Көшелерді қайта атау туралы

Жаңартылған

Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 253 қаулысы, Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 16 сәуірдегі N 32/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Өскемен қалалық Әділет басқармасында 2007 жылғы 25 мамырда N 5-1-60 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының  6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына,  31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының  13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес және қалалық ономастикалық комиссиясының 2006 жылғы 28 маусымдағы, 2007 жылғы 16 ақпандағы және 14 наурыздағы қорытындыларының негізінде Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ  және Өскемен қаласының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қайта аталсын:
      Қызыл Қырандар жағалауы Шығыс Қазақстан облыстық коммунистік партиясының бұрынғы бірінші хатшысы Александр Протазановтың есімімен;
      Тоқымашылар даңғылы Қазақ Совет Социалистік Республикасының Fылым Академиясының бірінші төрағасы, академик Қаныш Сәтпаевтың есімімен;  <*>
      Ленин даңғылы Тәуелсіздік (Независимость) даңғылына; 
       Ермак көшесі тұңғыш қазақ ұшқышы Жақыпбек Малдыбаевтың есімімен;
       Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Өскемен қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 16 қазандағы N 3037 қаулысымен, Өскемен қалалық мәслихатының 2007 жылғы 23 қазандағы N 2/5 бірлескен шешімімен.

      2. Атауы берілсін:
      Киров, Головков көшелерінің ауданында орналасқан мәдениет және демалыс саябағына, "Жастар" мәдениет және демалыс саябағы;
      Ахмер ауылындаға жаңа көшелердің біріне Панкратьев бағының негізін қалаушы Густав Александрович Вистениустың есімі;
      Ертіс өзенінің Сол жақ жағалауындағы 14 және 19 тұрғын аудандары арасында салынып жатқан даңғылға (ЖМК ауданы) Ілияс Есенберлиннің есімі;
      орталық алаңға Республика алаңы.

      3. Алматы тас жолының бойында телемұнара ауданында "Атығай асуы" тақтайшасы орнатылсын.

      4. "Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Е.П. Ясинская) қала бюджетін түзету кезінде шығындар сметасына сай аншлагтарды жасауға қаражат қарастырсын.

      5. "Өскемен қаласының тұғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары" мемлекеттік мекемесі (Ә.Ә. Маткаримов) 2007 жылғы 31 желтоқсанға дейін қазақ орыс тілдерінде атау беру және қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.И. Ферхоға жүктелсін.

      7. Осы шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Сессия төрағасы

      Өскемен қаласының әкімі

      Қалалық мәслихат хатшысының
      өкілеттігін уақытша жүзеге асырушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады