Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы және Сайрам аудандарының шекараларын өзгерту туралы

Жаңа

Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 3/34-IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімиятының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 404 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2008 жылғы 4 қаңтарда N 1971 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11 бабына сәйкес, Ордабасы және Сайрам аудандарының мәслихаттары мен әкімдіктерінің ұсыныстарының негізінде Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сайрам ауданы Қайнарбұлақ ауыл округі Шұбарсу саяжай массивінен берілетін 267 гектарды Ордабасы ауданының шекарасына, Ордабасы ауданы Бадам ауыл округінен берілетін жалпы көлемі 264,65 гектар жер телімін Сайрам ауданының шекарасына қосу арқылы Ордабасы және Сайрам аудандарының шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың
      хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады