Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2007 жылғы 14 наурыздағы қорытындысының негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 32/3 және Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 253 "Көшелерді қайта атау туралы" (мемлекеттік тіркеу нөмірі 5-1-60, 2007 жылғы 2 маусымдағы N 59 "Дидар", 2007 жылғы 2 маусымдағы N 81 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) бірлескен түрдегі шешімі мен қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтағы "Тоқымашылар даңғылының торапты бөлігін" сөздері "Тоқымашылар даңғылы" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Өскемен қаласының әкімі |
Сессия төрағасы |
Қалалық мәслихаттың хатшысы |