"Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға беру (бекiту), өтеусiз пайдалану, сенiмдi басқару, жалға беру мәселелерiн реттейтiн құқықтық актiлер туралы" 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 445 қаулыға толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінің 2007 жылғы 16 қарашадағы N 316 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 3 желтоқсанда N 2460 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 237 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімдігінің 2009.10.29 № 237 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 200-бабына , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 , 25-баптарына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттiк коммуналдық мүлiктi мемлекеттiк заңды тұлғаларға беру (бекiту), өтеусiз пайдалану, сенiмдi басқару, жалға беру мәселелерiн реттейтiн құқықтық актiлер туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2004 жылғы 26 сәуірдегі N 445  қаулысына (тіркеу нөмірі 1802, 2004 жылғы 3 маусымда "Дидар" газетінің N 54 (15418) санында, 2004 жылғы 5 маусымда "Рудный Алтай" газетінің N 84-85 (18720) санында жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:
      "4-1.Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын өзінің шаруашылық жүргізуіндегі мүлікті үш жылға дейінгі мерзімге мүліктік жалға беру туралы шешімді дербес қабылдайды.
      Жалдау ақысының есептеу ставкаларын жалға берушi кәсіпорынды мемлекеттік басқару органымен келісу бойынша анықтайды және бекітеді.".
      2. Осы қаулы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады