Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2007 жылғы 24 желтоқсандғы N 5/34-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 ақпанда N 14-9-50 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 шілдедегі N 21/137-IV Шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009.07.20 N 21-137/IV Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" заңының 97 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" заңының 6 бабына және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешімнің жауапты орындаушысы болып Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі белгіленсін.
      3. Отырар аудандық мәслихатының 20.03.2006 жылғы N 25/159-III "Халықтың аз қамтамасыз етілген азаматтарына тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет көрсетуге ақы төлеуге тұрғын үй көмегін беру Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде N 14-9-26 тіркелген, "Отырар алқабы" газетінің 2006 жылғы 6 мамырдағы санында жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы     М. Әбдалі

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Ә. Махатай

Отырар аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
N 5/34-ІV шешімімен бекітілген

Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру ҚАҒИДАСЫ

      Осы аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және "Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 маусымдағы N 553 қаулысына сәйкес әзірленді және аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібін белгілейді.

       1-таpay. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) тұрғын үй көмегі – халықты әлеуметтік қорғау түрінің бірі болып табылады. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жайды ұстауға және коммуналдық қызметтерді тұтынуға, жергілікті телекоммуникациялар желілеріне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы (бұдан әрі телефон үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы) мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына өтемақы төлеуге беріледі;
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009.02.20 N 17/109-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.
      2) отбасының жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындау кезіндегі тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы. Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес аз қамтамасыз етілген отбасыларына көрсетілген көмектер (атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы), қайтыс болғанда жерлеуге және бала туғанда берілетін біржолғы төлемдер, төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу мақсатында отбасыға көрсетілген көмектер мен жер үлесінен, жеке қосалқы шаруашылықтан алынған табысты көмектерді қоспағанда, есепті кезеңде алынған табыстың барлық түрлері есепке алынады;
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009.02.20 N 17/109-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.
      3) өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй алаңының нормасы тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әрбір мүшесіне тұрғын үй беру нормасымен баламды және коммуналдық қызметтерге тұрғын үй көмегін есептеу үшін қолданылады;
      4) уәкілетті орган - тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асырушы ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың атқарушы органы;
      5) уәкілетті ұйым - екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдар;
      6) өтініш беруші - тұрғын үй көмегін тағайындату үшін отбасы атынан өтініш беретін адам.

      2. Тұрғын үй көмегін алу құқығы

      2. Тұрғын үй көмегі аз қамтамасыз етілген отбасыларға, аумақта тұрақты тұратын және меншік нысанына қарамастан тұрғын үйдің меншік иесі немесе пайдаланушы (жалдаушы, жалға алушы) болып табылатын жеке тұлғаларға беріледі.
      Егер, тұрғын үй алаңының әлеуметтік нормасы мен коммуналдық қызметті тұтыну нормативтері шегіндегі тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, аудандық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына өтемақыға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындары отбасы жиынтық табысының 20 пайызы үлесінен жоғары болған жағдайда тұрғын үй көмегі тағайындалады.
      3. Жеке меншігінде біреуден артық тұрғын үйі (пәтерлер, тұрғын үйлер) бар немесе тұрғын жайды жалға беруші (қосымша жалға беруші), сондай-ақ жалдауға беруші тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      Бірінші, екінші топтағы мүгедектердің, 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейінгі баланың күтімімен айналысатын тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды отбасындағы тұлғалар жұмыс істемейтін, күндізгі оқу бөлімінде оқымайтын, армияда қызметін өткермейтін және жұмыспен қамту органында тіркелмеген кезеңге тұрғын үй көмегі тағайындалмайды.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009.02.20 N 17/109-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.      
      4. Өтініш беруші тұрғын үй көмегінің заңсыз тағайындалуына және төленуіне апарып соқтырған дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайда отбасы алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығын айырылады.
      5. Ұсынылған жұмыстан немесе жұмысқа орналастырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, қоғамдық жұмыстарға қатысуды, оқуын немесе қайта оқуын өз бетімен тоқтатқан жұмыссыздардың отбасына алты айға тұрғын үй көмегін алу құқығын жоғалтады.
      6. Тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтер, байланыс қызметтерін тұтынуға жеңілдіктері бар және осымен бір мезгілде тұрғын үй көмегін алу құқығы бар тұлғаларға әлеуметтік қорғау нысандарының бірін таңдау мүмкіндігі беріледі.

      3.Тұрғын үй көмегіне өтініш беру тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға мынадай құжаттармен өтініш жасайды:
      1) тұрғын үй меншік иесі (жалға алушының) өтініші;
      2) отбасы құрамы туралы анықтама, немесе жаңа үлгідегі үй кітапшасы;
      3) табысы туралы анықтамалар;
      Өзін-өзі жұмыспен қамтудан түскен табыс азаматтардың жазбаша өтінішімен расталады;
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009.02.20 N 17/109-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.      
      4) жекешелендіру туралы шарты немесе ордері (пәтердің немесе үйдің жоспары);
      5) аудандық телекоммуникациялар желісінің абоненттері екендігін растайтын шарт;
      6) отбасында еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтылғанын растайтын анықтамалар;
      7) балалардың туу туралы, неке қию туралы, немесе оның бұзылғандығы туралы, N 4 үлгі, әкелігін анықтайтын куәліктері;
      8) өтініш берушінің жеке куәлігі, ӘЖК, СТК;
кондоминиум объектісінің қатысушылары үшін:
      9) кондоминиум объектісінің қатысушысы ретінде мемлекеттік тіркеуден өткендігі туралы куәлігі;
      10) сараптамадан өтіп, мөрмен куәландырылған көппәтерлі үйдің әрбір күрделі жөндеу жұмыстарының түріне есептік-сметалық құжат;
      11) төленген төлемі көрсетілген, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жөндеуге өтініш берушінің жұмсаған шығындарын өтеу қажеттігі туралы кондоминиум төрағасынан анықтама - қолдаухат;
      12) кондоминиум қатысушысының үлес мөлшері көрсетілген, заңнамаларға сәйкес тіркеуден еткен кондоминиумның техникалық паспорты;
      13) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар аяқталғаннан кейін қабылдау-тапсыру актісі.
      8. Тұрғын үй көмегін алуға құқық тоқсан сайын отбасының табысы туралы мәліметтерді бере отырып расталады.
      9. Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      10. Уәкілетті орган көшірмелерді түпнұсқалармен салыстырып тексереді, оларды тіркейді және өтініштің бекітілген нысанына сәйкес құжаттарды қабылдағаны туралы растаманы өтініш берушіге береді.

      4. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

      11. Тұрғын үй көмегі тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерді, аудандық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифі артуының сомасын төлеуге және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша алдыңғы тоқсандағы шығындарды өтеу үшін бюджетте бөлінген қаржы шегінде ақшалай төлем түрінде беріледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009.02.20 N 17/109-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.      
      Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығын өтемақысы кондоминиум қатысушысы ретінде төлемдерді (жарналарды) төлеген жағдайда өтеледі.
      12. Тұрғын үй көмегі бекітілген әлеуметтік норма және норматив бойынша есептелінген тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерге, аудандық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақы тарифінің артуына және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу шығындарына ақы төлеуге қажетті қаржының 60 пайызы мөлшерінде тағайындалады.
      13. Тұрғын үй көмегі өтініш берілген айдан бастап тұрғын үй көмегін алуға құқығы туындағаннан кейін ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
      Барлық қажетті құжаттарды қоса бере отырып, өтініш берген ай өтініш жасалған ай деп саналады.
      14. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстау, коммуналдық қызметтерге, байланыс қызметтеріне және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша шығындарына ақы төлеу азаматтарға жалпы негіздерде жүргізіледі.
      15. Уәкілетті орган өтініш берушіден құжаттарды қабылдап алған күннен бастап он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешім қабылдайды.
      Бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тарту себебін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.
      16. Тұрғын үй көмегін алушылар 15 күн мерзімде уәкілетті органды тұрғын үй көмегі мөлшерінің өзгеруі үшін негіз болатын немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар туралы хабардар етуге міндетті.
      Тұрғын үй көмегінің мөлшеріне немесе оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлар болған жағдайда, қайта есептеу олар анықталған кезінен бастап немесе келесі тоқсанда жүргізіледі.
      Артық төленген сомалар ерікті тәртіппен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға тиіс.
      16-1. Тұрғын үй көмегін тағайындау есебін жүргізу барысында, коммуналдық қызметтерді тұтынудың нормативтері (орта мөлшері) коммуналдық қызметтер ұсынатын деректері негізінде айқындалады, қыс мезгілінде жылыту үшін қатты отынды тұтынудың мөлшерін уәкілетті орган белгілейді.
      Ескерту. 16-1 тармақпен толықтырылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2009.02.20 N 17/109-IV (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) Шешімімен.      

       5. Тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      17. Тұрғын үй көмегін төлеу алушының таңдауы бойынша уәкілетті ұйым арқылы, өзі таңдаған ұйымдағы жеке шотының деректерін көрсете отырып берген өтініші негізінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      18. Тұрғын үй көмегін төлеу өткен ай үшін ай сайын жүргізіледі.
      19. Тағайындалған тұрғын үй көмегі сомасын алушылардың жеке шоттарына есептеу қаражаттың түсуіне қарай жүргізіледі.

      6. Тұрғын үй көмегін көрсету үшін жауапкершілік

      20. Уәкілетті органдар мен уәкілетті ұйым тиісінше тұрғын үй көмегін тағайындаудың, төлеудің және берудің уақытылығы үшін заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады