Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы әкімдігінің 2009.11.24 N 958 Қаулысымен.
"РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".
"Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 қаулысын іске асыру мақсатында Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мақтаарал ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты бекітілсін (Қоса беріледі).
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Аудан әкімінің м.а. Ш. Кенжеев
Мақтаарал ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 716 қаулысымен бекітілген
1 қосымша
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға мұқтаж азаматтарды кезекке тіркеу және есепке алу бойынша
азаматтарды көрсетудің стандарты.
1. Жалпы ережелер.
1. Есепке қою - мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беруге болатын азаматтарды тұрғылықты жері бойынша атқарушы органдар жүзеге асыратын есепке алу.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтік нысаны - автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Тұрғын үй қатынастары туралы Заңының 67-75 баптарына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет Мақтаарал ауданының тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі көрсетеді.
Мекен-жайы: Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі № 12 үй.
5. Аталған қызмет нәтижесінде тұтынушы жеке келіп коммуналды тұрғын үй алуға кезекке тіркелгендігі жөнінде хабарлама алады.
6. Мемлекеттік қызмет тұрғын үйге мұқтаж халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Мақтаарал ауданының азаматтарына, мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік мекеме қызметкерлері, әскери қызметкерлер және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
1) Қызмет көрсету мерзімі-30 күн.
2) Қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күту уақыты 40 минуттан артық емес.
3) Құжаттарды алған кезде кезек күту уақыты 30 минут.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақысыз.
9. Мемлекеттік қызмет келесі мекен-жайда көрсетіледі: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 12 үй.
10. Жұмыс кестесі: қабылдау күндері: дүйсенбі-бейсенбі
сәрсенбі-жұма, демалыс күндері: сенбі, жексенбі.
Жұмыс уақыты: 09-00 ден 18-00 дейін.
Қабылдау уақыты: 10-00 ден 12-00 дейін.
Түскі үзіліс: 13-00 ден 14-00 дейін.
11. Қызмет көрсету орынның шарттары: үлгілері бар таған, отыруға арналған орындықтар, өтініш үлгісі, құжаттар тізбесі көрсетілген стендтер.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.
12. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекке қою үшін жиналған құжаттар тізбесі:
- есепке алу бойынша жазылған өтініш;
- Азаматтың жеке куәлігі, неке қию (ажырасу, қайтыс болу) куәлігі, балаларының туу туралы куәліктері, Әділет басқармасынан беріледі. мекен-жайы: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі н/ үй тел: 6-72-86.
- жанұя құрамы туралы және тіркелуі бойынша анықтама (азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі), қала, кент және ауылдық округ әкімшіліктерінде.
- Өтініш білдірушіге және онымен бірге тұрғылықты тұратын жанұя мүшелеріне соңғы 5 жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмегендігі жөнінде анықтама, халыққа қызмет көрсету орталығынан беріледі. Мекен-жайы: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі н/ үй тел:6-12-52.
- Әлеуметтік қамтамасыздандыру органнан өтініш білдірушінің (жанұясының) халықтың әлеуметтік қорғаудағы табысы аз топтарына жататындығын растайтын анықтама, Мақтаарал ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Ш.Айманов № 1 тел: 6-12-50) және зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы ( Абай көшесі № 50 үй, тел: 6-25-68).
- Жұмыс орнынан анықтама.
- Қажет болған жағдайда өтініш білдіруші денсаулық сақтау мемлекеттік мекемесінен жанұяда аурудың ауыр түрімен ауыратын азаматтың бар екендігін растайтын анықтамасын ұсынады.
- Құжаттар тігетін папка.
13. Өтініш нысандары мына мекен жайда беріледі: Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 12 үй.
14. Жиналған құжаттар тізбесі Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 12 үйге тапсырылады.
15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттар тізбесін тапсырған соң қабылданған күні көрсетілген тілхат алады.
16. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі өтініш білдірушіге жеке (жеке келуі) Жетісай қаласы, М.Әуезов көшесі № 12 үйде хабарланады.
17. Азаматтың соңғы 5 жыл көлемінде тұрғын үй жағдайын төменде көрсетілген себептермен қасақана нашарлатса мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу есебіне қоюға өтініші қанағаттандырылмайды:
- тұрғын үй-жайын ауыстырса;
- Қазақстан Республикасының белгілі бір елді-мекенінде орналасуына қарамастан, өзіне жеке меншік құқығымен тиесілі, тұру үшін жарамды тұрғын үйді иелігінен шығарса;
- тұрғын үйдің өз кінәсінен бұзылуы немесе бүлінуі;
- тұрған кезде оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуіне мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйінен кетуі;
- жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызғаны анықталса.
18. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:
- тұтынушы құжаттарының мазмұнының құпиялығын сақтау және қорғауды қамтамасыздандыру;
- қызмет міндеттерін сапалы әрі адал орындау;
- жұмыс уақтысын тиімді пайдалану;
- сыпайылық және әдептілік.
19. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілерінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
21. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағым дайындауға жәрдем көрсетеді.. Мекен-жайы: Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі № 12 үй, тел: 6-14-73.
22. Шағым тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысына беріледі. Мекен-жайы: Жетісай қаласы,М.Әуезов көшесі № 12 үй, тел: 6-14-73.
23. Шағымдар тіркеу кітабында тіркеледі, белгілі бір мерзімде қаралады және қарау нәтижелері тұрғын үй бөлімінде беріледі. Мекен-жайы: Жетісай қаласы,М.Әуезов көшесі № 12 үй, тел: 6-14-73.
24. Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы. Мекен-жайы: Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі № 12 үй, байланыс тел: 6-14-73. Азаматтарды қабылдау күндері: дүйсенбі, бейсенбі, сәрсенбі күндері 10-00 ден 12-00-ге дейін.
Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы: Мекен-жайы: Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі № 12 үй, байланыс тел: 6-14-73.
25. Тұтынушыға арналған басқа да пайдалы ақпараттар: Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі № 12 үй тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманымен жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің
стандартына қосымша.
Кесте. Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні.
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні. |
Көрсеткіш- тердің нормативтікмәні |
Көрсеткіш-тердің |
Көрсеткіш-тердің |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. Уақтылығы. |
|||
1.1 құжаттарды тапсырған сәттен бастап |
100 |
100 |
100 |
1.2 қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) |
100 |
100 |
100 |
2. Сапасы. |
|||
2.1 қызметті ұсыну үдерісінің сапасына |
85 |
80 |
70 |
2.2 құжаттарды лауазымды |
90 |
85 |
80 |
3. Қол жетімділік |
|||
3.1 қызметті ұсыну тәртібі |
90 |
85 |
70 |
3.2 тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және 1-ші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі) |
85 |
75 |
65 |
3.3 Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат оқиғаларының % |
90 |
85 |
- |
4. Шағымдану үдерісі. |
|||
4.1 қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы |
25 |
20 |
30 |
4.2 белгіленген мерзімде |
25 |
25 |
20 |
4.3 шағымданудың қолданыстағы тәртібіне |
25 |
25 |
20 |
4.4 шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) |
25 |
25 |
20 |
5.Сыпайылық |
|||
5.1 қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі |
90 |
85 |
80 |