Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Глубокое ауданы әкімі аппаратының 2011.05.12 № 1730-02-10 хаты).
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» № 39 Заңының 31-бабы 1 тармақшасына,Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету туралы» № 149 Заңының 7-бабы 5-2 тармақшасына сәйкес еңбек нарығында мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды белгілеу мақсатында, Глубокое ауданының аумағындағы тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету саясатын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 Заңының 31 бап 1 тармақ 13) тармақшасын басшылыққа алып, Глубокое аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы (Пономарева М.Н.) 2008-2010 жылдарға мүгедектерді оңалту бағдарламасын іске асыру жөніндегі шараларды жетілдірілсін.
2. Глубокое ауданының жұмыс берушілері жұмыс орындарының жалпы санынан мүгедектерге 3 пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
3. Глубокое аудандық әкімдігінің 2006 жылғы 7 желтоқсандағы «2007 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау туралы» қаулысының нормативтік – құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде тіркелген (22.12.2006 ж. тіркеу нөмірі № 5-9-93, 2007 жыл 5 қаңтардағы № 1 «Огни Прииртышья» аудандық газетінде мазмұндалған) күші жойылған деп саналсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Я. Пекурге жүктелсін.
5. Қаулы ресми жарияланған бірінші күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі Д.Бейсембаев