыс жеміс жемірі

Жұпсыз жібек көбелегі

Комсток құрты

Т.Рысқұлов а/о

Калифорния қалқаншасы

Шығыс жеміс жемірі


Ордабасы

Шұбар а/о

Калифорния қалқаншасы

Шығыс жеміс жемірі

Қажымұқан а/о

Калифорния қалқаншасы

Қараспан а/о

Калифорния қалқаншасы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады