Аудан аумағында орналасқан ұйымдарға, мекемелерге мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін ең аз жұмыс орындарын (квота) белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 8 қаңтардағы N 7 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 22 қаңтарда N 14-13-24 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 76 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 30.01.2013 № 76 қаулысымен.

      "РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған".

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы "Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңын басшылыққа ала отырып және 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына сәйкес мүгедектерді жұмысқа орналастыру мақсатында Төлеби аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі (Е.Қадырбеков) квота есебінен бөлінген жұмыс орындарының бос тұрмауына тұрақты бақылау орнатсын.
      3. Ленгір қаласы және ауыл округтері әкімдері өз аумақтарында орналасқан мемлекеттік мекемелердің, кәсіпорындардың белгіленген квотаны орындауы жөнінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне көмектесуге міндеттелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Тлеубердиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы ресми жарияланған кейін 10 күн ішінде қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Б. Көшербай

Төлеби ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 8 қаңтардағы
N 7 санды қаулысына N 1 қосымша

      2007 жылы мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін жұмыс орындарының ең аз мөлшері (квота) белгіленген ұйымдар, мекемелер тізбесі

Мекемелер тізбесі

Қызметкерлер саны

Квота

Аудандық білім бөлімі

2400

72

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

114

3

Аудандық денсаулық сақтау бөлімі

1222

37

Барлығы

3736

112

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады