Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесіне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар аудандық мәслихатынын 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 3-31-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық Әділет басқармасында 2008 жылғы 08 қаңтарында N 5-18-53 тіркелді. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі N 5-60-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Үржар аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 5-60-IV шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынасы» туралы Заңының 97 бабына сәйкес және аудандық мәслихаттың 2005 жылғы 8 ақпандағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы» № 11-90-III шешімін ескере келе, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
     1. Үржар аудандық мәслихатының 2005 жылғы 8 ақпандағы «Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесін бекіту туралы» № 11-90-3 («Уақыт тынысы» аудандық газетінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 10 санында жарияланған Әділет басқармасында 2005 жылғы 23 ақпандағы 2193 нөмірімен тіркелген), шешімімен бекітілген Ережеге төменгі өзгертулер:
      - осы Ереженің 1 тармағының 5 тармақшасында тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі 20 пайыздан 11 пайызға ауыстырылсын;
      - осы Ереженің 2 тармағының 18 тармақшасында «отбасы құрамы туралы» сөзін «азаматтарды тіркеу кітабы» сөзіне ауыстырылсын.
     2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күн тізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                    Б. Мадрахимов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                            М. Бытымбаев

Үржар аудандық мәслихаттың
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 3-31-ІV шешіміне № 1 қосымша

Тұрмысы төмен азаматтарға үйді ұстауға және
үй -коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін
тұрғын үй жәрдемақыларын беру Ережесі

1.Тұрғын үй көмегі

      1. «Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 -сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға (жеке меншік тұрғын үйді ұстаудан тыс) және үй -коммуналдық қызметті ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі.
      2. Тұрғын үй көмегі, өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) бір рет беріледі.
      3. Тұрғын үй көмегі сол жерде тұрақты тұратын және тұрғын үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгерлері) болып табылатын тұрмысы темен отбасыларына берілетін атаулы әлеуметтік көмектің бір нысаны болып табылады. Тұрғын үйді бір әкімшілік- аумақтық пункт шегінде жалдайтын адам. Осы пунктің басқа мекен-жайы бойынша тіркелуі мүмкін
      4. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеудің нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Сондағы отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.
      5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 11% пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      6. Әлеуметтік нормалар және тұрғын үй көмегін есептеуге алынған үйді ұстау шығындарының мөлшерін, коммуналдық қызметтерді (сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, канализация, электрмен қамтамассыз ету, жылумен қамтамассыз ету, қоқыс шығару және лифтерді қамту) Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларға сәйкес белгіленеді.
      7. Тұрғын үй көмегін еептеу үшін алынатын барлық коммуналдық қызметтерге және олардың өзгерістеріне арналған тарифтерді қызмет көрсетушілер береді.

2. Тұрғын үй көмегін беру шарттары

      8. Жеке меншігінде 1 бірліктен артық тұрғын үйі (үйі, пәтері) бар немесе тұрғын үйі жайын жалға (жалдауға) берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.
      9. Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту қызметінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, соның ішінде 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші,2-ші топтағы мүгедектерді күтетіндер, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатындар кірмейді. Жедел әскери қызметтегі әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейді.
      10. Жұмыссыздар ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан себепсіз бас тартса және өз еркімен қоғамдық жұмысқа, оқыту мен қайта оқытуға қатыспаса тұрғын үй көмегін алу құқығынан алты айға айырылады.
      11. Тұрғын үй көмегіне өтінген кезде коммуналдық қызмет ақысы үшін берешектері бар отбасыларына, қарыздарына қарамастан, ережеге сәйкес, есепке тіркеген сәттен бастап ағымды төлемдерді тұрақты төлеу шартымен тұрғын үй жәрдемақылары тағайындалады. Бұрынғы қарыздарының өтелуі коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіледі және бақылауға алынады. Ескі қарыздың жойылуы коммуналдық қызмет көрсетушілермен келісіліп бақыланады.
      12. Тоқсан сайын тұрғын үй көмегін алушыларға қайта аттестация лауды жүргізу керек. Бұл орайда, отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
      13. Егер отбасының ортажандық жиынтық табыстары кедейшілік белгісінің мөлшерінен төмен болса, үйді ұстауға және үй-коммуналдық қызметке төлеу үшін тұрғын үй көмегін белгілегенде, жиынды табыс Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде бір есептік көрсеткішке кемиді.
      14. Жалғыз басты зейнеткерлердің, мүгедектердің, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлермен мүгедектердің, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларының құқылырын белгілеп тұрғын үй көмегін есептегенде, оларды қолдау мақсатында, табыстары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген уақыттың тиісті мерзімінде екі есептік көрсеткішке (кемиді) реттеледі.
      15. Орталықтан жылитын жеке үйде тұратын тұрмысы төмен отбасыларының тұрғын үй көмегін есептегенде, қызмет көрсетушілердің тұрғын үй көлемі әілеуметтік нормасының шегінде жоғалтылған жылудың төлемі тарифтерде есепке алынсын.
      16. Тұрғын үй көмегі үйлеріне жылыту мезгілінде жылу мен ыстық су қосылмаған және пәтерлері жергілікті жылыту приборлары арқылы жылитын пәтер иелеріне тағайындалады. Электрқуатының төлемі жылтыумен ыстық судың, тұрғын үй көлемі нормасымен қызмет көрсетушіні тарифтарға сәйкес, төлеміне эквивалентты есептелсін.
      17. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасыларына тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына шектеулер есепке алынады:
      1) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекенжай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және жәрдемақы өтінгеннің мекенжайы бойынша тағайындалады. Бүл мекенжай бойынша тіркелмеген зайыбы немесе жұбайы өзінің тұрғылықты жерінен жәрдемақы алмайтынын дәлелдеу керек;
      2) үміткер заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарына бұл туралы мәлімдемесе, жәрдемақы тағайындал майды;
      3) үміткердің үйіне 18 жасқа дейінгі бала тіркенген жағдайда, ол баланың ата-анасының табыстары туралы анықтаманы тапсыру қажет;
      4) үміткер оқу орнының күндізгі бөлімінде оқып, жалғыз тұрған жағдайда ата-анасының табыстары және олардың тұрғын үй жәрдемақыларын алулары туралы анықтаманы тапсыру қажет.
      18. Тұрғын үй жәрдемақыларын алуға үміткер немесе алушы отбасылар соны рәсімдеу үшін мынадай құжаттарды қоса берумен өтініш ұсынады: төлқұжат немесе жеке куәлік (тоқсан сайын ), тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (жылына 1 рет, келесі жылдың аттестациясына дейін) немесе азаматтарды тіркеу кітабы (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациясына дейін немесе басқа өзгерістерге дейін), отбасы табыстары (енбекақы, жәрдемақы, зейнетақы, т.б) туралы анықтама (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жасқа байланысты зейнетақы (жылына бір рет және тоқсан сайынғы аттестациядан өту, сақтау кітапшасы немесе жеткізу есеп қағазы), қызмет көрсетушіден тұрғын үйге ақы төлеу туралы анықтама (жылына бір рет, келесі жылдың аттестациялауына немесе тарифтер өзгергенге дейін), барлық коммуналдық қызметке ақы төлеу туралы түбіртектер (тоқсан сайын, талаптану айдың алдындағы 3 айға), жұмыссыздарға жұмыспен қамту бөлімімен анықтама (тоқсан сайын). Жеке меншік шаруашылық туралы ақпарат (жылына 1 рет немесе басқа өзгерістер болса).
      19. Тапсырылған құжаттардың қорытындысы бойынша отбасына шарт-өтініш жасалады, оған тұрғын үй көмегінің есептелуі еңгізіледі. Шарт - өтінішке отбасы өкілінің немесе отбасының атынан сөйлейтін тұлға және құжаттарды қабылдайтын тұлғаның қолдары қойылады.
      20. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй жәрдемақысын берудің негізі болып табылады (1 қосымша).
      21. Электрмен қамту, газбен қамту, канализация, жылумен қамту, қоқыс шығару, лифтерді қамту, тұрғын үйді пайдалану бойынша шығындар талаптану тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есептеледі.
      22. Тұрғын үй көмегі өтініш және басқа құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады, кезекті тоқсан сайынғы қайта аттестациядан белгілісебептерге байланысты өтпегендерден басқа (өтінушінің аурыу,курорт, шипажайда емделуіне, туысқандарының ауыруына немесе қайтыс болуына байланысты тұрғылықты жерде болмаса).
      23. Тұрғын үй көмегін алушы және тұрғын үй көмегі қызметтері жасаған тізім бойынша тоқсан сайынғы аттестациядан өтетін отбасылар, құжаттарды дайындағанға қарамастан, тұрғын үй жәрдемақысын тоқсанға алады. Тоқсандық ағымында графиктер бойынша қайта аттестациядан өтпеген отбасыларға тұрғын үй көмегі өтінген айдан бастап тағайындал ады.
      24. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 күн ішінде тұрғын үй қызметіне өз тұрғын үйінің меншік формаларының, отбасы құрамының және оның жиынтық табыстарының, статусының өзгеруі туралы хабарлауы керек.
      25. Берілген ақпараттың шындығы және дұрыстығы туралы күмән пайда болса, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қызметкер отбасы табыстары, тұрғын үй шығымдары және отбасы мүшелерінің шындық тұрғылықты жерлері туралы ақпаратты талап етуге құқылы. Заңды және жеке тұлғалар шындық ақпарат беруге міндетті. Талаптанған құжаттар берілмеген жағдайда, тұрғын үй жәрдемақысы тағайындалмайды. Тұрғын үй қызметіне алдын ала жалған мәліметтер берген үшін жалгерлер (немесе меншік үйдің иесі) құқықсыз алған сомасын өз еркімен қайтарады, ал бас тартқан жағдайда - сот тәртібінде.

З. Тұрғын үй көмегінің мөлшері

      26. Тұрғын үй көмегінің мөлшері жалгердің (меншік үй иесінің) өтемдік шараларымен қамтамасыз етілетін нормалар шегінде үйді ұстауға және коммуналдық қызметке ақы төлеу мен отбасына осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыс деңгейінің айырымы ретінде есептеледі. Тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу формула:
      П= МСПЖ-(t х д)
      П- тұрғын үй көмегінің мөлшері
      МСПЖ- тұрғын үйге ең жоғары әлеуметтік төлем
      t - тұрғын үй төлеміне нормативтік шығын (= 11%)
      д - отбасының жиынтық табыстары

4. Тұрғын үй жәрдемақыларына үміткер азаматтардың
(отбасыларының) жиынтық табысын есептеу

      27. Жиынтық табыстарының есептелуі отбасының табысын белгілеуге тұргын үй жәрдемін тағайындайтын уәкілетті органымен жүргізіледі.
      28. Отбасының жиынтық табыстарын есептегенде табыстардың барлық түрлері тұрғын үй көмегіне өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда нақтылы алынған тұрғын үй және мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, қайтыс болғандарды жерлеу мен бала туғандағы бір жолғы төлемдерден басқа есепке алынады. Отбасының табысында алынған микронесиелердің сомалары есептелінбейді.Жиынтық табыс өтінушінің алған табыстары жөнінде ұсынылған мәліметтердің негізінде есептеледі.
      29. Ауылдық жердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау- бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда үш есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда бес есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      30. Қалалардың және қалалық үлгідегі кенттердің тұрғындары үшін үлкен мал басынан бір бас болғандағы жеке қосалқы шаруашылықтан табыс (саяжай учаскелерден, бау- бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда саяжай учаскелерден, бау-бақшалардан түсетін табыстарды қоспағанда) тоқсанда екі есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады, үлкен мал басынан екі және одан көп бас болғанда төрт есептік көрсеткіш мөлшерінде есепке алынады.
      31. Жиынтық табысты есептегенде өнімді жасқа толмаған үй малы есепке алынбайды (2 қосымша). Жеке кәсіптік істерден, мүліктік және жер пайынан түсетін табыстар мәлімделген болып саналады.
      32. Кұжаттамалы расталған табыстар түрлеріне еңбектен, зейнетақыдан, жәрдемақыдан және алименттерден түсетін табыстар жатады. Отбасы жиынтық табысы алименттердің есебісіз саналады, егер де төлеуші:
      1) жұмыс істемейтін және жұмыспен қамту мәселері жөніндегі уәкілетті органда жұмыссыз болып тіркелмеген (анықтама ұсынылғанда);
      2) бас бостандығынан айыру жерлерінде немесе уақытша ұстау изоляторында болған (анықтама ұсынылғанда);
      3) туберкулез немесе психоневрогиялық диспансерлерде (стационарларда), емделу-еңбек прфилакторияларында (ЕЕП) емделуде немесе есепте болған (анықтама ұсынылғанда);
      4) Қазақстан Республикасында тиісті келісімі жоқ мемлекеттерге тұрғылықты жерлерге тұруға кеткен (анықтама ұсынылғанда) жағдайларда.
      33. Ішкі істер органдары тұрғылықты жерлері бойынша тіркеген адамдарды Қазақстан Республикасы үкіметінің 12.07.2000 жылғы № 1063 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғындарын құжаттандыру және тіркеу ережелеріне сәйкес есептеу керек. Отбасының жиынтық табыстары өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға отбасының барлық мүшелерінің және осы мекен жай бойынша тіркелген басқа да адамдардың табыстарын қосу жолымен есептеледі.
      34. Бір тоқсаннан көп мерзімге төленетін бір жолғы төлемді алғанда,жиынтық табыста барлық табыс алған айлар санына бөлуден алынып және 3 айға көбейтілген табыстың жиыны есепке алынады. Егер отбасы мүшелерінің біреуі табыс есептелетін тоқсаннан аз уақыт жұмыс істесе, отбасының жиынтық табысында, оның осы тоқсанда жұмыс істеген уақыттың табысы есепке алынады.
      35. Отбасының орта жандық табыстары 1 айға отбасының тоқсандық жиынтық табыстарын отбасы мүшелерінің санына және 3 айға болу жолымен есептеледі.
      36. өтініш берушілер ұсынган мәлеметтердің сенімділігіне заңда белгіленген тәртіпте жауапты.

5. өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында
тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй жәрдемақыларын ұсыну тәртібі

      37. өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында тұратын
тұрмысы төмен отбасыларына тұргын үй жәрдемақысы үй иесіне, жалдаушылар тұрғын үйді жалдауға келісім - шарт болғанда беріледі.
      38. өздері жылытатын, жеке меншік үй құрылыстарында тұратын отбасыларға тұрғын үй көмегін есептеу үшін көмірдің әлеуметтік шығын жалпы ауданның 1 шаршы метіріне 129,8 кг, бірақ бір үйге 5000 кг аспауы керек.
      39. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасының ұсынуымен орташа бағаны қолданамыз және тоқсанның соңғы айында есептелген әлеуметтік көмек мүмкіншілігіне қараймыз ( желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек)
      40. өздері жылытатын жеке меншік үй құрылыстарында қолданып басқа жанармай түрлерінің құны мен шығын нормасын, тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құны мен шығын нормасына эквивалентті деп есептеу керек.
      41. Көмірді сатып алу мезгіліне байланысты көмірдің тұрғын үйге барлық әлеуметтік шығын нормасын(көмірдің құны) өтініш жасаған тоқсанына қарай әлеуметтік көмек есептегенде үш айға аламыз.
      42. Тұрғын үй көмегін есептегенде жеке меншік үй құрылысында тұратын отбасының өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанга есептеу керек.
      43. Заң бойынша бір үйдің бірнеше иесі болса, онда түрғын үй көмегі әр үй иесіне (жанұяға) тағайындалады, сонымен қатар бір үйге әлеуметтік көмір нормасы әр отбасына, алып отырған ауданына байланысты сайма сай бөлінеді.
      44. Электр қуаты, газ, су, қоқыс шығындарын өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы квитанциялардың орташаларын есепке алу керек.

6. Тұрғын үй көмегінің қаржылындыруы мен төлемі

      45. Тұргын үй көмегі аудан бюджетінін қаражат есебінен көрсетіледі. Тұргын үй көмегі ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
      46. Тұргын үй көмегінің төлемі осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен бөлінген қаржаттар есебінен азаматтардың салымы бойынша шоттарына есептелуі жолымен екінші деңгейдегі банкілер (бұдан әрі тиісті банкілер) арқылы жүргізіледі.Тұрғын үй көмегі төлемінің тәртібі мен шарты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік багдарламар басқармасы және тиісті банкілер арасындагы жасалған агенттік келісімімен белгіленеді.
      47. Тиісті банкілердің филиалдары жоқ Қазақстан Республикасының елді мекендерінде аталған төлемдер агенттік келісім негізінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдамалар басқармасымен белгіленген органдар арқылы жүргізіледі.

Үржар аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 3-31-IV шешіміне № 2 қосымша

I Әлеуметтік нормасы
Үржар аудандық 2007 жылға арналған пеш арқылы жылытылар
тұрғын үйді ұстаудың әлеуметтік мөлшері

         Тұрғын үй алаңының нормасы:
      1 адамға - 18 кв.м.
      2 адамнан тұратын отбасына - 27 кв.м.
      3 адамнан тұратын отбасына - 36 кв.м.
      4 адамнан тұратын отбасына - 45 кв.м.
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - 54 кв.м.

         Электр қуатын тұтыну нормасы:
      1 адамға - 52 квт
      2 адамнан тұратын отбасына - 72 квт
      3 адамнан тұратын отбасына - 100 квт
      4 адамнан тұратын отбасына - 120 квт
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - ІЗО квт

         Газ шығындау нормасы:
      1 адамға - 240 тенге
      2 адамнан тұратын отбасына - 360 тенге
      3 адамнан тұратын отбасына - 480 тенге
      4 адамнан тұратын отбасына - 500 тенге
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - 620 тенге

II Әлеуметтік нормасы
Үржар ауданының 2007 жылға арналған тұрғын үйді
суық сумен қамтамасыз жұмыс мекемесі

      Тұрғын үй алаңының нормасы:
      1 адамға - 18 кв.м.
      2 адамнан түратын отбасына - 36 кв.м.
      3 адамнан түратын отбасына - 38 кв.м.
      4 адамнан түратын отбасына - 50 кв.м.
      5 жэне одан артық адам түратын обасына - 54 кв.м.

      Электр қуатын тұтыну нормасы:
      1 адамга - 52 квт.
      2 адамнан түратын отбасына - 72 квт.
      3 адамнан түратын отбасына - 100 квт.
      4 адамнан түратын отбасына - 120 квт.
      5 және одан артық адам түратын отбасына - 130 квт

      Газды шығындау нормасы:
      1 адамға - 240 тенге
      2 адамнан түратын отбасына - 360 тенге
      3 адамнан тұратын отбасына - 480 тенге
      4 адамнан тұратын отбасына - 500 тенге
      5 және одан артық адам түратын отбасына - 620 тенг

      Үйлерді ұстауға арналған ағындағы шығындар:
      1 адамға - 108 тенге
      2 адамнан тұратын отбасына - 215 тенге
      3 адамнан тұратын отбасына - 323 тенге
      4 адамнан тұратын отбасына - 431 тенге
      5 және одан артық адам түратын отбасына - 538 тенге

      Қоқысты жою:
      1 адамга - 28 тенге
      2 адамнан тұратын отбасына - 56 тенге
      3 адамнан тұратын отбасына - 84 тенге
      4 адамнан тұратын отбасына - 112 тенге
      5 жэне одан артық адам тұратын отбасына- 140 тенге

      Сумен жабдықтау:
      1 адамга - 96 тенге
      2 адамнан тұратын отбасына - 192 тенге
      3 адамнан тұратын отбасына - 280 тенге
      4 адамнан тұратын отбасына - 384 тенге
      5 және одан артық адам тұратын отбасына - 480 тенге

Үржар аудандық мәслихатының
2007 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 3-31-IV шешіміне № 3 қосымша

Өнімді пайдалану үшін үйдегі
мал мен құстың жасы

Малдардың түрі

Өнімді жағдайға жеткен жас мал мен құстың жасы

Ірі қара мал

25

Қой және ешкі

12

Шошқа

10

Жылқы

16

Түйе

18

Құс

8

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады