Ынталы ауылындағы жаңа көшеге Қосымбетов Мұсақұлдың есімін беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 25 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 19 желтоқсанда N 14-7-51 тіркелді

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, жалпы жиналыс хаттамасына, аудандық ономастика комиссиясының ұйғарымына және Ынталы ауылы тұрғындарының өтініштеріне негізделіп Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі Ынталы ауылындағы жаңа көшеге осы ауылдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан, еріктілер қатарында Ұлы Отан соғысына қатысып, Сталинград майданында ерлікпен жауға қарсы тұрып жау оғынан қаза болған Мұсақұл Қосымбетовтың есімі берілсін.
      2. Осы жоғарыдағы есімі берілген көшені қазіргі заман талабына сәйкестендіріп, архитектуралық талапқа сай безендіру, көшенің атауымен әр үйге сандық белгілер орнату, көшені таза ұстау әрі үлгілі көше деген атаққа лайықты болуын Мұсақұл Қосымбетовтың туысқандарынан сұралсын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ж.Нұрлыбаев ауылдық округі әкімі           З. Бектұрсынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады