Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін Сайрам ауыл округіне жер телімін беру және елді мекеннің шегін өзгерту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихат сессиясының 2007 жылғы 25 желтоқсандағы N 3-61/IV шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 8 қазандағы N 2099 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының Әділет басқармасында 2008 жылғы 4 ақпанда N 14-10-86 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 15 мамырдағы № 31-199/V шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20-шы маусымдағы Жер Кодексінің 108-бабының 5-тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
      1. Сайрам ауыл округі аумағындағы арнаулы жер қорынан жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жалпы көлемі 6,0 гектар жерден жер телімі алынып, Қызылсу ауылының шегіне енгізілсін.
      2. Жалпы көлемі 6,0 гектар жер телімі қосылып, Қызылсу елді мекенінің шегі өзгертілсін.
      3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                М. Әлі
      Сессия төрағасы                            Р. Шадиев
      Аудандық мәслихат хатшысы                  Т. Тулендиев
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады