Асықата кентіндегі Төлеби көшесіне Зейнеп Таспанбетованың есімін беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Асықата кенті әкімінің 2007 жылғы 4 сәуірдегі N 57 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 30 сәуірде N 14-7-41 тіркелді

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, және Төлеби көшесі тұрғындарының 2007 жылғы 11 қаңтардағы жалпы жиналысының хаттамасына, 2007 жылғы 5 наурыздағы аудандық ономастика комиссиясының ұйғарымына, және Төлеби көшесі тұрғындарының өтініштеріне негізделіп Асықата кенті әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Асықата кенті Төлеби көшесіне осы кенттің құрметті азаматшасы болған, кенттің көріктеніп-көркеюіне, ауылдастарының тұрмыс деңгейінің жақсаруына өз үлесін қосқан жастарға үлгі үлкендерге сыйлы бола білген Зейнеп Таспанбетованың есімі берілсін.
      2. Осы жоғарыдағы есімі берілген көшені қазіргі заман талабына сәйкестендіріп, архитектуралық талапқа сай безендіру, көшенің атауымен әр үйге сандық белгілер орнату көшені таза ұстау әр үйге көше деген атаққа лайықты болуын Таспанбетова Зейнептің ұл-қыздарынан сұралсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Асықата кенті әкімі                        Қ. Ақышев 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады