Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетудің стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы N 2512 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 22 қаңтарда N 14-10-74 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 19 қарашадағы N 1139 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2009.11.19 N 1139 қаулысымен.     

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы N 561 "Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін бекіту туралы" және 2007 жылғы 30 маусымдағы N 558 "Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандартын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес, аудандық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімімен мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Сапарбаевқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                                М. Әлі

Cайрам ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 2512 қаулысымен бекітілген
қосымша

      "Лизингімен техниканы сатып алу үшін анықтама беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарты

      1. Жалпы ережелер

      1. Осы стандарт лизингімен техниканы сатып алу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібін белгілейді (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке, заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 Қаулысы 5 бөлімінің 125 тармағы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі. Мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй. Телефоны: 21-765, факс:21-350.
      5. Мемлекеттiк қызмет аяқтау нысаны лизингімен техниканы алу үшін анықтама беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға көрсетiледi (бұдан әрі - өтініш білдіруші).
      7. Мемлекеттiк қызмет келесідей мерзімде көрсетіледі:
      1) өтініш, барлық құжаттарымен қабылданған күннен бастап 30 күн ішінде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсырған кезде кезек күту 40 минуттан аспауы тиіс;
      3) құжаттарды алған кезде кезек күту 30 минуттан аспауы тиіс.
      8. Мемлекеттік қызмет көрсету жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат, олардың үлгілері және оларды толтыру туралы толық ақпарат ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үйде орналасқан «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ресми ақпараттық дерек көздерінде, тағандарда, ақпараттық тақталарда орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет аптасына бес күн көрсетіледі, түскі үзілісті есептемегенде, кезек тәртібімен іске асырылады. Жұмыс кестесі: қабылдау – дүйсенбі- жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі.
      11. «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде осы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай жағдайлар жасалған: балалар және мүгедектер арбасына арналған жол (пандус); кіре берісте мемлекеттік және орыс тілдеріндегі өтініштердің үлгілері жазылған таған, дәлізде күтіп отыру үшін төрт адамдық ұзын орындық қойылған, күту залы, құжаттарды толтыру орындары, құжаттарды толтыру үлгісінің тәртібі және тапсырылатын құжаттар тізімі тағанмен жабдықталған.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін:
      1) жеке тұлғалар – төлқұжат немесе жеке куәлігінің көшірмесі (төлқұжат немесе куәлік халыққа қызмет көрсету орталығында (әрі қарай-ХҚО) беріледі, мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Қыстаубаев көшесі н/з үй, тел:22-700;
      2) заңды тұлғалар – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (куәлік ХҚО-да беріледі, мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Қыстаубаев көшесі н/з үй, тел:22-700;
      3) салық төлеушінің тіркеу нөмірінің көшірмесі (СТН), ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жандарбеков көшесі н/з үйде орналасқан Сайрам ауданы бойынша салық комитетінде беріледі, тел:20-200.
      13. Өтiнiш нысандары «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде мына мекен жайда берiледi: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй.
      14. Тұтынушы өтінішті қажетті қосымша құжаттарымен бірге «Сайрам аудандық ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне, № 2 кабинетте бас маманына өткізеді. Мекен жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй, тел:21-350.
      15. Құжаттарды тапсырған өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілген, өтініш берушінің мемлекеттік қызмет көрсету үшін барлық тиісті құжаттарды тапсырғандығын растайтын қолхат беріледі.
      16. Анықтама беру «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде тұтынушының жеке өзінің қатысуымен немесе қолданыстағы заңмен көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй, тел:21-350.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға негіздер көзделмеген.

      3. Жұмыс қағидаттары

      18. «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмысы адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау, қызметтік міндетін орындауда заңдылықты сақтау, сыпайылық, түбегейлі және толық ақпарат ұсыну, олардың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету қағидаттарына негізделеді. Тұтынушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттар 1 ай көлемінде сақталады.

      4. Жұмыс нәтижелері

      19. «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жұмыстарының нәтижесі осы стандарттың қосымшасындағы сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. Мемлекеттік қызметтің сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің  нысаналық мәні аудан әкімімен арнайы құрылған жұмыс тобымен бекітіледі.

      5. Шағымдану тәртібі

      21. «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мамандарының әрекеттеріне шағымдану тәртібін Сайрам ауданы әкімі аппаратының басшысы түсіндіреді. Мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй, телефон: 22-244, 21-765.
      22. Шағымдар жазбаша түрде пошта арқылы, электрондық пошта арқылы немесе Сайрам ауданы әкімі аппаратының және/немесе «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кеңселері арқылы жұмыс күндері қабылданады. Жұмыс кестесі: дүйсенбі- жұма күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі; үзіліс 13.00-ден 14.00-ге дейін. Демалыс күндері: сенбі және жексенбі. Мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй, телефоны:21-765, факс:21-350.
      23. Қабылданған арыз-шағым журналда тіркеліп, қабылданған күннен бастап 15 күннің ішінде қаралады.
      Қаралған арыз-шағымның нәтижесі арызданушыға жазбаша түрде пошта арқылы немесе электрондық пошта арқылы жіберіледі.

      6. Байланыс ақпараты

      24. «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараттық мәліметтері: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй, телефоны:21-765, факс:21-350.
      Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлім меңгерушісі орынбасарының байланыс телефоны: 21-350.
      «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мамандарының байланыс телефоны: 21-443.
      Жоғары тұрған органдардың байланыс ақпараты Сайрам ауданы әкімі аппараты, мекен-жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй, телефон: 20-350. Электрондық пошта: Sairam-adm@mail.ru.
      25. Қосымша ақпарат алу үшін «Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне хабарласу қажет. Мекен–жайы: ОҚО, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Жібек-жолы көшесі, № 95 үй, телефоны:21-765, факс:21-350.

"Лизингімен техниканы сатып
алу үшін анықтама беру"
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
қосымша

      Сапа және қолжетімділік көрсеткіштерінің мәні 

Сапа және қолжетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіш- тің нормативтік мәні

Көрсеткіш-тің келесі жылдағы нысаналы мәні

Көрсеткіш-тің ағымдағы жылдағы нысаналы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының % (үлесі)

95%

80%

75%

1.2. қызмет алуды кезекте 40 минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі)

90%

60%

40%

2. Сапасы

2.1. қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % үлесі)

90%

60%

55%

2.2. құжаттарды лауазымды тұлға дұрыс ресімдеген жағдайдың (жүргізілген төлемдер, есеп айырысулар) % (үлесі)

95%

80%

75%

3. Қол жетімділік

3.1. қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

50%

45%

3.2. тұтынушы құжаттарды дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған оқиғалардың % (үлесі)

90%

40%

35%

3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтерінің ақпарат % (үлесі)

40%

30%

0

4.  Шағымдану үдерісі

4.1. қызметтің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі)

0,1%

0,3%

0,5%

4.2. белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)

90%

60%

55%

4.3. шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

70%

45%

4.4. шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

75%

45%

5.  Сыпайылық

5.1. қызметкерлердің сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)

90%

40%

35%

      Көрсеткіштер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарының көрсеткіштерін анықтау жөніндегі модельдік әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (сайт www.kyzmet.kz)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады