"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабы 4 тармағына, жалпы жиналыс хаттамасына, аудандық ономастика комиссиясының ұйғарымына және Қарақай елді мекені тұрғындарының өтініштеріне негізделіп Қарақай ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Қарақай ауылдық Қарақай елді мекеніндегі М.Горький көшесіне осы ауылдың өркендеуіне елеулі үлес қосқан, ІІІ-дәрежелі "Еңбек ардагері" Алтыбай Әбдрахмановтың есімі берілсін.
2. Осы жоғарыдағы есімі берілген көшені қазіргі заман талабына сәйкестендіріп, архитектуралық талапқа сай безендіру, көшенің атауымен әр үйге сандық белгілер орнату, көшені таза ұстау әрі үлгілі көше деген атаққа лайықты болуын Алтыбай Әбдрахмановтың ұл-қыздарынан сұралсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарақай ауылдық округі әкімі С. Сейтімов