"Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2004 жылғы 29 маусымдағы N 7/73-III шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 3/36-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 25 желтоқсанда N 1969 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/77-V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 07.12.2012 № 9/77-V шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы кодексінің (Салық кодексі) 477 бабына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2004 жылғы 29 маусымдағы N 7/73-ІІІ шешіміндегі (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 1446 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 27 шілдеде "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      преамбуласында "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі N 162-I Заңының 11 бабына " деген сөздер алып тасталсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      2 тармақтың:
      1 тармақшасындағы "0,1" деген сандар "0,01" деген сандармен ауыстырылсын;
      2 тармақшасындағы "0,1" деген сандар "0,01" деген сандармен ауыстырылсын;
      5 тармақтағы "19 бабымен белгіленген, мемлекеттік мекеме" сөздері "15 және 16 баптарымен белгіленген, мемлекеттік мекеме, кәсіпорын" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады