Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Тассай ауылдық әкімшілігіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2007 жылғы 29 мамырдағы N 42-428/III шешімі және Сайрам ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 29 мамырдағы N 971 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 7 шілдеде N 14-10-67 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Тассай ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 15,0 гектар тәлімі жерден жер телімі алынып, Тассай және Таскен ауылдарының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 15,0 гектар жер телімі қосылып, оның ішінде: 9,0 гектар жер телімі Таскен және 6,0 гектар жер телімі Тассай елді мекендерінің шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім Сайрам аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енгізілсін.

      Аудан әкімі                                М. Әлиев
      Сессия төрайымы                            А. Қабылбеков
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Ю. Халимжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады