Тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі базалық ставка мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 3/5-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 11 қаңтарда N 5-10-54 тіркелді. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2009 жылғы 13 ақпандағы N 11/10-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2009.02.13  N 11/10-IV шешімімен.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабы және Жарма ауданы бойынша салық комитетінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 5624 ұсынысы негізінде Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Ойын ойнауға арналған жеке компьютерлер үшін:
Ойын ойнауға арналған 1 жеке компьютерге тіркелген жиынтық салықтың ең төменгі мөлшері, 1 жылға 10 айлық есептік көрсеткішпен есептелсін.
      2. Осы шешім бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланғаннан бастап, 10 күннен кейін күшіне енеді.


      Сессия төрағасы:                  О.Әділбаев

      Мәслихат хатшысы:                 Д. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады