"Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 02-01-02/95 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2010 жылғы 18 маусымда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6298 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 19.03.2013 № 06-7/33 бұйрығымен (бірінші рет ресми жариялағаннан бастап қолданысқа енгізіледі бірақ, 2013 жылғы 26 наурыздан ерте емес).

      Қолданушылардың назарына!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Тестілеу бағдарламаларын жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы Ереженің 9-тармағы 9) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тестілеуді өткізу ережесін, Тестілеу программаларын және Тестілеу нәтижелерінің шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы № 02-01-02/11 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5113 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 6, 2008 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеуден өткiзу ережесі:
      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      «11-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында келесідей тестердің түрлері:
      кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
      мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест қолданылады.»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тесті орындауға жіберілген уақыт – 120 минут (515 сұрақ), мемлекеттік тілді білуге арналған тестке – 20 минут, заңнамаларды білуге арналған тестке тестілеу бағдарламасына байланысты – 100 минут (130 сұрақ), 85 минут (110 сұрақ), 70 минут (90 сұрақ), 55 минут (70 сұрақ).»;
      мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
      «17-1. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында тестерді келесідей тәртіппен өтеді:
      кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест;
      мемлекеттік тілді білуге арналған тест;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тест.»;
      бұйрыққа 2-қосымшада:
      Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау және қайта даярлаудың мемлекеттiк бағдарламалары бойынша оқудан өткен, басым мамандықтар бойынша шетелдiң жоғары оқу орындарын бiтiрген; кәсiби дәрежесiн арттыру мақсатында мемлекеттiк органдар халықаралық ұйымдарға немесе басқа мемлекеттерге жұмысқа жiберген азаматтарды тестілеу программалары:
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      «5. Жергілікті мемлекеттік органдарда пилоттық екі кезеңді конкурстар өткізу барысында D-1, D-2, D-3, D-4, D-5, D-O-1, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, E-1, E-2, E-3, E-4, E-5, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-R-4, E-R-5, E-G-1, E-G-2, E-G-3 және E-G-4 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурсқа қатысушылар осы Қосымшаның 2, 3 және 4-тармақтарына сәйкес мемлекеттік тілді білуге арналған және Қазақстан Республикасы заңнамаларын білуге арналған тестілеуге, сондай-ақ кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тестілеуге (515 сұрақтар) жатады.»;
      бұйрыққа 3-қосымшада:
      Аттестациядан өтуге тиiс мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердi тестiлеу программаларында:
      1 және 2-тармақтарда «логикалық тест (10 тапсырма)» деген сөздер «кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ)» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест (515 сұрақ);»;
      бұйрыққа 4-қосымшаның 1-тармағында «Логикалық тест» деген сөздерден кейін «, кәсіби және жеке тұлғалық біліктілігі бойынша тест» деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрық 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі, 2011 жылдың 1 наурызына дейін қолданыста болады және ресми жариялануға тиіс.

      Төраға                                            Қ. Нұрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады