Су шаруашылығы құрылыстарын қорғау жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласының әкімдігінің 2007 жылғы 7 маусымдағы N 1195 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан Облысы Шымкент қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 29 маусымда N 14-1-55 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімдігінің 2009 жылғы 5 қазандағы N 1444 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласының әкімдігінің 2009.10.05 N 1444 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару туралы" Заңының 31 бабының негiзiнде, су шаруашылығы құрылыстарына ақаба суларының зиянды әсерiнен қорғау мақсатында қала әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тұтынушылармен қалалық канализацияға төгiлетiн ақаба сулар:
      канализация желiлерi мен имараттар жұмысын, олардың пайдалану қауiпсiздiгiн бұзбайтын;
      құбырларды, құдықтарды, торларды бiтейтiн немесе құбырлардың, құдықтардың, торлардың қабырғаларына жабысатын заттар бар (окалин, әк, құм, металл ағымдары және т.б.);
      канализация жүйелерi имараттарының элементтерi мен құбырлардың материалдарын бұзып әрекет көрсететiн заттар бар;
      ақаба суларды биологиялық тазартудан өткiзуге кедергi келтiретiн концентрацияларда зиянды заттары бар;
      қауiптi бактериалдық ластаушылар болмайтындай;
      ерiмейтiн майлар, қара майлар және мазуттары болмайтындай;
      биологиялық "қатты" үстiртiн-активтi заттар (УАЗ);
      Қаулымен белгiленген мүмкiндiк нормативтерiнен асатын, концентрацияларда өлшеулi және қалқып шығатын заттар бар;
      тек қана минералдық заттар болмайтындай;
      канализация жүйелерi мен имараттарында уландырғыш газдар құрауға бейiм қышқылдар, жанармай қоспалары, уландырғыш және ерiтiлген газ тәрiздi заттар бар (күкiртсутек, күкiрт көмiр қышқыл тотығы, жеңiл ұшатын ароматикалық көмiр қышқылдар жұбы және басқа да жарылғыш қауiптi және уландырғыш қоспалар);
      канализация жүйесiне ақаба сулармен жiберуге нормативтерi белгiленбеген заттар бар.
      2. Қала канализация жүйесiне төмендегiлердi төгуге тыйым салынады:
      құрамы мен шығыны Қаулымен белгiленген, рұқсат етiлетiн ластаушы
      заттар санын асыруға әкелуi мүмкiн ақаба сулар;
      мүмкiндiк концентрациясының белгiленген мәнiнен он және одан да артық заттарды нормаға келтiретiн концентрациямен ақаба сулар (ластандырушы заттарды жаппай жiберу);
      40, 6,5 төмен және 9,0 бiрлiктен жоғары сутетiк көрсеткiшпен (рН), 40 С0-тан жоғары температурамен ақаба суларды;
      концентрацияланған туынды және текшеленген ерiтiндiлер;
      топырақ, құрылыс және тұрмыстық қалдықтар;
      радиоактивтiк заттар және оларды iрiтетiн өнiмдер.
      3. Сонымен қатар Қызмет көрсетушi келiсiмiнсiз қала канализация жүйесiне:
      кәрiздiк сулар;
      технологиялық циклде ластанбаған шартты-таза ақаба сулар;
      кәсiпорын аумағының үстiртiн аумағы (жаңбыр, жiбеген суару-жуу сулары және тағы басқалар);
      арнаулы машиналардың ақаба сулары төгуге тыйым салынады.
      4. Қолданыстағы радиоциялық қауiпсiздiк нормасына сәйкес радионуклидтерi бар, ақаба суларды жою және зиянсыздандырылуы жүзеге асырылу керек.
      5. Канализация жүйесiне нормаланбаған ластандырушы заттарды төгу (ақаба суларды төгуге рұқсатта көрсетiлмеген) балықшаруашылық су қоймасы тағайындауларындағы шектi мүмкiндiк концентрациясы (ШМК) нормасы бойынша белгiленедi.
      6. Егер Тұтынушының ақаба суларында нормаланбаған заттар болатын болса, онда ондай ақаба суларды канализация жүйесiне төгу үшiн Қызмет көрсетушiге нормативтер есебiне және осы заттарды ақаба сулармен төгуге алу үшiн тапсырыс әкелуi тиiс.
      7. Балық шаруашылығы су пайдалану су нысандарының суында ШМК белгiленбеген нормативiмен ластандырушы заттар үшiн аталған затты канализация жүйесiне төгу нормативi жiберiлген бақылау әдiсiнiң сезгiштiгiнiң шегiне тең қабылданады.
      8. Егер ақаба сулардың физикалық-химиялық құрамы Қаулы талаптарымен қанағаттандырылмаса, онда ақаба сулар алдын ала тазартылуы немесе қайта өңделуi керек. Алдын ала тазартудың дәрежесi және локалдық тазарту имараттарының жобасы Қызмет көрсетушiмен бiрге келiсiлуi қажет.
      9. Тәулiк бойында ақаба сулардың құрамының айтарлықтай ауытқыған жағдайларда ақаба судың бiркелкi шығуын қамтамасыз ететiн орталаушы-сыйымдылығын қарастыру қажет. Биологиялық тазалау процесi бұзылған кезде қышқыл және сiлтiлi ақаба суларды канализация жүйесiне жiберуде немесе бейтараптандыру, немесе орталау керек.
      10. Қала канализация жүйесiне ақаба суларды жинау, баланстық шектеу желiлерiнiң актiсiне сәйкес, қалалық канализация жүйесiне ақаба суларды шығаруда орналасқан бақылашы құдықтың мiндеттi құрылғыларымен өздiгiнен шығу арқылы жүзеге асырылуы керек.
      11. Қала канализация жүйесiнде ақаба суларды бiрiктiруге жол берiлмейдi, олардың өзара әрекеттесуi эмульсиялардың, улы немесе қауiптi жарылғыш газдардың қалыптасуына, сонымен бiрге ерiмейтiн заттардың жоғары көлемiне әкеп соқтыруы мүмкiн, мысалы, кальций немесе магний тұзы, сiлтiлi ерiтiндiлерiн, сода және қышқыл сулар, су мен натрий сульфидi бар, хлор мен фенол сiлтiсiнiң артық көлемi бар сулар және т.б.
      12. Тұтынушымен сарқындарды төгу Қызмет көрсетушiмен жасалған, сумен қамту және/немесе ақаба суларды шығару бойынша қызмет көрсетуге келiсiм және төгуге рұқсаты болған кезде ғана жүргiзiледi.
      13. Тұтынушыларға қала канализация жүйесiне төгуге рұқсат осы имараттарды пайдаланушы Қызмет көрсетушiмен берiледi.
      14. Жаңадан тұрғызылған немесе қайта конструкцияланған кәсiпорындарға қала канализация жүйесiне ақаба суларды төгуге рұқсат қабылдау актiсiн көрсету бойынша нысанды толығымен пайдаланудағы мемлекеттiк қабылдануынан кейiн және қолданыстағы қала тазарту имараттары қуаттылығы болған кезде ғана берiледi.
      Жаңа кәсiпорындардағы ақаба суларды қабылдау шарттары бойынша оларды жергiлiктi тазалау талап етiлетiн болса, онда Қызмет көрсетушi бұл кәсiпорындарды олардағы ақаба сулар тазалау қала тазарту имараттарына қабылдауға мүмкiн болатындай деңгейдi қамтамасыз ететiн, жергiлiктi тазарту имараттары орнатылғаннан кейiн ғана қала канализация жүйесiне қосылуға рұқсат бередi.
      15. Тұтынушыға қала канализация жүйесiне ақаба суларды төгуге рұқсат алу үшiн Қызмет көрсетушiге:
      ақаба суларды төгуге рұқсатқа талапты;
      қала канализация жүйесiне Тұтынушының қосылуына техникалық шартты;
      бақылау құдықтары мен олардың жергiлiктi байланулары көрсетiлген, канализация жүйесiне шығулары келтiрiлген Тұтынушының iшкi алаңдық канализациясының орындаушы сұлбасының көшiрмесiн;
      жергiлiктi тазарту имараттары сұлбасын (егер ондай болған жағдайда);
      анализдер қорытындылары мен ақаба сулар құрамын әкелуi керек.
      16. Қызмет көрсетушi қалалық канализация жүйесiне ақаба суларды төгуге рұқсатты дайындау кезiнде, ақаба суларды алдын-ала тазалау немесе олардың Тұтынушының жергiлiктi тазарту имараттарындағы бөлiктерiн есепке ала отырып, Тұтынушымен Жасалған, негiздеушi материалдарды қарайды:
      ақаба сулар шығынын және олардың құрамындағы ластаушы заттардың концентрациясын азайтуға мүмкiндiк беретiн, технологиялық процестердегi өзгерiстердi;
      айналым және суды қайталай-жүйелiлiкпен пайдалану жүйесiнiң құрылымын.
      17. Тұтынушыдан ақаба суларды шығаруға қажеттi құжаттарды алғаннан кейiн Қызмет көрсетушi 10 (он) күн ағымында берiлген материалдарды қарайды және ақаба суларды төгуге рұқсат бередi.
      18. Тұтынушыға қалалық канализация жүйесiне ақаба суларды төгуге рұқсат Тұтынушымен Қаулы талаптарын орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге, бiрақ үш жылдан аспайтын уақытқа берiледi.
      19. Тұтынушымен техникалық шаралар орындау кезiнде, Қызмет көрсетушi ластаушы заттар төгулерiнiң жоғарлатылған нормативтерiн, егер өткен жылға немесе болып отырған уақыт мерзiмiнде ластаушы концентрациясы белгiлерi ортадан жоғары болған жағдайда белгiлей алады.
      20. Тұтынушымен шығарылатын ақаба сулардың көлемi ұлғайған немесе азайған, ондағы техникалық шарттарда шарттасқаннан тыс ластаушы заттардың концентрациясы мен саны ұлғайғанда, жаңа канализациялық желiлер мен имараттар енгiзiлгенде немесе қайта конструкцияланған, сонымен қатар канализациялық сарқындарды төгуге Субтұтынушылар қосылған жағдайларға тек қана Қызмет көрсетушi рұқсатын алғаннан кейiн ғана жол берiледi.
      21. Ақаба суларды төгуге рұқсат қала су шығару жүйесiнде өзгерiстер болғанда немесе қаулы талаптары сақталмағанда күшi жойылады.
      22. Тұтынушы канализацияның ведомствалық желiлерi мен имараттарын ұстауға, қала канализация жүйесiне төгiлетiн ақабла сулардың сандық және сапалық құрамына үнемi бақылауды жүзеге асыруы тиiс.
      23. Бақылау ақаба суларды тазалау бойынша жергiлiктi тазарту имараттары арқылы өткенге дейiн және кейiнгi, егер олар болмаған жағдайда қала канализация шығарылымдары мен канализация желiлелiрiнң неғұрлым жауапты нүктелерiнде, сонымен қатар әрбiр шығарылым бойынша жекелей бақылау құдықтарына төгiлген ақаба сулардың санын анықтаумен ақаба сулар құрамының химиялық анализiн жүргiзу жолымен жүзеге асырады.
      24. Қызмет көрсетушi аталған Қаулы талаптарына, сонымен қатар қалалық канализация жүйесiне ақаба суларды төгуге берiлген рұқсатқа ақаба сулардың сапалық құрамының сәйкес болуына бақылауды жүзеге асырады.
      25. Қала канализация жүйесiне ақаба суларды төгудi жүзеге асыратын, Тұтынушы, Қызмет көрсетушi тарапынан ақаба суларды төгуге бақылауды тәулiктiң кез-келген уақытында жүргiзуге мүмкiндiктi, оның iшiнде ақаба сулардың көлемi, сапалық құрамы туралы қажеттi деректер мен әрбiр шығарылым бойынша оларды төгудiң режимiн, сонымен қатар пайдаланушы персоналдардың құжаттарын, аспаптарын, қондырғыларын және т.б. берудi қамтамасыз етуi керек.
      26. Көрсетiлген бақылау Қызмет көрсетушi жанындағы ақаба суларды технологиялық бақылау тобымен жүзеге асырылады.
      27. Тұтынушы ақаба суларды тазалау сапасының төмендеуi, жаппай төгулердегi, апаттық-қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзудегi барлық өзгерiстер туралы Қызмет көрсетушiнi, мемсанэпидқадағалау басқармасын және су қорғау мен реттеу бойынша жергiлiктi органдарға шұғыл түрде хабарлауы тиiс.
      28. Ақаба суларды төгумен болған, қала тазарту имараттарының жұмысы үшiн жол берiлмейтiн болып табылатын, қалалық ақаба сулар құрамында ластандырушы заттар концентрациясы табылғанда, Қызмет көрсетушi қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасына хабарлайды.
      Қызмет көрсетушi осымен қатар - Қаулы талаптарын бұзушыны iздеудi жүргiзедi.
      29. Тұтынушы Қаулымен белгiленген, талаптардың бұзылудың алдын алатын, барлық шараларды қамтамасыз етедi. Қаулы бұзылғаны анықталған кезде Тұтынушы қала канализация жүйесiне ластанған ақаба суларды төгудi тез арада тоқтатады.
      30. Қызмет көрсетушi қала канализация жүйесiне ақаба суларды төгу бойынша белгiленген Қаулы талаптарын бұзған кезде сәйкес Тұтынушыларға келтiрiлген шығынды есептеумен канализация желiлерiнен Тұтынушының канализациялық желiсiн өшiрiп тастауға құқылы.
      31. Қызмет көрсетушi Тұтынушыға қала канализация жүйесiне келтiрiлген, шығынды қалпына келтiру туралы белгiленген тәртiппен наразылықтар мен талаптар көрсетуге.
      32. Аталған Қаулы талаптары Тұтынушымен бұзылған кезде Қызмет көрсетушiнiң уәкiлеттi органы белгiленген үлгi бойынша сәйкес хаттамаларды жасайды.
      33. Төгiлетiн ақаба суларда ластаушы заттар концентрациясының мүмкiндiгi асып кететiн, ластаушы заттар болған жағдайда, Қызмет көрсетушi Тұтынушыдан ҚР ҚБҚ 1.04-11-2002 елдi мекендердiң канализация жүйесiне ағын суларды қабылдау ережелерiмен белгiленген нормативтер шегiнен асып кеткен, ластануларды өңдеу үшiн қосымша төлем алады.
      34. Ластанудың сандық параметрлерi бекiтiлген әдiс бойынша Қызмет көрсетушiнiң бақылау-сынау орталығы зертханасымен анықталады.
      35. Қосымша төлем мөлшерi табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы өкiлеттi органның формуласымен анықталады.
      36. Қосымша төлем өндiру үшiн негiз болып табылатындар:
      қосымша төлем есебi;
      ақаба сулар сынамасын алу актiсi;
      ластаушы заттар концентрациясының мөлшерi Қызмет көрсетушiмен белгiленген ақаба сулар анализiнiң қорытындылары хаттамасы.
      37. Әрбiр шығарылым бойынша қосымша төлем есебi Қызмет көрсетушiмен жекелей жүргiзiледi. Тұтынушымен әрбiр шығарылым бойынша шығындар әкелiнбеген жағдайда қосымша төлем Тұтынушы сарқындарының жалпы көлемiне ең жоғарғы ластану бойынша есептеледi.
      38. Қосымша төлем белгiленген нормативтерден тыс ластанулар төгу анықталғаннан сәттен бастап осы ластанулар төгулерiн жойған күнге дейiнгi мерзiмге есептеледi. Канализация жүйесiне ластаушы заттарды жоюға уақыт Тұтынушының ақаба суларын қайталай бақылау (сынама алу) кезiнде Қызмет көрсетушiмен айтылады.
      39. Тұтынушы Қызмет көрсетушiнi аталған бұзушылықтың жойылғаны туралы хабарламаса немесе Қызмет көрсетушiнiң қайталай тексеруi (сынама алу) Тұтынушының белгiленген нормативтерден ластанулар төгуiн жоймағанын дәлелдейтiн болса, онда Қызмет көрсетушi канализация жүйесiне ластанған ақаба сулардың түсуi жалғасуда деп санауға құқылы. Ақаба сулардың сапалық құрамын Қызмет көрсетушiмен қайталай тексеру Тұтынушы есебiнен жүргiзiледi.
      40. Тұтынушымен ақаба суларды канализация жүйесiне төгу кезiнде Қаулымен белгiленген нормадан сутетiк көрсеткiш әрбiр 0,5 бiрлiкке ауытқумен, Тұтынушыдан төгiлген сарқындардың әрбiр текше метрiне қолданыстағы тарифтен 2-еселенген мөлшерде қосымша төлем алынады.
      41. Қызмет көрсетушi Тұтынушыға келгеннен кейiн, ол бiр сағат iшiнде қызмет көрсетушi өкiлiне өз өкiлiнiң қатысуымен бақылау құдығынан ақаба сулардан сынама алу жүргiзу мүмкiндiгiн қамтамасыз етпеген жағдайда, онда сынама алу Қызмет көрсетушiмен бiр жақты тәртiппен жүргiзiледi және осы кездегi сынама алу жасалған актi дұрыс ресiмделген деп саналады.
      42. Қызмет көрсетушiге бақылау құдығынан сынама алу жүргiзуге мүмкiндiк қамтамасыз етiлмеген жағдайда, қала канализация жүйесiне келiп түсетiн, ақаба сулардың соңғы тексеруi кезiнде белгiленген, ластаушы заттар концентрациясының көлемi ұлғайтылып қолданылады.
      43. Егер Тұтынушы Қызмет көрсетушiнi канализация жүйесiне ақаба сулармен ластаушы заттардың жалпылай төгiлгенi туралы хабарламаса, онда есеп Қызмет көрсетушiнiң соңғы тексеру сәтiнен (сынама алу) бастаған мерзiмде Тұтынушыдан Қызмет көрсетушi қабылдаған ақаба судың барлық көлемiне жүргiзiледi.
      44. Қызмет көрсетушiге су қорғау және реттеу бойынша жергiлiктi органдар жағынан талап қойылған кезде, Қызмет көрсетушi су нысанын ластауға әкелген, құрамдағы ақаба суды төгуге жол берген, нақты бiр Тұтынушыға регрессивтiк талапты қоюға құқылы.
      45. Канализация жүйесiне ақаба сулармен ластаушы заттарды жалпылай төгу кезiндегi қосымша төлем қоршаған ортаға келтiрiлген шығынды қалпына келтiрудегi Тұтынушы жауапкерлiгiн алмайды.
      46. Аталған Қаулымен тиым салынған, ластаушы заттарды канализация жүйесiне Тұтынушымен төгу бiрнеше рет қайталану кезiнде, Қызмет көрсетушi осындай Тұтынушыларды қала канализация жүйесiне ақаба суларды төгуге жiбермеуге құқылы.
      47. Қызмет көрсетушi:
      1) қала канализация жүйесiнiң техникалық жағдайы;
      тазарту имараттарының тиiмдi жұмысы;
      аталған қаулының сақталуы;
      Қаулыны бұзушыларға уақытында шара қабылдау үшiн жауапкершiлiк алады.
      2) Қаулы бұзушылар туралы ақпараттарды жергiлiктi басқару мен қоршаған ортаны қорғаудың аумақтық басқармасына бередi.
      48. Өндiрiстiк ақаба сулар сапасын технологиялық бақылау тобы (бұдан әрi - Топ) Қызмет көрсетушiнiң бақылау-сынау орталығы құрамында ұйымдастырылады және орталық бастығына бағынышты болады. Топ өз жұмысында Қаулыны және қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамалықтарын басшылыққа алады.
      49. Топтың негiзгi тапсырмасы болып Қаулыны әзiрлеу, қала канализация жүйесiне ақаба суларды төгуге Тұтынушыларға рұқсат беру, қала канализация жүйесiнiң қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қаулының сақталуына қажеттi бақылау, Тұтынушы балансында тұрған, канализациялық желiлер мен жергiлiктi тазарту имараттары жағдайына бақылау болып табылады.
      50. Топтың кадрлық құрамы ақаба суларды тазалау мен оның анализi аумағындағы мамандардан тұрады.
      51. Топтың сандық құрамы қала канализация жүйесiне ақаба сулар жiберетiн Тұтынушылар санына және олардың су шығару қуаттылығына байланысты белгiленедi. Инженер - технолог шамамен тәулiгiне 30 мың текше метр ақаба судың төгiлуiне бақылау жасайды.
      52. Ақаба сулардың сапалық құрамы үшiн техникалық-ұйымдастыру сұрақтары Топ мамандары мен Қызмет көрсетушi зертханасымен бiрлесе отырып шешiледi.
      53. Тұтынушы ақаба суларын химиялық бақылауды жүзеге асыру үшiн Қызмет көрсетушiмен зертханалық жай, жабдықтар, аспаптар, реактивтер, химиялық ыдыстар бөлiнуi тиiс. Сынаманы жеткiзу көлiкпен жүзеге асырылады.
      54. Жекелеген заттардың химиялық анализ әдiсi, анықтаудың нақтылығына, анализдiң ұзақтығына, оның қиындылығына, қолданылатын реактивтердiң бағасы мен тапшылығына, аспаптардың, реактивтердiң және жабдықтардың бар екендiктерiн қойылатын талаптарды есепке ала отырып таңдалады.
      55. Анализдiң жаңа түрiн енгiзу сәйкес әдiстер мен аспаптарды меңгеру бойынша жол салушы жұмыстармен болу керек. Сыналған әдiстi мақсатты пайдалану анықталғаннан кейiн белгiленген тәртiппен қажеттi қосымша аспаптарға тапсырыс берiледi.
      56. Химиялық бақылаудың негiзгi мiндеттерi болып табылатындар: Тұтынушының ақаба суларына химиялық бақылауды жүзеге асыру, ақаба сулар анализiнiң қорытындыларын ресiмдеу, тиiстi есеп берулердi жасау.
      57. Топ мамандары Тұтынушының канализация желiсiндегi бақылау нүктелерiнен ақаба сулардың сынамасын алуды екi данада сынама алу актiсiн толтырумен жүргiзедi, оның бiреуi Тұтынушыға берiледi. Бiр актiмен бiрнеше шығарылымдар сынамасын алуды ресiмдеуге рұқсат етiледi.
      Анализге алынатын ақаба сулар көлемi, нақтылай ингредиенттi анықтауда пайдаланылатын әдiске байланысты белгiленедi. Тұтынушының ақаба суларынан сынама алу кезiнде сынама алу туралы актiсi жасалып, онда сынаманың алынған уақыты, орны, мақсаты, сынама сипаты көрсетiледi. Актiге Тұтынушы өкiлi және сынама алған Топ маманы қол қояды.
      58. Алынған ақаба су сынамалары сынама алу актiсiнде Топ мамандарымен көрсетiлген компоненттер тiзiмi бойынша ақаба сулар сапасы құрамының химиялық анализiн жүргiзу үшiн Қызмет көрсетушi зертханасына жеткiзiледi.
      59. Қызмет көрсетушi зертханасына келiп түскен сынамалар жұмыс журналына тiркелiп, онда Тұтынушының атауы, бақыланатын ингредиенттiң сиымдылық нөмiрi, анализ қорытындысы, орындалған күнi, орындаушының аты-жөнi көрсетiледi.
      60. Ақаба сулар сынамасының анализi Қызмет көрсетушiнiң зертханасының белгiленген тәртiбiмен аккредиттiк аттестацияланған әдiс бойынша орындалады.
      61. Канализация жүйесiне төгiлетiн, Тұтынушы ақаба суларының белгiленген нормативтерге сәйкестiгiне анализ жүргiзуге олардан сынама алуда, Қызмет көрсетушi анализ жүргiзу барысын Тұтынушы өкiлiнiң бақылауына мүмкiндiктi қамтамасыз етедi.
      62. Анализ барысы жұмыс журналында тiркеледi, онда орындалу күнi, келесi есептеу қорытындысы үшiн қажеттi барлық сандық белгiлер мен анализ процесiнiң негiзгi көрсеткiштерi белгiленедi.
      63. Зертханада орындалатын аналитикалық бақылау көлемi, бақылауға жататын Тұтынушылар санына, сонымен қатар жұмысшылардың нақтылай санын, орындалатын анықтаулардың күрделiлiгi мен ұзақтығын ескере отырып, Топ басшысымен апта сайын белгiленедi.
      64. Анализ нәтижесi Тұтынушының атауы, сынама алынған уақыт, сынаманың кiммен алынғаны және оған кiмдер қатысқаны көрсетiлген белгiленген үлгi бланкiсiнде ресiмделедi. Бланктерге зертхана бастығымен, орындаушымен қол қойылады және Топқа берiледi.
      65. Тұтынушы мен Қызмет көрсетушi тәуелсiз сараптамаға алынған сынаманы бiрдей уақытта жiберуге құқылы, бұған бекiтiлген тәртiппен акт жасалады.
      66. Канализация жүйесiне төгiлетiн, ақаба сулар сынамасын алу, тасымалдау, анализ үшiн сынама дайындау, сынамаға анализ жүргiзу қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамалықтарымен бекiтiлген стандарттарға, нұсқаулықтарға және әдiстерге сәйкес жүзеге асырылады.
      67. Егер Тұтынушы қала канализация жүйесiне төгiлетiн ақаба суларында өзгерiстер болатындай басқа өндiрiс технологиясына көшетiн болса, онда ол алдын-ала Қызмет көрсетушiге осы өзгерiстер ағымы болуы мүмкiн мерзiмi көрсетiлген ақаба сулар құрамының жоспарланған өзгерiсi туралы хабарлауы тиiс. Қызмет көрсетушi осы ақпаратты алғаннан кейiн Тұтынушымен бiрлесе отырып, ақаба сулардың сандық және сапалық құрамы сұрақтары бойынша технологиялық процесстердi тексередi. Тексеру қорытындысында анықталған ақаба сулардағы ластаушы заттар Қаулымен белгiленген тәртiппен Қызмет көрсетушiмен нормаланады және Тұтынушыға жеткiзiледi.
      68. Анализ жүргiзуге анализдi орындаудағы әдiстемемен қарастырылған уақыт берiледi. Кесте бойынша анализ жүргiзу Қызмет көрсетушi есебiнен, ал Тұтынушы тапсырысы бойынша - Тұтынушы есебiнен жүзеге асырылады.
      69. Жiберiлетiн концентрациядан тыс ластаушы заттар анықталған жағдайда Тұтынушы қала канализация жүйесiне ақаба суларды төгудi тоқтатуға және белгiленген шекке дейiн ластауды азайту бойынша шаралар қабылдауға мiндеттi.
      Ластаушы заттар құрамын асыруды шақыратын, себептер шеттетiлгеннен кейiн, Тұтынушы қайталай сынама алуға тапсырыс бередi.
      70. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
      Қала әкiмi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады