Облыстағы кейбір ауылдық елді мекендердің атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың 2007 жылғы 30 наурыздағы N 36-8 шешімі және Батыс Қазақстан облыс әкімдігінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 54 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 18 сәуірде N 2985 тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңдарына және "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды сондай-ақ физикалық-географиялық объектілерді атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудің тәртібін бекіту туралы" 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281 қаулысына сәйкес, облыстық ономастикалық комиссия мәжілісінің 2007 жылғы 7 ақпандағы N 1-5 қорытындысын есепке ала отырып, облыстық мәслихат пен облыс әкімдігі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының атауы өзгертуге жататын кейбір ауылдық елді мекендерінің тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешімі және қаулысы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                   Облыс әкімі
      Облыстық мәслихат хатшысы

Облыстық мәслихаттың
2007 жылғы 30 наурыздағы
N 36-8 шешіміне қосымша

Батыс Қазақстан облысының
атауы өзгертуге жататын кейбір
ауылдық елді мекендерінің
тізбесі

      Сырым ауданы бойынша:
      - Сарой ауылдық округінің "Коминтерн" ауылы "Шағырлой" ауылы

      Казталовка ауданы бойынша:
      - Талдыапан ауылдық округінің "Никонор" ауылы "Қосаба" ауылы болып

      Шыңғырлау ауданы бойынша:
      - Алмазов ауылдық округінің "Константиновка" ауылы "Аққұдық" ауылы  болып
      - Алмазов ауылдық округінің "Лебедевка" ауылы "Сегізсай" ауылы болып
      - Қарағаш ауылдық округінің "Новопетровка" ауылы "Қарағаш" ауылы болып
      - Белогор ауылдық округінің "Марксизм" ауылы "Торыатбас" ауылы болып өзгертілсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады