Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 15 шілдедегі N 02-01-04/25 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 25 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2413. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008 жылғы 21 қаңтардағы N 02-01-02/11 Бұйрығымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының 2008.01.21.  N 02-01-02/11  Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының (2003 жылғы 9 сәуірден "Казахстанская правда" және 2003 жылғы 11 сәуірден "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған ҚР Әділет министрлігінде 2003 жылғы 27 наурыздағы N 2219 нөмірімен тіркелген) "Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарының бекітілуі туралы" 2003 жылғы 17 наурыздағы N 02-01-02/27  бұйрығына :
      Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарына:
      3-1 тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:
      "3-1. Басшылық лауазымдарға жатпайтын мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына басшылық лауазымдағы жұмыс өтілінің болуы міндетті талап емес.";
      үшінші абзацтағы 4 тармақтың 1) тармақшасы "мемлекеттік органдардағы немесе олардың құрылым бөлімшелеріндегі басшыларын және олардың орынбасарларын" деген сөзді "мемлекеттік органдардағы немесе олардың құрылымдық бөлімшелеріндегі басшыларын не болмаса олардың орынбасарларын" деп ауыстырылсын".

      2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының (2003 жылғы 23 мамырдағы "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерінде жарияланған ҚР Әділет министрлігінде 2003 жылғы 21 мамырдағы N 2291 нөмірімен тіркелген) "Мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді және аттестациядан өтуге тиісті болған мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді тестілеуден өткізу Нұсқауын, Тестілеу программасын және Тестілеу нәтижесінің шекаралық мәнін бекіту туралы" 2003 жылғы 30 сәуірдегі N 02-01-02/60  бұйрығына :

      осы бұйрықтың 1 Қосымшасына:
      19-тармақ мынадай редакцияда жариялансын:
      "Логикалық тестілеуді орындауға жіберілген толық уақыт - 25 минут, заңнаманы білуге - (150 сұраққа) 115 минут, (130 сұраққа) 100 минут немесе (90 сұраққа) 70 минут";

      осы бұйрықтың 2 Қосымшасына:
      бірінші абзацтың 1-тармағына:
      "130 сұрақтар" деген сөзді "150 сұрақтар" ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңды " деген сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы"  Заңды " деп толықтырылсын;

      осы бұйрықтың 3 Қосымшасына:
      бірінші абзацтың 1-тармағына:
      "130 сұрақтар" деген сөзді "150 сұрақтар" ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңды " деген сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы"  Заңды " деп толықтырылсын;

      осы бұйрықтың 4 Қосымшасына:
      бірінші абзацтың 1-тармағына:
      "70 сұрақтар" деген сөзді "90 сұрақтар" ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңды " деген сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы"  Заңды " деп толықтырылсын;

      осы бұйрықтың 5 Қосымшасына:
      екінші абзацта:
      "110 сұрақтар" деген сөзді "130 сұрақтар" ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңды " деген сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы"  Заңды " деп толықтырылсын;

      осы бұйрықтың 6 Қосымшасына:
      екінші абзацта:
      "70 сұрақтар" деген сөзді "90 сұрақтар" ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"  Заңды "
деген сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы"  Заңды " деп толықтырылсын;

      2. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеуге алынғаннан кейін өз күшіне енеді.

       Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады