Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеуді өткізу ереже, тестілеу программалары және тестілеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 2291. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 02-01-02/11 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008.01.21.  N 02-01-02/11  Бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбына, кіріспесіне өзгертулер енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005.05.19. N 02-01-02/65   бұйрығымен .

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1999 жылғы 3 желтоқсандағы N 280 Жарлығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi туралы  ереженiң  9-тармағының 9) тармақшасына және 2003 жылғы 27 наурызда N 2219 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттік төрағасының "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының бекітілуі туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/27  бұйрығына  сәйкес бұйырамын:
      1. Қоса беріліп отырғандар бекітілсін:
      1) Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестiлеуден өткiзу ережесi (1 Қосымша);
      2) А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу программасы (2 Қосымша);
      3) В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-R-1 санаттарының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу программасы (3 Қосымша);
      4) А-6, А-7, В-8, В-9, С-6, С-7, С-8, С-9, С-10, С-11, C-O-4, С-O-5, С-R-2, C-R-3, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, E-3, E-4, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге тестілеу бағдарламасы (4 Қосымша);
      5)  алынып тасталды ;
      6) C-O-6, С-O-7, C-R-4, С-R-5, С-R-6, D-O-6, D-O-7, E-5, E-6,  E-R-4, E-R-5, E-R-6, E-G-3, E-G-4, E-G-5 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткерлерге тестілеу бағдарламасы (6 Қосымша);
      7) Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тестілеу нәтижелерінің шекаралық мәні (7 Қосымша).
       Ескерту. 1-тармаққа өзгертулер мен толықтырулар енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17   бұйрығымен 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42   бұйрығымен 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен .
      2. 8 Қосымшаға сәйкес Агенттік төрағасының кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы бұйрықтың" орындалуының бақылануы Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А.Көмекбаевқа жүктелсін.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17   бұйрығымен .
      4. Осы бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

      Қазақстан Республикасы      
Мемлекеттік агенттігі төрағасының 
2003 жылғы 30 сәуірдегі     
N 02-01-02/60 бұйрығына    
1-қосымша            

       Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда жазылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2005.05.19.  N 02-01-02/65  Бұйрығымен.

  Бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарға орналасуға
үмiткерлердi тестiлеуден өткiзу ережесi

  1. Жалпы ереже

      1. Тестiлеудi өткiзудің мақсаты - бос мемлекеттiк әкімшілік лауазымдарға орналасуда үмiткерлердiң (бұдан әрi - үмiткер) Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік тілді бiлуге және логикалық ойлау қабілетiне әдiл баға беру.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      2. Тестiлеуге конкурстық комиссияның шешiмi негiзiнде құжаттары қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келген үмiткерлер жiберіледi, ол жөнiнде мемлекеттiк органның кадр қызметi хабардар етедi.

      3. Тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған үмiткер, алдыңғы тестiлеу күнiнен соң үш айдан кем емес мерзiмнен кейiн, бiр және сол бағдарлама бойынша қайтадан тестiлеуден өтуге құқығы бар.

      4. Тестiлеудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгінің және аумақтық бөлiмшелерiнің тестiлеу администраторлары (бұдан әрi - администратор) өткiзедi.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi жөніндегi агенттiгімен (бұдан әрi - Агенттік) тестілеу өткiзу процесiн қамтамасыз ету үшiн басқа да мамандар тартылуы мүмкiн.

      5. Тестiлеу барысында Қазақстан Республикасының заңнамаларын, мемлекеттік тілді бiлуге арналған тесттер және логикалық тест қолданылады.
       Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      6. Тестiлеу компьютерде өткiзiледi.

      7. Тестілеудi өткiзудің әділдiгi жағдайлардың, уақыттың, нәтижелердi есептеудің, тесттердің мазмұнының стандарттылығымен, сондай-ақ администраторлардың сыбайлас жемқорлықты жiбермеу әрекеттерi туралы жазбаша шектеулердi қабылдауымен қамтамасыз етiледi.

      8. Тестiлеу 4 кезеңнен тұрады:
      1) жайда тестiлеуге және тестiлеу материалдарына дайындық;
      2) тестiлеудi өткiзу бойынша қызметшiлерге нұсқаулық;
      3) үмiткерлердің тесттерден өтуi;
      4) үмiткерлерге тестiлеу нәтижелерiн беру.

  2. Жайда тестiлеуге және тестілеу
материалдарына дайындық

      9. Тестiлеудi өткiзу кезiнде администратор үмiткерлердi нұсқаумен таныстыруға және олардың сұрақтарына жауап беруге тиiс.

      10. Тестiлеу өткiзiлетiн жай үмiткерлердің орналасуына ыңғайлы жағдайға сәйкес болуы керек. Тестiлеу уақытында үмiткерлердің сөйлесуiне және тестiлеу өткiзiліп отырған жайдан шығып кетуiне болмайды. Қабылдаушы-тапсырушы электрондық құрылғылар (оның iшiнде жеке қалта компьютерлерi және өзге де электрондық құрал-жабдықтар) тестiлеу кезiнде өшiрiлуi тиiс.

      11. Тестiлеу басталғанға дейiн администратор барлық қажеттi материалдарды дайындауы және тексеруi қажет.

  3. Тестiлеудi өткiзу бойынша үмiткерлерге нұсқаулық

      12. Тестiлеу басталар алдында, администратор үмiткерлердің тестiлеудi өткiзу жөнiндегi егжей-тегжейлi нұсқаулығын өткiзедi. Администратордың кiрiспе сөзiне тестiлеудің алдағы жөн-жосығы iрiктеу рәсiмiндегi тестiлеудің орны жөніндегі тұтастай ақпараттар кiредi.

      13. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген үмiткерлер бұл туралы тестiлеу басталғанға дейiн администраторға хабарлауы тиiс.

      14. Администратор үмiткерлердiң компьютердi пайдалануға қатысты барлық сұрақтарына жауап бередi. Содан кейiн администратор тұтастай тесттердi өтуге және жеке әр тестке бөлiнген уақытқа баса назар аудара отырып, тест жөнiндегi нұсқауды дауыстап оқиды.

      15. Нұсқаулықтың соңында үмiткерлердің сұрақ қоюларына мүмкiндiк берiледi.

      16. Администратордың барлық үмiткерлердiң тапсырманы меңгергендiгiне және өздерiн қалыпты күйде сезiніп отырғандарына көзi жетуi тиiс.

  4. Yмiткерлердің тесттерден өтуi

      17. Логикалық тестiң орындалуына жiберiлген уақыт - 20 минөт, заңнамаларды бiлуге тестке - 115 минөт (150 сұрақ), 70 минөт (90 сұрақ), мемлекеттік тілді бiлуге тестке - 20 минөт.
       Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      18. Үміткерлер тестерді мынадай тәртіппен өткізеді: логикалық тест, заңнамаларды бiлуге арналған тест, мемлекеттік тілді білуге арналған тест.
       Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      19. Тесттердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      20. Администратор тестілеу бiткеннен кейiн үмiткерлерге тестке қатысқаны үшiн рақмет айтады және конкурстық iрiктеудi өткiзудің келесi кезеңiн еске салады.

  5. Үмiткерлерге тестiлеу нәтижелерiн беру

      21. Компьютерде тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу енгiзiлген компьютерлiк бағдарлама көмегiмен автоматты түрде есептеледi. Нәтиже принтерде басып шығарылады және танысу үшiн үмiткерге берiледi. Үмiткер танысқаннан кейiн нәтижесi көрсетiлген қағазға қол қояды.

      22. Тестілеудің нәтижелерi Агенттiкте және оның аумақтық бөлiмшелерiнде бiр жыл аралығында сақталады. Тестiлеудің нәтижесi туралы ақпарат жиынтық анықтама түрiнде рәсiмделедi.
       Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      23. Тестiлеудің нәтижесi туралы жиынтық анықтама құпия сипатта болады және тиiстi мемлекеттiк органның конкурстық комиссиясына берiледi.

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері жөніндегі    
агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 30 сәуірдегі 
N 02-01-02/60 бұйрығына 
2 қосымша       

А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарына бос әкімшілік
мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді 
тестілеу программасы

       Ескерту: 2 қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003.07.15.  N 02-01-04/25 , 2005.05.05.  N 02-01-02/59 ,   2005.05.19.  N 02-01-02/65 , 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрықтарымен.

      Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын, мемлекеттік тілді білуге тестерді және логикалық тесті белгілейді.
      1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының  Президенті туралы " Конституциялық заңын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  заңын , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"  Заңды , Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  заңын , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 150 сұрақ енгізілген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Ар-намысы кодексi бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
      2. Логикалық тест адамның күрделі жұмыстарды орындаудағы ептілігін және оның интеллектуалдық мүмкіндігін сипаттайтын логикалық ойлау оперативтілік қабілеттілігін айқындайды.
      3. Мемлекеттік тілді білуге арналған тест 20 тапсырмадан тұрады.

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері жөніндегі    
агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 30 сәуірдегі 
N 02-01-02/60 бұйрығына 
3 қосымша       

В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7,   С-1, С-2, С-3,
С-4 С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3 C-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, E-1, E-2, E-R-1 санаттарына бос
әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға
үміткерлерді тестілеу программасы

       Ескерту: 3 қосымшаның атауына толықтырулар енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17   бұйрығымен 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42   бұйрығымен .
       Ескерту: 3 қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25   бұйрығымен 2005 жылғы 5 мамырдағы N 02-01-02/59  бұйрығымен 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен , 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрықтарымен.

      Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын, мемлекеттік тілді білуге тестерді және логикалық тесті белгілейді.
      1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  заңын , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"  Заңды , Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  заңын , Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) (бұдан әрi - Ар-намыс кодексi) білуге арналған 150 сұрақ енгізілген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша 40 сұраққа, қалған сұрақтар тізбесінен іріктелген нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Ар-намысы кодексi бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
      2. Логикалық тест адамның күрделі жұмыстарды орындаудағы ептілігін және оның интеллектуалдық мүмкіндігін сипаттайтын логикалық ойлау оперативтілік қабілеттілігін айқындайды.
      3. Мемлекеттік тілді білуге арналған тест 20 тапсырмадан тұрады.

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері жөніндегі    
агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 30 сәуірдегі 
N 02-01-02/60 бұйрығына 
4 қосымша       

А-6, А-7, В-8, В-9, С-6, С-7, С-8, С-9, С-10, С-11 C-O-4, С-O-5, С-R-2, C-R-3, D-4, D-5, D-O-4, D-O-5, E-3, E-4, E-R-3, E-G-1, E-G-2 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарына орналасуға үміткерлерге тестілеу
бағдарламасы

       Ескерту: 4 қосымшаның атауы жаңа редакцияда жазылды, толықтыру енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17   бұйрығымен 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42   бұйрығымен .
       Ескерту: 4 қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25   бұйрығымен ,  2005 жылғы 5 мамырдағы N 02-01-02/59  бұйрығымен 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен , 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрықтарымен.

      Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын, мемлекеттік тілді білуге тестерді және логикалық тесті белгілейді.
      1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  заңын , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"  Заңды  білуге арналған 90 сұрақ енгізілген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Ар-намысы кодексi бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.
      2. Логикалық тест адамның күрделі жұмыстарды орындаудағы ептілігін және оның интеллектуалдық мүмкіндігін сипаттайтын логикалық ойлау оперативтілік қабілеттілігін айқындайды.
      3. Мемлекеттік тілді білуге арналған тест 20 тапсырмадан тұрады.

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері жөніндегі    
агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 30 сәуірдегі 
N 02-01-02/60 бұйрығына 
5 қосымша       

D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, D-O-4, Е-1, Е-2,
E-R-1 санаттарына бос әкімшілік мемлекеттік 
лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және аттестациядан
 өтуге тиіс әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді
тестілеу программасы

       Ескерту: 5 қосымшаға толықтырулар енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25   бұйрығымен 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17   бұйрығымен .

      Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын білуге арналған тестіден тұрады.
      Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  заңын , "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"  Заңды , Қазақстан Республикасының "Әкімшілік рәсімдер туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы"  заңын , 2000 жылдың 21 қаңтардағы N 328 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы  ережелерін  білуге арналған 130 сұрақ енгізілген.
      Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізуді пайдалану кезінде сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бойынша 10 сұраққа жауап беруі қажет.      

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері жөніндегі    
агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 30 сәуірдегі 
N 02-01-02/60 бұйрығына 
6 қосымша       

C-O-6, С-O-7, C-R-4, С-R-5, С-R-6, D-O-6, D-O-7, E-5, E-6, E-R-4, E-R-5, E-R-6, E-G-3, E-G-4, E-G-5 санаттарының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға
үміткерлерге тестілеу бағдарламасы

       Ескерту: 6 қосымша жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын және мемлекеттік тілді білуге арналған тестерді белгілейді.
      1. Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тест Қазақстан Республикасының  Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  заңын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"  заңын , Ар-намыс кодексін білуге арналған 90 сұрақтан тұрады.
      Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тестілеуді өткізу кезінде пайдаланылатын сұрақтар тізбесінен іріктелген жоғарыда аталған нормативтік құқықтық актілердің әрбірі бойынша тестіленуші 20 сұраққа және Ар-намыс кодексi бойынша 10 сұраққа жауап беруі тиіс.
      2. Мемлекеттік тілді білуге арналған тест 20 тапсырмадан тұрады.

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері жөніндегі    
агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 30 сәуірдегі 
N 02-01-02/60 бұйрығына 
7 қосымша       

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға 
үміткерлерді тестілеу нәтижелерінің
 шекаралық мәні

       Ескерту: Қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 13 ақпандағы N 02-01-02/17   бұйрығымен 2004 жылғы 19 сәуірдегі N 02-01-02/42   бұйрығымен 2005 жылғы 5 мамырдағы N 02-01-02/59  бұйрығымен 2005 жылғы 19 мамырдағы N 02-01-02/65   бұйрығымен , 2007.12.10.  N 02-01-02/157  (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      1. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, В-6, В-7, С-1, С-2, С-3, С-4, С-5, С-О-1, С-О-2, С-О-3, С-R-1, D-1, D-2, D-3, D-O-1, D-O-2, D-O-3, Е-1, Е-2, E-R-1 санаттары үшін Қазақстан Республикасының заңдарын білуге арналған тесті бойынша шекаралық мәні әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшін әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 50% дұрыс жауаптардан құрылады және Қазақстан Республикасы Президентiнің 2005 жылғы 3 мамырдағы N 1567  Жарлығымен  бекiтiлген Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң ар-намыс кодексi (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi) бойынша кем дегенде 80 % барлық санаттары үшін.
      2. Логикалық тест және мемлекеттік тілді білуге арналған тест бойынша шекаралық мән белгіленбейді.

ҚР Мемлекеттік қызмет  
істері жөніндегі    
агенттігі төрағасының  
2003 жылғы 30 сәуірдегі 
N 02-01-02/60 бұйрығына 
8 қосымша       

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі төрағасының күші жойылған кейбір
бұйрықтардың тізімі

      1. 2001 жылғы 18 сәуірде N 1470 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тесттеуді өткізу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67  бұйрығы .
      2. 2001 жылғы 30 қарашада N 1686 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тесттеуді өткізу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылғы 19 қарашадағы N 02-2-4/167  бұйрығы .
      3. 2002 жылғы 28 қазанда N 2027 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының "Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тесттеуді өткізу нұсқау, тесттеу программалары және тесттеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2001 жылғы 17 сәуірдегі N 02-2-4/67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 16 қыркүйектегі N 02-2-4/128  бұйрығы .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады