Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 02-01-02/11 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 28 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5113 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/33 бұйрығымен (бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес).

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi аттестациядан өткiзу ережелерiн бекiту туралы" 2000 жылғы 21 қаңтардағы  N 327 және "Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы" 2003 жылғы 4 желтоқсандағы  N 1243 Жарлықтарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 9-тармағы 9) тармақшасына және 2008 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5084 тіркелген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасы бірінші орынбасарының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" 2008 жылғы 9 қаңтардағы  N 02-01-02/5 бұйрығына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      1) Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі  (1-қосымша) ;
      2) Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен, басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген; кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарды тестілеу программалары ( 2-қосымша );
      3) Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу программалары  (3-қосымша) ;
      4) Тестілеу нәтижелерінің шекті мәні ( 4-қосымша ).

      2. Тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасының кейбір бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын ( 5-қосымша ).

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері   
агенттігі Төрағасының      
2008 жылғы 21 қаңтардағы   
N 02-01-02/11 бұйрығымен   
бекітілген 1-қосымша     

Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі 1. Жалпы ереже

      1. Осы Ереже бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуда конкурсқа қатысушыларға; мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтарға; кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарға; сондай-ақ аттестациялауға жататын мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге тестілеуді өткізудің бірыңғай тәртібін белгілейді.

      2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      үміткерлер - бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға конкурс комиссиясының шешiмi негiзiнде тестiлеуге жiберiлген конкурсқа қатысушылар; мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтар; кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтар;
      қызметшілер - мемлекеттiк органның аттестациялық комиссиясы бекiткен, тiзiмге енгізiлген мемлекеттік әкімшілік қызметшiлер;
      уәкiлеттi орган - мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган және оның аумақтық бөлімшелері.

      3. Тестiлеудi өткiзудің мақсаты - мемлекеттік тілді, Қазақстан Республикасы заңнамаларын бiлуге, сондай-ақ үміткерлердің және қызметшілердің логикалық ойлау қабілетiне әдiл баға беру.

      4. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған үмiткерлер, алдыңғы тестiлеу өткен сәтінен бастап үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн, сол программа бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

      5. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған қызметшiлердің, алдыңғы тестiлеу өткен сәтінен бастап он күнтiзбелiк күннен кейiн, қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

      6. Тестiлеудi уәкілетті органның тестiлеу әкімшілері (бұдан әрi - әкімшілер) өткiзедi.
      Уәкілетті орган тестілеуді өткiзу процесiн қамтамасыз ету үшiн басқа да мамандарды тартуы мүмкiн.

      7. Уәкілетті орган тестілеуді мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізуді қамтамасыз етеді.

      7-1. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету Мемлекеттік қызметтің персоналын басқару ұлттық орталығымен жүзеге асырылады.
      Ескерту. Ереже 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013.01.11 № 06-7/4 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.   

      8. Тестiлеу компьютерде өткiзiледi.

      9. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тестердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ әкімшілердің сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

      10. Мемлекеттік органдардың кадр қызметі:
      1) уәкілетті органға беру үшін тестілеуге келесідей мәліметтері бар тізімді даярлайды: тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, туылған күні, ұлты, білім деңгейі, ғылыми дәрежесі (бар болған жағдайда), мемлекеттік қызмет өтілі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі. Жеке мәліметтер жеке куәлікке (жеке куәліктегі тілге) сәйкес толтырылады;
      2) тестілеуге тізім тестілеуге дейін бір күннен кешіктірмей беріледі;
      3) үміткерлерді және қызметшілерді тестілеудің өткізілетін орны, күні және уақыты туралы хабардар етеді;
      4) үміткерлердің және қызметшілердің тестілеуге дер кезінде келуін қамтамасыз етеді.

  2. Тестілеу рәсімі

      11. Тестiлеу барысында келесідей тест түрлері қолданылады: логикалық тест, мемлекеттік тілді білуге арналған тест және Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тест.

      11-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында келесідей тестердің түрлері:
      кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
      мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест қолданылады.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      12. Үміткерлердің және қызметшілердің өздерімен бірге жеке куәліктері (немесе паспорт) болуы тиіс. Жеке басын куәландыратын құжатсыз үміткерлер мен қызметшілер тестілеуге жіберілмейді.

      13. Тестiлеуді өткiзуге арналған орын-жай тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиіс.

      14. Тестiлеу басталғанға дейiн әкімші барлық қажеттi материалдарды дайындауы және тексеруi қажет.

      15. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген үмiткерлер және қызметшілер бұл туралы тестiлеу басталғанға дейiн әкімшіге хабарлауы тиiс.

      16. Логикалық тестін орындауға жiберiлген уақыт - 40 минөт, мемлекеттік тілді білуге арналған тестке - 20 минөт, заңнамаларды бiлуге арналған тестке тестілеу программасына қарай - 100 минөт (130 сұрақ), 85 минөт (110 сұрақ), 70 минөт (90 сұрақ), 55 минөт (70 сұрақ).
      16-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тесті орындауға жіберілген уақыт – 120 минут (515 сұрақ), мемлекеттік тілді білуге арналған тестке – 20 минут, заңнамаларды білуге арналған тестке тестілеу бағдарламасына байланысты – 100 минут (130 сұрақ), 85 минут (110 сұрақ), 70 минут (90 сұрақ), 55 минут (70 сұрақ).
      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      17. Тест келесідей тәртіппен өтеді: логикалық тест, мемлекеттік тілді білуге арналған тест, Қазақстан Республикасының заңнамаларын бiлуге арналған тест.
      17-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында тестерді келесідей тәртіппен өтеді:
      кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
      мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест.
      Ескерту. 17-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      18. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, программа автоматты түрде жабылады.

      19. Тестiлеу уақытында үмiткерлердің және қызметшілердің сөйлесуiне және тестiлеу өткiзiліп отырған орын-жайдан шығып кетуiне болмайды. Қабылдаушы-таратушы электрондық құрылғылар (оның iшiнде жеке қалта компьютерлерi және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестiлеу кезiнде өшiрiлуi тиiс.

      20. Тестiлеудi өткiзу кезiнде әкімшілер тестіленушілерді нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиiс.

      21. Тестілеу әкімшілері осы Ережені бұзған үміткерлердің және қызметшілердің тестілеуін тоқтатуға құқығы бар.

      22. Компьютерлік тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгiзiлген компьютерлiк программа көмегiмен автоматты түрде жүргізіледі.

      23. Тестілеу аяқталғаннан кейін тестілеуден өткен үміткерлерге және қызметшілерге тестілеу әкімшісінің қолы қойылған және мөр басылған тестілеу нәтижелері беріледі.

      24. Тестілеудің нәтижелері туралы ақпарат жиынтық анықтама түрінде ресімделеді және мемлекеттік органның кадр қызметіне тапсырылады.

Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік қызмет істері    
агенттігі Төрағасының      
2008 жылғы 21 қаңтардағы     
N 02-01-02/11 бұйрығына     
2-қосымша             

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен және басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген азаматтары, кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарды тестілеу программалары

      1. А-1, А-2, А-3, А-4 санаттарына:
      логикалық тест (10 тапсырма);
      мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" Конституциялық заңын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (20 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрі - Ар-намыс кодексі) (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.

      2. В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарына:
      логикалық тест (10 тапсырма);
      мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (20 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.

      3. В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына:
      логикалық тест (10 тапсырма);
      мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008.02.25.  N 02-01-02/33 Бұйрығымен.

      4. С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына:
      мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) білуге арналған сұрақтар кіреді.
      5. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында D-1, D-2, D-3, D-4, D-5, D-O-1, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-1, E-2, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3 және E-G-4 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысушылар осы Қосымшаның 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тілді білуге арналған және Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеуге, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тестілеуге (515 сұрақтар) жатады.
      Ескерту. 5-тармақпен толықтырылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы    
Мемлекеттік қызмет істері  
агенттігі Төрағасының    
2008 жылғы 21 қаңтардағы   
N 02-01-02/11 бұйрығына   
3-қосымша          

Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк
қызметшiлердi тестiлеу программалары

      
      1. А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттарына:
      кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);
      мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ), "Әкімшілік рәсімдер туралы" (20 сұрақ), "Нормативтік құқықтық актілер туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (20 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      2. В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарына:
      кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);
      мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (20 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008.02.25. N 02-01-02/33, 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрықтарымен.

      3. С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4 санаттарына:
      кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);
      мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест (20 тапсырма);
      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" (20 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" (20 сұрақ) Заңдарын, Ар-намыс кодексiн (10 сұрақ) бiлуге арналған сұрақтар, сондай-ақ мемлекеттiк органның жұмыс ерекшелiгiн ескере отырып, осы мемлекеттiк органмен әзiрленетiн (және ұсынылатын) нормативтiк құқықтық актiлердi (20 сұрақ) бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы       
Мемлекеттік қызмет істері     
агенттігі Төрағасының       
2008 жылғы 21 қаңтардағы      
N 02-01-02/11 бұйрығына       
4-қосымша              

Тестілеу нәтижелерінің шекті мәні

      
      1. Логикалық тест, кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ) және мемлекеттік тілді бiлуге арналған тест бойынша шекті мән белгіленбейді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010.05.28 № 02-01-02/95 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.

      2. А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тест бойынша шекті мән әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 50% және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бойынша барлық санаттар үшін кем дегенде 80% дұрыс жауаптарды құрайды.

Қазақстан Республикасы     
Мемлекеттік қызмет істері   
агенттігі Төрағасының     
2008 жылғы 21 қаңтардағы    
N 02-01-02/11 бұйрығына    
5-қосымша           

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтарының
тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының "Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2003 жылғы 30 сәуірдегі  N 02-01-02/60 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2291 тіркелген, 2003 жылғы 23 мамырдағы N 123-124 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 15 шілдедегі  N 02-01-04/25 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2413 тіркелген, 2003 жылғы 2 тамыздағы N 222-223 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "N 2291 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 "Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 13 ақпандағы  N 02-01-02/17 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2709 тіркелген, 2004 жылғы 25 ақпандағы N 15 "Заң" газетінде жарияланған).

      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "N 2291 тіркелген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 "Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге және аттестациядан өтуге тиісті мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге Нұсқау, Тестілеу бағдарламаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәнін бекіту туралы" бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 19 сәуірдегі  N 02-02-02/42 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2827 тіркелген, 2004 жылғы 14 мамырдағы N 38 "Заң" газетінде жарияланған).

      5. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттігі төрағасының 2003 жылғы 30 сәуiрдегі N 02-01-02/60 "Бос әкімшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиiсті болған әкімшілік мемлекеттік қызметшілердi тестiлеуді өткізу, нұсқау, тестiлеу программалары және тестiлеу нәтижесiнiң шекаралық мәнiн бекіту туралы" бұйрығына өзгерiстер енгізу туралы" 2005 жылғы 5 мамырдағы  N 02-01-02/59 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3624 тіркелген, 2005 жылғы 11 мамырдағы N 100-101 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының "Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу ережесiн, программасын бекiту және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттігi төрағасының кейбiр бұйрықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2005 жылғы 19 мамырдағы  N 02-01-02/65 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3654 тіркелген, 2005 жылғы 1 шілдедегі N 120 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

Об утверждении Правил проведения тестирования, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 21 января 2008 года № 02-01-02/11. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 января 2008 года № 5113. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 марта 2013 года № 06-7/33

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 19.03.2013 № 06-7/33 (вводится в действие со дня первого официального опубликования, но не ранее 26 марта 2013 года).

      В соответствии с Указами Президента Республики Казахстан от 21 января 2000 года № 327 "Об утверждении Правил проведения аттестации административных государственных служащих" и от 4 декабря 2003 года № 1243 "О кадровом резерве государственной службы", подпунктом 9) пункта 9 Положения об Агентстве Республики Казахстан по делам государственной службы, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 1999 года № 280 и приказом первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 9 января 2008 года № 02-01-02/5 "Об утверждении типовых квалификационных требований к категориям административных государственных должностей", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 10 января 2008 года за № 5084, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить:
      1) Правила проведения тестирования государственных служащих и граждан, претендующих на занятие вакантной административной государственной должности (Приложение 1);
      2) Программы тестирования участников конкурса на занятие вакантной административной государственной должности, граждан, завершивших обучение по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа и закончивших зарубежные высшие учебные заведения по приоритетным специальностям, граждан, направленных государственными органами на работу в международные организации или другие государства в целях повышения профессионального уровня (Приложение 2);
      3) Программы тестирования административных государственных служащих, подлежащих аттестации (Приложение 3);
      4) Пороговые значения результатов тестирования (Приложение 4).

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы согласно перечню (Приложение 5).

      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его официального опубликования.

      Председатель

Приложение 1              
к приказу Председателя Агентства   
Республики Казахстан по делам     
государственной службы        
от 21 января 2008 года N 02-01-02/11

 Правила проведения тестирования государственных служащих
и граждан, претендующих на занятие вакантной административной
государственной должности 1. Общие положения 

      1. Настоящие Правила устанавливают единый порядок проведения тестирования участников конкурса на занятие вакантной административной государственной должности; граждан, завершивших обучение по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа и закончивших зарубежные высшие учебные заведения по приоритетным специальностям; граждан, направленных государственными органами на работу в международные организации или другие государства в целях повышения профессионального уровня; а также административных государственных служащих, подлежащих аттестации.

      2. В настоящих Правилах используются понятия:

      кандидаты - участники конкурса на занятие вакантной административной государственной должности, допущенные к тестированию на основании решения конкурсной комиссии; граждане, завершившие обучение по государственным программам подготовки и переподготовки государственных служащих на основании государственного заказа и закончившие зарубежные высшие учебные заведения по приоритетным специальностям; граждане, направленные государственными органами на работу в международные организации или другие государства в целях повышения профессионального уровня;

      служащие - административные государственные служащие, включенные в список, утвержденный аттестационной комиссией государственного органа;

      уполномоченный орган - уполномоченный орган по делам государственной службы и его территориальные подразделения.

      3. Цель проведения тестирования - объективная оценка знаний государственного языка, законодательства Республики Казахстан, а также способности к логическому мышлению кандидатов и служащих.

      4. Кандидаты, получившие при прохождении тестирования оценку ниже пороговых значений, могут пройти повторное тестирование по одной и той же программе не ранее чем через три месяца с момента предыдущего тестирования.

      5. Служащие, получившие при прохождении тестирования оценку ниже пороговых значений, могут пройти повторное тестирование не ранее чем через десять календарных дней с момента предыдущего тестирования.

      6. Тестирование проводится администраторами тестирования уполномоченного органа (далее - администраторы).
      Уполномоченным органом для обеспечения процесса проведения тестирования могут быть привлечены другие специалисты.

      7. Уполномоченный орган обеспечивает тестирование на государственном и русском языках.
      7-1. Техническое обеспечение процедур тестирования осуществляется Национальным центром по управлению персоналом государственной службы.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 7-1 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 11.01.2013 № 06-7/4 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      8. Тестирование проводится на компьютере.

      9. Объективность проведения тестирования обеспечивается стандартностью условий, времени, подсчета результатов, содержания тестов, а также принятием администраторами письменных ограничений о недопустимости коррупционных действий.

      10. Кадровая служба государственных органов:

      1) подготавливает для представления в уполномоченный орган списки на тестирование, включающие следующие сведения: фамилия, имя и отчество (при наличии), индивидуальный идентификационный номер, дата рождения, национальность, уровень образования, ученая степень (при наличии), стаж государственной службы, стаж работы по специальности. Личные данные заполняются в соответствии с удостоверением личности (на языке удостоверения личности);

      2) списки на тестирование предоставляются не позднее, чем за один день до тестирования;

      3) уведомляет кандидатов и служащих о месте, дате и времени проведения тестирования;

      4) обеспечивает своевременную явку кандидатов и служащих на тестирование.

2. Процедура тестирования

      11. В ходе тестирования используются следующие виды тестов: логический тест, тест на знание государственного языка и тест на знание законодательства Республики Казахстан.
      11-1. При проведении пилотных двухэтапных конкурсов в местных государственных органах в ходе тестирования используются следующие виды тестов:
      тест по профессиональным и личностным компетенциям;
      тест на знание государственного языка;
      тест на знание законодательства Республики Казахстан.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 11-1 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

      12. Кандидаты и служащие должны иметь при себе удостоверение личности (или паспорт). Без документа, удостоверяющего личность, кандидаты и служащие на тестирование не допускаются.

      13. Помещение для проведения тестирования должно соответствовать условиям удобного расположения тестируемых.

      14. До начала тестирования администратор должен подготовить и проверить все необходимые материалы.

      15. Кандидатам и служащим, имеющим неудовлетворительное самочувствие на момент тестирования, необходимо об этом до начала тестирования сообщить администратору.

      16. Время, отпущенное на выполнение логического теста - 20 минут, теста на знание государственного языка - 20 минут, теста на знание законодательства в зависимости от программы тестирования - 100 минут (130 вопросов), 85 минут (110 вопросов), 70 минут (90 вопросов), 55 минут (70 вопросов).
      16-1. При проведении пилотных двухэтапных конкурсов в местных государственных органах время, отпущенное на выполнение теста по профессиональным и личностным компетенциям - 120 минут (515 вопросов), теста на знание государственного языка - 20 минут, теста на знание законодательства в зависимости от программы тестирования - 100 минут (130 вопросов), 85 минут (110 вопросов), 70 минут (90 вопросов), 55 минут (70 вопросов).
      Сноска. Правила дополнены пунктом 16-1 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

      17. Тесты проходят в следующем порядке: логический тест, тест на знание государственного языка, тест на знание законодательства Республики Казахстан.
      17-1. При проведении пилотных двухэтапных конкурсов в местных государственных органах тесты проходят в следующем порядке:
      тест по профессиональным и личностным компетенциям;
      тест на знание государственного языка;
      тест на знание законодательства Республики Казахстан.
      Сноска. Правила дополнены пунктом 17-1 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

      18. По истечении времени, отведенного на прохождение тестов, программа автоматически закрывается.

      19. Во время тестирования кандидаты и служащие не могут разговаривать и покидать помещение, в котором проводится тестирование. Принимающе-передающие электронные устройства (в том числе карманные персональные компьютеры и иное электронное оборудование) должны быть отключены на время тестирования.

      20. При проведении тестирования администраторы должны ознакомить тестируемых с инструкцией и ответить на их вопросы.

      21. Администраторы тестирования имеют право приостановить тестирование кандидатов и служащих, нарушивших настоящие Правила.

      22. Подсчет правильных ответов компьютерного тестирования проводится автоматически, при помощи заложенной компьютерной программы.

      23. После завершения тестирования кандидатам и служащим, прошедшим тестирование, выдаются результаты тестирования с подписью администратора тестирования и печатью.

      24. Информация о результатах тестирования оформляется в виде сводной справки и передается в кадровую службу государственных органов.

Приложение 2              
к приказу Председателя Агентства   
Республики Казахстан по делам     
государственной службы        
от 21 января 2008 года N 02-01-02/11

 Программы тестирования кандидатов на занятие вакантной
административной государственной должности, граждан, прошедших
обучение по государственным программам подготовки и переподготовки
государственных служащих на основании государственного заказа и
закончивших зарубежные высшие учебные заведения по приоритетным
специальностям, граждан, направленных государственными органами
на работу в международные организации или другие государства
в целях повышения профессионального уровня

      1. Для категорий А-1, А-2, А-3, А-4:
      логический тест (10 заданий);
      тест на знание государственного языка (20 заданий);
      тест на знание законодательства Республики Казахстан включает вопросы на знание  Конституции Республики Казахстан (20 вопросов), Конституционного закона Республики Казахстан " О Президенте Республики Казахстан" (20 вопросов), Законов Республики Казахстан "  О государственной службе" (20 вопросов), " О борьбе с коррупцией" (20 вопросов), " Об административных процедурах" (20 вопросов), "  О нормативных правовых актах" (20 вопросов),  Кодекса чести государственных служащих Республики Казахстан (Правил служебной этики государственных служащих), утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года N 1567 (далее - Кодекс чести) (10 вопросов).

      2. Для категорий В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1:
      логический тест (10 заданий);
      тест на знание государственного языка (20 заданий);
      тест на знание законодательства Республики Казахстан включает вопросы на знание Конституции Республики Казахстан (20 вопросов), "О государственной службе" (20 вопросов), Законов Республики Казахстан "О борьбе с коррупцией" (20 вопросов), "Об административных процедурах" (20 вопросов), "О нормативных правовых актах" (20 вопросов), Кодекса чести (10 вопросов).

      3. Для категорий В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2:
      логический тест (10 заданий);
      тест на знание государственного языка (20 заданий);
      тест на знание законодательства Республики Казахстан включает вопросы на знание Конституции Республики Казахстан (20 вопросов), Законов Республики Казахстан "О борьбе с коррупцией" (20 вопросов), "О государственной службе" (20 вопросов), Кодекса чести (10 вопросов).
       Сноска. Пункт 3 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 25.02.2008 N 02-01-02/33 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      4. Для категорий С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4:
      тест на знание государственного языка (20 заданий);
      тест на знание законодательства Республики Казахстан включает вопросы на знание Конституции Республики Казахстан (20 вопросов), Законов Республики Казахстан "О государственной службе" (20 вопросов), "О борьбе с коррупцией" (20 вопросов), Кодекса чести (10 вопросов).
      5. При проведении пилотных двухэтапных конкурсов в местных государственных органах на занятие административных государственных должностей категорий D-1, D-2, D-3, D-4, D-5, D-O-1, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-1, E-2, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3 и E-G-4 участники конкурса подлежат тестированию на знание государственного языка и на знание законодательства Республики Казахстан в соответствии с пунктами 2, 3 и 4 настоящего Приложения, а также тестированию по профессиональным и личностным компетенциям (515 вопросов).
      Сноска. Программа дополнена пунктом 5 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

Приложение 3          
к приказу Председателя Агентства 
Республики Казахстан по делам   
государственной службы      
от 21 января 2008 года N 02-01-02/11

 Программы тестирования административных государственных
служащих, подлежащих аттестации

      1. Для категорий А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1:
      тест по профессиональным и личностным компетенциям (515 вопросов);
      тест на знание государственного языка (20 заданий);
      тест на знание законодательства Республики Казахстан включает вопросы на знание Конституции Республики Казахстан (20 вопросов), Законов Республики Казахстан "О государственной службе" (20 вопросов), "О борьбе с коррупцией" (20 вопросов), "Об административных процедурах" (20 вопросов), "О нормативных правовых актах" (20 вопросов), Кодекса чести государственных служащих Республики Казахстан (Правил служебной этики государственных служащих), утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года N 1567 (далее - Кодекс чести) (10 вопросов), а также нормативного правового акта с учетом специфики работы государственного органа, тестовые вопросы на знание которого разрабатываются (и предоставляются) данным государственным органом.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

      2. Для категорий В-5, В-6, С-5, С-6, С-О-4, С-О-5, C-R-2, C-R-3, D-4, Е-3, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2:
      тест по профессиональным и личностным компетенциям (515 вопросов);
      тест на знание государственного языка (20 заданий);
      тест на знание законодательства Республики Казахстан включает вопросы на знание Конституции Республики Казахстан (20 вопросов), Законов Республики Казахстан "О государственной службе" (20 вопросов), "О борьбе с коррупцией" (20 вопросов), Кодекса чести (10 вопросов), а также нормативного правового акта с учетом специфики работы государственного органа, тестовые вопросы на знание которого разрабатываются (и предоставляются) данным государственным органом.
       Сноска. Пункт 2 с изменениями, внесенными приказами Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 25.02.2008 N 02-01-02/33 (вводится в действие со дня официального опубликования); от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

      3. Для категорий С-О-6, C-R-4, C-R-5, D-5, D-О-4, D-О-5, D-О-6, Е-4, Е-5, E-R-4, E-R-5, E-G-3, E-G-4:
      тест по профессиональным и личностным компетенциям (515 вопросов);
      тест на знание государственного языка (20 заданий);
      тест на знание законодательства Республики Казахстан включает вопросы на знание Конституции Республики Казахстан (20 вопросов), Законов Республики Казахстан "О государственной службе" (20 вопросов), "О борьбе с коррупцией" (20 вопросов), Кодекса чести (10 вопросов), а также нормативного правового акта с учетом специфики работы государственного органа, тестовые вопросы на знание которого разрабатываются (и предоставляются) данным государственным органом.
      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

Приложение 4           
к приказу Председателя Агентства  
Республики Казахстан по делам   
государственной службы     
от 21 января 2008 года N 02-01-02/11

  Пороговые значения результатов тестирования

      1. Пороговые значения по логическому тесту, тесту по профессиональным и личностным компетенциям и тесту на знание государственного языка не устанавливаются.
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы от 28.05.2010 № 02-01-02/95 (действует с 01.09.2010 до 01.03.2011).

      2. Пороговые значения по тесту на знание законодательства Республики Казахстан для категорий А-1, А-2, А-3, А-4, В-1, В-2, В-3, В-4, С-1, С-2, С-3, С-4, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-О-1, D-О-2, D-О-3, Е-1, Е-2, E-R-1 составляют не менее 70%, для других категорий не менее 50% правильных ответов по каждому нормативному правовому акту и по Кодексу чести государственных служащих Республики Казахстан (Правилам служебной этики государственных служащих), утвержденному Указом Президента Республики Казахстан от 3 мая 2005 года N 1567, - не менее 80 % для всех категорий.

Приложение 5         
к приказу Председателя Агентства 
Республики Казахстан по делам  
государственной службы    
от 21 января 2008 года N 02-01-02/11

 Перечень утративших силу некоторых приказов Председателя
Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы

      1.  Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 30 апреля 2003 года N 02-01-02/60 "Об утверждении Правил, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования кандидатов на занятие вакантных административных государственных должностей" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2291, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 23 мая 2003 года N 150-151).

      2.  Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 15 июля 2003 года N 02-01-04/25 "О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы по вопросам государственной службы" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2413, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 2 августа 2003 года N 197).

      3.  Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 13 февраля 2004 года N 02-01-02/17 "О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 30 апреля 2003 года N 02-01-02/60 "Об утверждении Инструкции, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования кандидатов на занятие вакантных административных государственных должностей и административных государственных служащих, подлежащих аттестации", зарегистрированный за N 2291" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2709, опубликованный в "Юридической газете" от 25 февраля 2004 года N 15).

      4.  Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 апреля 2004 года N 02-01-02/42 "О внесении дополнений и изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 30 апреля 2003 года N 02-01-02/60 "Об утверждении Инструкции, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования кандидатов на занятие вакантных административных государственных должностей и административных государственных служащих, подлежащих аттестации", зарегистрированный за N 2291" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 2827, опубликованный в "Юридической газете" от 14 мая 2004 года N 38).

      5.  Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 5 мая 2005 года N 02-01-02/59 "О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 30 апреля 2003 года N 02-01-02/60 "Об утверждении Инструкции, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования кандидатов на занятие вакантных административных государственных должностей и административных государственных служащих, подлежащих аттестации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3624, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 11 мая 2005 года N 116-117).

      6.  Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 19 мая 2005 года N 02-01-02/65 "Об утверждении Правил, Программы тестирования административных государственных служащих, подлежащих аттестации, и внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы", (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 3654, опубликованный в газете "Казахстанская правда" от 2 июня 2005 года N 142-143).