Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 30.07.2013 № 201 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Су кодексінің 39, 116 -баптарына және Жер кодексінің 134 -бабына, "Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы N 42 қаулысына сәйкес жер үсті суларының ластануын, бітелуі мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Дайындалған жоба - техникалық құжаттар негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласындағы Қошқарата, Қарасу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері белгіленсін.
2. Шымкент қаласының әкімі және қоршаған ортаны қорғау қызметін жүзеге асыратын уәкілетті орган өз өкілеттігінің шегінде:
1) су қорғау аймақтары мен белдеулерін пайдалану режимінің сақталуын қамтамасыз етсін;
2) заңда белгіленген тәртіппен су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;
3) жер үсті суларының ластануы мен сарқылуын болдырмау, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сақтау үшін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қошқарата, Қарасу өзендерін санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сай келетін күйде ұстау жөнінде кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізсін.
3. Қошқарата, Қарасу өзендерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері шегіндегі шаруашылық пайдалану режимі белгіленсін (қосымша).
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары И.Ә.Әбішевке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.
Облыс әкімі
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 12 желтоқсан N 384 қаулысына
қосымша
Қошқарата, Қарасу өзендерінің су қорғау аймақтары мен
белдеулері шегіндегі шаруашылық пайдалану режимі
1. Су қорғау аймағы шегінде мыналарға:
1) су объектілерін ластанудан және бітелуден сақтайтын құралдармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және жаңғыртылған объектілерді іске қосуға;
2) тыңайтқыштар, пестицидтер, химиялық улы заттар мен мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, автомашина мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету мен жуу орындарын , механикалық шеберханаларды, қоқыс пен өнеркәсіп және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарды төгетін құрылғыларды, өлген малдар көмілетін ұраларды, аппаратураларды пестицидтермен және химиялық улы заттармен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону белдеулерін орналастыру мен құрылыс салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
3) құрылыс, су түбін тереңдету және қопару жұмыстарын жүргізу пайдалы қазбаларды өндіру, кабель, құбыр және басқа да коммуникацияларды өткізу, қоршаған орта мен су қорын қорғау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және басқа арнайы уәкілетті органдармен белгіленген тәртіппен келісілген жобалары жоқ бұрғылау, ауыл шаруашылығы және өзге жұмыстарды жүргізуге;
4) жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау және пайдалану органдарының, су ресурстары басқармасының және басқа арнайы уәкілетті органдардың келісімінсіз су көздеріндегі су жиегінен 2000 метрге дейінгі орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен егілген ағашты химиялық улы заттармен авиациялық өңдеу және авиациялық жолмен минералды тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілдерін қолдануға;
5) органикалық және минералды тыңайтқыштар, улы химикаттар мен пестицидтер қолдануға;
6) малды тоғыту мен санитарлық өңдеу және судың гидрохимиялық құрамын нашарлататын басқа да шаруашылық қызметін жүргізуге тыйым салынады.
2. Су қорғау белдеулері шегінде жоғарыда көрсетілгеннен бөлек мыналарға:
1) жер жыртуға, мал бағуға, талтеректерді кесуге;
2) палаткалы қалашықтар, автотұрақтар, малға арналған жазғы лагерлер жасауға;
3) арнайы мақсаттарға арналған су тоғаны, су реттейтін, су қорғайтын және басқа да құрылғылардан басқа ғимараттар мен құрылғылар салуға;
4) мемлекеттік уәкілетті органдарының келісімі болмаған жағдайда жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлуге және саяжайлар мен ұжымдық бақтар үшін жер беруге;
5) елді мекендерде су өткізбейтін күркемен жабдықталмаған жеке тұрғын үй аулаларын пайдалануға;
6) су айдындарының ластануына жол бермейтін құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қолданыстағы нысандарды пайдалануға тыйым салынады.