"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қазандағы N 84 Заңы

       1-бап.  "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 3, 18-құжат; 2004 ж., N 2, 10-құжат; 2005 ж., N 7-8, 19-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1) бүкiл мәтiн бойынша "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган", "Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның" деген сөздер тиiсiнше "Уәкiлеттi орган", "Уәкiлеттi органның" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) жұмыссыздар - өздерiне байланысты емес себептер бойынша табыс әкелетiн еңбек қызметiмен айналыспайтын, жұмыс iздеп жүрген және еңбек етуге әзiр, еңбекке жарамды жастағы адамдар;";

      4) тармақшадағы "12" деген цифрлар "он екi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) өз бетiнше жұмыспен айналысушылар - өздерiн жұмыспен қамтамасыз еткен еңбекке жарамды адамдар;";

      мынадай мазмұндағы 13-1) және 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      "13-1) әлеуметтiк жұмыс орны - жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшiн жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушiнiң олардың еңбегiне ақы төлеу шығындары iшiнара өтелетiн жұмыс орны;";
      "14-1) жұмысқа орналастыру - халықтың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық iс-шаралар кешенi;";

      3) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Жұмыспен қамтылған халық

      Жұмыспен қамтылған халыққа:
      1) еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн, соның iшiнде жұмысты сыйақы үшiн толық не толық емес жұмыс уақыты жағдайларында орындайтын немесе ақы төленетiн өзге жұмысы (қызметi), табысы бар;
      2) кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын;
      3) өз бетiнше жұмыспен айналысатын;
      4) қосалқы кәсiпшiлiкпен айналысатын және өнiмдi шарттар бойынша өткiзетiн;
      5) жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша орындайтын адамдар, сондай-ақ өндiрiстiк кооперативтердiң мүшелерi;
      6) ақы төленетiн қызметке сайланған, тағайындалған немесе бекiтiлген;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерiп жүрген;
      8) қоғамдық бiрлестiктердi, қоғамдық қорларды және дiни бiрлестiктердi қоспағанда, ұйымдардың құрылтайшылары (қатысушылары) болып табылатын, мүлкiне құрылтайшылардың (қатысушылардың) мүлiктiк құқықтары сақталмайтын адамдар жатады.";

      4) 5-баптың 2-тармағында:
      екiншi бөлiктегi үшiншi және төртiншi абзацтарында "21" және "23" деген цифрлар тиiсiнше "жиырма бip" және "жиырма үш" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшiнші бөлiктегi "жергiлiктi бюджеттiң қаражатына" деген сөздер "бюджет қаражатына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-бапта:
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) жұмыссыздарға әлеуметтiк қорғау көрсету;";

      мынадай мазмұндағы 5-4) тармақшамен толықтырылсын:
      "5-4) әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыру;";

      6) 8-бапта:
      1-тармақтың 4) тармақшасындағы:
      "10" деген цифрлар "он" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "азаматтар" деген сөз "адамдар" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "сұратуға құқығы бар." деген сөздер "сұратуға;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) еңбек делдалдығын көрсетуге құқығы бар.";

      7) 9-бапта:
      2-тармақтың 3-тармақшасындағы "хабарлауға мiндеттi." деген сөздер "хабарлауға;" деген сөзбен ауыстырылып, тармақ мынадай мазмұндағы 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
      "4) мүгедектер үшiн жұмыс орындарының белгiленген квотасын орындауға;
      5) уәкiлеттi органға алған мамандығы мен бiлiктiлiгiн көрсете отырып, кәсiптiк даярлықтан, қайта даярлықтан және өндiрiсiшiлiк оқытудан өткен адамдардың саны туралы мәлiметтер беруге мiндеттi.";

      3-тармақтағы "заң актiлерiне" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi

      1. Жеке жұмыспен қамту агенттiгiнiң:
      1) өтiнiш жасаған адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасының мәселелерi бойынша консультация беруге;
      2) жұмысқа орналасу мүмкiндiгi туралы ақпарат беруге және өтiнiш жасаған адамдардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуге;
      3) жұмыс берушiлер мен жұмысқа орналасқысы келетiн адамдар туралы мәлiметтер қалыптастыруға;
      4) жұмыскерлердiң жұмыс берушiлердiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн ескере отырып, оларды iрiктеудi жүзеге асыруға;
      5) халықаралық шарттар бар болған кезде, бiр елден екiншi елге жұмысқа орналастыру үшiн жұмыскерлер жинауды жүзеге асыруға;
      6) өтiнiш жасаған адамдарды кәсiптiк даярлау мен қайта даярлауды ұйымдастырып, бұдан кейiн жұмысқа орналастыруға;
      7) адамдарды шет елде жұмысқа орналастырған жағдайда, оларды әкету үшiн рұқсат құжаттарын ресiмдеуге құқығы бар.
      2. Жеке жұмыспен қамту агенттiгi:
      1) кемсiтушiлiктiң кез келген нысанына жол бермеуге;
      2) өтiнiш жасаған адамдардан алынатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге;
      3) бала еңбегiн пайдалануға, адамдарды жыныстық және (немесе) өзге де мақсатта пайдалану үшiн тартуға жол бермеуге;
      4) өтiнiш жасаған адамдармен еңбек делдалдығы бойынша қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуға мiндеттi.
      3. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi жұмысқа орналастыру, жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту бағдарламаларын iске асыру мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдармен, жұмыс берушiлермен өзара iс-қимыл жасайды.
      4. Жеке жұмыспен қамту агенттiктерi шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкетуге байланысты қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен осындай қызмет түрiн жүзеге асыруға лицензиясы бар болған кезде жүзеге асырады.
      Шетелдiк жұмыс күшiн тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан шет елге жұмыс күшiн әкету жұмыс берушiлер жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне немесе сақтандыру ұйымдарына жұмыскердiң атына кепiлдi және кепiлзат қойылған жарналар енгiзу арқылы шарт мерзiмi аяқталғаннан кейiн жұмыскердiң өз елiне оралуына кепiлдiк берген жағдайда ғана жүзеге асырылады.
      Кепiлдi және кепiлзат қойылған жарналарды енгiзу тәртiбiн, шарттарын және олардың мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.";

      9) 12-баптың 2-тармағындағы "республикалық және жергiлiктi бюджет қаражаттары" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Жұмыссыздарды тiркеу

      1. Жұмыс тапқысы келетiн адамдар тұрғылықты жерi бойынша уәкiлеттi органға жұмысқа орналасуына жәрдемдесу туралы өтiнiш жасай алады.
      2. Жұмыс iздеп жүрген адамды жұмыссыз деп тану туралы шешiмдi уәкiлеттi орган мынадай құжаттарды:
      жеке куәлiгін (паспортын);
      еңбек қызметiн растайтын құжаттарды;
      әлеуметтiк жеке код берiлгенi туралы куәлiктi (ӘЖК);
      салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн (СТН) ұсынған кезде қабылдайды.
      3. Жұмыс iздеп жүрген адам, осы баптың 2-тармағында санамаланған құжаттардан басқа, алған табыстары туралы (мәлiмдеу сипатындағы) мәлiметтердi қоса бередi.
      4. Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар бұдан басқа, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның iшкi iстер органдарында тiркелгенi туралы белгiсi бар куәлiгін ұсынады.
      5. Оралмандар халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық қызметтерi берген оралман куәлiгiн ұсынады.
      6. Уәкiлеттi орган осы баптың 2, 3, 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген құжаттар ұсынылған күннен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей, нысанын орталық атқарушы орган бекiтетiн дербес есепке алу карточкасына (компьютерлiк деректер базасы) мәлiметтердi енгiзу арқылы өтiнiш жасаған адамдарды тұрғылықты жерi бойынша жұмыссыздар ретiнде тiркейдi.
      7. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар - күнтiзбелiк он күн iшiнде кемiнде бiр рет уәкiлеттi органда, ал ауылдық елдi мекендерде тұратын жұмыссыздар айына кемiнде бiр рет кенттiң, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкiмiнде белгiленiп тұруға тиiс.";

      11) 16-баптың 1-тармағында:
      5) тармақшадағы "6" деген цифр "7" деген цифрмен ауыстырылсын;

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) тұрғылықты жерi өзгергенде;
      7) осы Заңның 2-бабына сәйкес жұмыспен қамтылғандар санатына жатқызылғанда;";

      12) 17-баптың 2-тармағындағы "заң актiлерiне" деген сөздер "заңдарына" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:

      "18-1-бап. Әлеуметтiк жұмыс орны

      1. Әлеуметтiк жұмыс орнын құруды жұмыс берушi жергiлiктi атқарушы органмен шарттық негiзде жүзеге асырады.
      2. Шартта тараптардың мiндеттерi, жұмыстың түрлерi, көлемi, еңбекақы төлеу мөлшерi мен шарттары, әлеуметтiк жұмыс орындарын қаржыландырудың мерзiмi мен көздерi қамтылуға тиiс.
      3. Әлеуметтiк жұмыс орны уақытша жұмыс орындарын беру немесе құру арқылы ұйымдастырылады және оның мынадай ерекшелiктерi болады:
      1) нысаналы топтарға әдейi арналады;
      2) жұмыс орындарының саны шектелмейдi, жұмыс уақытша сипатта болады және оны ұйымдастыру үшiн тұрақты жұмыс орындары мен бос орындар пайдаланылмайды.
      4. Әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушiлердi iрiктеу тәртiбiн жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.";

      14) 19-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгiндегi "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 20-баптың 1-тармағындағы "республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражатынан" деген сөздер "бюджет қаражаты" деген сөздермен, "солардың қаражатынан" деген сөздер "солардың қаражаты есебiнен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 22-баптағы "және жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган мен олардың қызметтерi" деген сөздер "мен оның аумақтық бөлiмшелерi" деген сөздермен ауыстырылсын.

       2-бап.  Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады