Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2008.06.20 N 8/71-IV шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"Заңының 6-бабы 1-тармағы 8-тармақшасының негізінде, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242 "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" (7 б. 1 т) Заңына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2004 жылғы 14 мамырдағы N 6-7 "Қаланы көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазарту Ережелерін бекіту туралы" (2004 жылғы 10 маусымдағы тіркеу номері 1829, 2004 жылғы 2 шілдедегі N 28 "Семей таңы" газетінде, 2004 жылғы 2 шілдедегі N 25 "Семипалатинские вести" газетінде) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 3-тарауда. Қалалық аумақтарды тазалау тәртібі.
23-тармағы "Дүңгіршектерді орнату…" деген сөздерден кейін "аумақтарды аймақтарға бөлуге қойылатын қала құрылыстары талаптарына, экологиялық және санитариялық гигиеналық қауіпсіздік нормаларына және осы жердің инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейіне қатаң, сәйкес түрде жүргізіледі" деп келесі редакцияда толықтырылсын, әрі қарай мәтін бойынша.
2. Полковничий аралындағы рекреациялық аумақты пайдалану тәртібі және режимінің жобасын жетілдіру бойынша жұмыс тобының жұмысын бақылауға алуға қала әкіміне ұсынылсын.
3. Осы шешім бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң іске енгізілсін.
Қалалық мәслихаттың хатшысы